Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.



Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтелкезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырықбұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады.

 

Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.