Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Белгілері. ршу кезеңдерінің дәрежелері



Белгілері

Өршу кезеңдерінің дәрежелері

Жеңіл Орташа ауыр Ауыр Өмірге қауіпті жағдай
Физикалық белсенділік Сақталған Шектелген Төмен Сақталмаған
Есі Анық, кейде қозу болады Қозу Қозу, қорқу Бұзылған, коматозды жағдай
Сөйлеу қабілеті Сөйлемдермен жауап береді Қысқа сөйлемдер мен жауап береді Сөздермен жауап береді Сөйлемейді
Экспираторлы ентігу Жүргенде  Сөйлегенде Отырған кездеде, науқас мәжбүрлі жағдайда Тынысы жоқ
ТАЖ  (1 минутта)  Тахипноэ 24 дейін Тахипноэ 30 дейін Тахипноэ 30 жиі Брадипноэ
Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы Қатыспайды Қатысады Айқын көрінеді Парадоксальды торакодиафрагмалды тыныс (іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішке тартылуы)
Өкпе аускультациясы Ысқырықты тыныс тыныс шығару сонында Ысқырықты тыныс тыныс шығаруда естіледі Ысқырықты тыныс тыныс алу да тыныс шығару фазаларында Тынысы жоқ  
ЖСЖ  (1 минутта) 100- ге дейін 100 – 120 120-дан жиі <55
Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы % (ПСВ)(қалыпты жағдайдан) >80% 60 – 80% < 60 % <33%

 

 

           Ауыр ұстама кезінде балада көрініс беретін белгілер:

· Айқын ентігу-бала әзер сөйлейді,тамақ жей алмайды.

· ТАЖ минутына 50 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда минутына 40 тан көп\

· ЖСЖ минутына 140 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда 120 реттен көп.

· Парадоксальды пульс

· Тыныс алғанда қосымша бұлшық еттердің жұмысқа кірісуі.Балаларда ол тыныс алғанда мұрын қанатшаларының керілуімен көрініс береді.

· Ортопноэ жағдайы,бала жатқысы келмейді.

· Мойын веналарының ісінуі.

· Тері жамылғысы боз.

· Мұрын-ерін үшбұрыштарында цианоз жіне акроцианоз анықталады.

· Аускультацияда:өкпенің барлық аймақтарында құрғақ сырылдар естіледі.Ерте жастағы балаларда әртүрлі калибердегі ылғалды сырылдар естіледі.

Оны ылғалды астма деп атайды.

Тыныс шығарудың көлемдік жылдамдығының шыңы жасқа сәйкес қалыпты нормадан 50% аз.

Диагностикасы

Бронх демікпесінің алдын ала диагнозы-мақсатты дұрыс жиналған анамнез болып табылады.

Шағымдар мен анамнез:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары фонында: «үй кенесі» секілді аллергендермен немесе жануар тектес аллергендермен қатынаста, таңертеңгі немесе түнгі уақытта физикалық жүктемелерден кейін (əсіресе суық мезгілде);
- эпизодтық экспираторлық ентікпе;
- ысқырықтық сырылдар;
- көкіректегі қысылулар;
- құрғақ жөтел болуы мүмкін, бірақ жиірек сілемейлі қақырық болады;
- қиындаған ысқырмалы тыныс ұстамалары;
- тұншығу ұстамалары, əсіресе түнде, ентікпемен қоса құрғақ сырылдар.
- аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік;
- тұқымқуалаушылықты анықтау;

- науқас нəрестеде аллергиялық генездегі қосарланған аурулар анықталады (атопиялық дерматит, есекжем, Квинке ісінуі жəне т.б).

Физикалық тексеру:

1. Демікпенің белгілері немесе демікпемен үйлесетін белгілер:

• қайталанатын (ең азы 3 рет) экспираторлық ентігу;

• экспираторлы ысқырықты дем немесе ұзақ мерзімді (> 6 недель) рекуррентті жөтелі. Диспноэсіз жөтелу ажыратпалы нақтама қою үшін мұқият нақтамалануы керек;

• гистамин немесе метахолинге бронхиалды гиперсезімталдыққа провакациялық тесті;

• кішкентай балаларда тыныс алу жолдарының қабыну кезінде, аллергендер немесе жүктеме кезінде экспираторлы ысқырықты дем;

• Е иммуноглобулинін анықтау.

2. Басқа себептердің (синусит, бронхит, бронхиолит, көкжөтел, трахеялар, бронхтар, көмейдің констрикциясы немесе маляциясы, эзофагеалды рефлюкс, бөгде дене, бронхоэкстаздары, несеп қуығының фиброзы, психогендік этиология) балалар жөтелінің немесе респираторлық аурулардың болмауы.

Егер аталған критерийлер кездессе, демікпе диагнозы қойыла алады.

Инструменталдық зерттеулер:
Аурудың ұзақ ағымы кезінде тыныс алу жүйесі\ тарапынан пневмосклероз, эмфизема жəне басқа секілді асқынулар болуы мүмкін, бұл асқынуларды анықтау мақсатында көкірек клеткасының рентгенографиясы көрсетілген (рентгенологиялық сурет - өкпелік суртеттің күшеюі; сирек жағдайда оң өкпенің орта бөлігіндегі ателектаздар немесе кейде пневмониямен шатастыратын кішірек сегментарлық ателектаздар). Өршу кезеңінде өкпелік тіннің эмфиземалық ісіну белгілері, көкеттің қалыңдауы, қабырғалардың горизонтаольді орналасуы жəне өзге бронх обструкциясының белгілері тəн.
Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу – спирометрия бронх демікпесі кезіндегі аса маңызды обструкция дəрежесін жəне обструкция қайтымдылығын анықтайды.
Пикфлоуметрия – тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының мониторингі, бронх демікпесінің жағдайы жəне ауырлық ағымының тұрақтылық көрсеткіші.


 

 

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:ЛОР, стоматолог – инфекция ошағын санациялау үшін.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Педиатрдың қабылдауы.

2. Жалпы қан анализі (6 параметр ).

3. Пикфлоуметрия.

4. Сыртқы дем алу қыземтін өлшеу.

5. Аллерголог консультациясы.

6. Спецификалық иммундық емдеумен (аллергендермен) спецификалық нақтамалау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Бронхоскопия.

3. Бронхография.

4. Кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлік томографиясы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.