Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бронхит. Пневмония. Бронхиальды астма. Бронхоэктатикалық ауруы. кпе артерияларының тромбоэмбалиясы. Плеврит



· Бронхит

· Пневмония

· Бронхиальды астма

· ХОБЛ

· Бронхоэктатикалық ауруы

· Өкпе артерияларының тромбоэмбалиясы

· Плеврит

· Асфиксия

· Ателектаз

· Бронхоспазм

Ақпарат көзі:(http://narmed.ru)

Осы аурулар арасында балалар арасында ең жиі кездесетіні-бронхиальды астма.

 Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуымен және ұзақтығы мен интенсивтілігі әртүрлі ысқырықты тыныстың респираторлы белгілерімен, ентігумен, кеудеде қысып тұру сезімімен немесе жөтелмен көрінетін, тыныс алу жолдарының обструкциясымен ұштасатын гетерогенді ауру. Балалардағы бронх демікпесі ерте жастан басталғанына қарамастан ересек жасқа дейін жалғасатын аллергиялық ауру.Балаларда үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады.

Жіктемесі:

1. Ауырлығы бойынша: интермитирлейтін, жеңіл персистирлейтін, орта ауырлықты персистирлейтін, ауыр персистирлейтін;

2. Ағым фазасы бойынша: өршу, бəсеңдеген өршу, оңалу.

 

1 саты: Интермиттирлеуші БД симптомдары:

 аптасына 1 реттен сирек пайда болады өршуі қысқа түнгі симптомдар айына 2 реттен жиі емес

2 саты: Жеңіл перситирлеуші БД симптомдары:

 аптасына 1 рет пайда болады, бірақ сирек күніне 1 реттен өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар жиі айына 2 реттен 

3 саты: Персистирлеуші БД орта дәрежелі ауырлықта симптомдары: күнделікті пайда болады өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар аптасынан 1 реттен көп қысқа уақытты ингаляциялық бета 2-адреностимуляторларды күнделікті қолдану

4 сатысы: ауыр персистирлеуші БД симптомдары:

 күнделікті пайда болады ,өршуі жиі жиі түнгі симптомдар ,физикалық белсенділіктің шектелуі .

Этиологиясы:

 А) Бейімдеуші факторлар:

1.Тұқымқуалаушылық;

2.Атопия;

3. Бронхтардыңгиперактивтілігі;

Тұқымқуалаушылық-бұл туралы ір түрлі түрі бар,бірақ нақты анықталмаған.Қазіргі кезде негізгі түрі полигендік тұқымқуалаушылық болып есептеледі.

Атопия-бұл аллергендерге ағзаның IgE-ні(иммуноглобулин Е)көп мөлшерде бөлу қасиеті.Және бұл науқас балалардың 70-80 %-ында диагностикаланады.

Бронхтардың жоғары реактивтілігі -бронх демікпесі бар науқастарда бронхтардың күшейтілген жауабы.

Б)Астма дамуына әкелетін факторлар:

-тұрмыстық аллергендер

-паразиттік аллерген,

- саңырауқұлақтық аллерген,

- тағамдық аллерген,

- дәрі-дәрмектер,

- химиялық заттар.

 

Тұрмыстық аллергендер- Тұрмыстық аллергендердің ішінде ең басты рөлді шаң кенелері алады.Кенедегі аллергендер терісінде сақталады.Кенелер кілемде,маталарда,төсек жаймаларда,үй аяқ-киімінде,плинтус астында,жұмсақ ойыншықтарда болады.Олар 22-26°C температурада өсіп өнеді.Аллергиялық тексерулер барысында бронхиалды астмамен ауыратын балалардың 73,5-91,0%ы осы кенелер түрлерінен болатындығы анықталған.Кенелер әсерінен болған астма күз-көктем айларында ,әсіресе түнде жағдайдың нашарлауымен сипатталады.Себебі:осы уақытта үйдегі шаң кенелер мөлшері де көп болады.

Паразиттік аллерген- негізгі көздері жүн, қауырсындар, қайызғақ, ұлы дәретті, сілекей түрлі жануарлар (мысықтар, иттер, шошқа, атжалмандар және басқа да кеміргіштердің, құстар, қоян, жылқы, қой, т.б.) және жәндіктер (болуы мүмкін тарақандар). Балалардағы астманы қоздыратын жиі фактор аквариумдағы балыққа(дафнииге) арналған құрғақ азық болып табылады.

Саңырауқұлақтық аллерген- зең және ашытқы саңырауқұлақтарынан балалардың 2/3бронх демікпесі шалдығады. Бронхиалды астма осы түрден пайда болған балаларды ауасы дұрыс желдетілмеген бөлмеде немесе ылғалды жерде ұстаса жағдайының нашарлауы байқалады.

Дәрі-дәрмектер:

Астмамен ауыратын балаларда аллергия туғызатын дәрілік препараттардың әсерінен тұншығу ұстамалары болуы мүмкін.Олардың ішіне:пенициллин тобының антибиотиктері, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин және басқа да қабынуға қарсы препараттар жатады.

 Химиялық заттар:

Аллергия туғызатын химиялық заттар:хром, никель, марганец, формальдегид болып табылады.Атмосфераның техногенді әсерінен шаң-тозаңтың құрылымы өзгеріп отырады.

Астманың клиникалық белгілері:

1Құрғақ жөтел-жөтел көбіне түнгі уақытта болады.

2.Тыныс жетіспеушілік

3. Ысқырықты сырылдар,

4.Тыныс шығарудың қиындауы,

5. Қақырық тастау

 

Жөтел– түнгі уақытта басталып; кейін ұстамалыға айналады.

Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, мөлдір шыны тәрізді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.

Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.

Балалардағы ерекшелігі:

· Ерте жастағы балаларда ұстама көрінісі түнде және таңғы уақыттарда жөтелдің

болуымен сипатталады.Бала осы жөтелден оянып кетеді.

· Бронхолитиктер қайталана беретін бронхообструкция кезінде тиімді нәтиже береді.

· Аллергиялық ринит және атопиялық дерматитпен қатар жүруі мүмкін.

· Баланы қарағанда аускультативті белгілер болмауы да мүмкін.

· Ұстама болмаған жағдайда сырылдар естілмейді.

            Клиникалық классификациясы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.