|
|||
ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. Мейірбике рөліЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
- лейкопения болуы мүмкін; Мейірбике рөлі Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері:демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету; 1) Кеуде торының ауруы - Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда: ·Дәрігерге айту ·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу ·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз ·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру ·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек ·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек. 2) Ентігудеп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз. Ентігудің 3 түрі бар: - инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі. - экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер). - аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс). ·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз ·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз ·Палатада тыныштық орнатыңыз ·Науқасты тыныштандырыңыз ·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы 3) Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды. Астманың бірнеше түрі бар: А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)
|
|||
|