Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ

мемлекеттік биліктін бірден-бір қайнар көзі

Билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады және де өз билігінің іске асырылуын мемлекеттік органдарға жүктейді

ҚР Конституциялық Кеңесі (конституциялык қадағалау және Конституцияның нормаларына ресми  түсіндірме береді)

ҚР Президенті - мемлекеттің басшысы                

(Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді)

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін                                                                   органдар (Заңдарға және Президенттің тапсырмаларына сәйкес жеке атқарушы қызметін жүзеге асырады)
 

Президентке қарамағындағы

консультациялық-  қеңесші  органдары

(Президенттің конституциялық қызметтерін жүзеге асыруына көмектеседі)

Бас прокуратурасы, Ұлтық Қауіпсіздіқ Комитеті, ҚР Президентінің күзет қызметі, Президенттің іс жүргізу басқармасы, Республикалық Улан ж.б.

Сот органдары

(Cот төрелігін жүзеге асырады)

ҚР Парламенті (ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілетті органы)   ҚР Үкіметі (атқарушы билікті жүзеге асырады)  
       

 

Жоғарғы Сот, облыстык, аудан-аралық, аудандык (қалалық) және соларға теңелген соттар 

 

       Сенат («жоғарғы» палатасы)

Министерліктер, агенттіктер, комитеттер олардың аумақтық органдары

     Мәжіліс («төменгі» палатасы)  

 

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

 

Мәслихаттар (Жергілікті өкілетті органдар)   Әкімшілік (Жергілікті атқарушы органдар)

11 ҚР ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ

 

11.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі

Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді

Бюджеттәк құқық, мемлекеттік бюджетті қүру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.

Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тәнайрықша белгілері болады:

1) Бұл 0атынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады;

2) Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

3) Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;

4) Бұл қатынастар ақша түріндегі құннің бір жақты қозғалысын білдіреді;

5) Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады;

6) Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастары құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады: 

1) Мемлекеттік - өктем императивтік әдіс; 2) Қаржылық – шартты диспозитивтік әдіс;

2 Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері. ҚР валюталық реттеудің 

негіздері.

3. Мемлекеттіқ қаржы жүйесі және қаржы органдары. ҚР Бюджет заңдары.

ҚР бюджет жүйесі.

 

 

12 ҚР САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

12.1 Салық құқығының түсінігі, пәні, әдістері

Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заі жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта,жеке және заңды тұлғалардын міндетті түрде қайтарылайтын және ақысыз негізінде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар жеке және заңды

тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.

Салық құқығы дегеніміз салықтық қатынастарды реттейтін заң нормалардың жиынтығы.

ҚР Салықтық құқық дегеніміз жеке және заңды тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салықтық құқықтың пәні - мемлекеттіің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Салық қатынастар салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, еңгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Салықтық құқық дегеніміз - мемлекеттің салық саясатының негізін айқындай отырып оның салықтық құрылымы мен салық жүйесін бекітетін және салықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін белгілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемелерді орындау, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдар және т.б. барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.

Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді. Материалдық салықтық қатынастар өздерінің мынадай:

- мемлекет болмысының мызғымас берік іргетасын материалдық негізін қалаушы қатынастар;

- жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын қатынастар;

- мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базистік қатынастар;

- мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік құқығының алмасуын, мемлекет меншігіне айналуын көрсететін қатынастар;

- мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық қатынастар сипатындағы айрықша қаржылық қатынастар;

- ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) құнның біржақты қозғалысын білдіретін қатынастар;

- салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне орай жекелей-айқындалған қатынастар;

- көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын қатынастар;

- тек құқықтық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен ерекшелінеді;

Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:

- салық салу саласында жүргізілетін фискалдық мониторингке қатысты;

- мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың тиісінше қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;

- материалдық салықтық қатынастардың ойдағыдай қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;

- салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қолдануға байланысты;

- мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстарға қатысты;

- мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен болжамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың тиімділігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.

Сонымен, салық деп, мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде ҚР немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлемді айтамыз.

ҚР аумағында алынатын салықтардың келесідей түрлері бар, олар:

1) корпорациялық табыс салығы; 2) жекелей табыс салығы;

3) қосылған құн салынатын салық; 4) акциздер;

5) жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;

6) әлеуметтік салық; 7) жер салығы; 8) көлік құралдары салығы; 9) мүлік салығы.

   Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты - бағдарлы, біршама-эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.

ҚР алымдардың мынадай түрлері бар:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;

2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;

3) жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін;

4) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін;

5) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;

6) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;

7) азаматтық әуе кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;

8) дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін;

9) автокөлік құралдарының ҚР арқылы жүріп өткені үшін;10) елтаңбалық алым;

11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

12) телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынады.

Баж - арнайы мамандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші - келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама - эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер.

Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінетіндіктен, бірақ жалпы сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиеттер ретінде мына келесідей белгілерін көрсетеміз:

ҚР мемлекеттік баждармен қатар маусымдық, демпинге қарсы, өтемдік, арнаулы баждар алынады.

Төлемақы - мелекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды және жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.

ҚР төлемақылар:

1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;

2) жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;

3) қоршаған ортаны ластағаны үшін; 4) жануарлар дүниесін ластағаны үшін;

5) орманды пайдаланғаны үшін;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;

7) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

8) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

9) сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

12.2 Салық құқықтың қайнар көздеріҚР салық заңнамасы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы ҚР Конституциясына

негізделеді, ҚР Салық кодекстен, сондай-ақ қабылдануы ҚР Салық кодекске көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

ҚР Салық кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

ҚР Салық кодекс пен ҚР басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында ҚР Салық кодекстің нормалары қолданылады ҚР Салық кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.

Егер ҚР ратификациялаған халықаралық шартта ҚР Салық кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

ҚР салық заңнамасы ҚР бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, ҚР Салық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ҚР заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

12.3 Салық құқықтың қағидалары

ҚР салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және ҚР салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

ҚР салық заңнамасының ережелері ҚР Салық кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

Салық салудың міндеттілігі қағидасы

Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті ҚР салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындылығы қағидасы

ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің ҚР салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

Салық салудың әділдігі қағидасы

ҚР салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық жүйесінің біртұтастығы қағидасы

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

ҚР салық заңнамасының жариялылығы қағидасы

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

13 ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

10.1 Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні және қағидалары

Экология (грекше oikos - үй, мекен, logos - ғылым, ілім) - жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Алғаш рет бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель енгізген болатын. Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.

«ҚР экологиялық құқық» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқығының қағидаттары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.

Айналадағы табиғи ортаның жай күйіне ықпал ететін шаруашылық, басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктер мен ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай қағидаттарда жүзеге асыруын қарастырған:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету;

- қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделерін соңғысына басымдылық бере отырып, ғылыми тұрғыдан негіздеп ұштастыру;

- табиғатты жалпы тегін пайдалану;

- табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;

- табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу;

- айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадығы табиғи ортаға зиянды зардаптар жасылуын шектеу;

- айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау, оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау т.б.

10.2 Экологиялық құқықтың заңнамасы

ҚР экологиялық заңнамасы ҚР Конституциясына негiзделедi және ҚР Экологиялық кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер ҚР ратификациялаған халықаралық шартта ҚР Экологиялық кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
 ҚР Экологиялық кодекс пен ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, ҚР Экологиялық кодекстiң ережелерi қолданылады.
Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар ҚР Экологиялық кодексте реттелмеген бөлiгiнде ҚР арнаулы заңдарымен реттеледi.
ҚР Экологиялық кодексте ҚР аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.
Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар ҚР Экологиялық кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.
                           10.3 Экологиялық құқықбұзушылықтар

 Экология заңдарын бұзу - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Табиғи ортаға зиян келтіру - табиғи объектілеріне, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.

Экологиялық тәртіпті бұзудың 4 белгісі бар: тәртіпті бұзушының кінәсі, заңға қарсы бағыт, заңды бұзудан келген зиянның себепті байланысы, табиғи ортаға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян немесе ондай залалдың сөзсіз болу қаупі. Тәртіп бұзушының кінәсі қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады. Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа бөлуге болады:

1 топқа - табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алуға - сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға және осы сияқты жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

2 топқа - жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек кездесетін ладшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғи ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер, өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзгеде ұтымсыз пайдалану әрекеті мен әрекетсіздіктер жатады.

3 топқа- адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін заң бұзушылықтарының түрлері жатады.

Экологиялық қылмыс - ҚР айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе айналадағы табиғи ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ экологиялық залал келтіретін қылмыстық заңда көзделген өзге де қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық-экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсыз жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әректсіздік.

Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі 2 шарты бар:

1)    ондай заңдарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген болуы керек;

2) ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпауы керек.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан болады.

Экологиялық материалдық жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әрекетсіздіктің салдарынан меншік иесіне, иемденушілері мен пайдаланушыларына келтірілген зиянды өтеу. Экологиялық заңдарды бұзып, табиғат ресурстарына, адамдардың өмірі мен мүлкіне келтірілген материалдық зиянды өтеу кінәлі адамдардың қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылуы немесе тартылмауына байланысты болмайды.

Жер заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, материалдық тәртіптік жауаптылықтардан басқа)- жер заңдарының талаптарын, ережелерін қасақана немесе абайсыздықтан бұзу арқылы жасалатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Кен пайдаланушылар, кен өндіру бөлігі актісінің немесе шартының ережелері бұзылған, жер қойнауын пайдаланудың және оны қорғаудың ережелері бұзылған реттерде, жер қойнауы пайдалануға берілген күннен бастап 2 жыл бойы пайдаланылмаса, кен пайдалу құқығы тоқтатылады.

14 ҚР ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

14.1. ҚР Жер құқығының түсінігі

ҚР Жер құқығы - жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын ҚР құқығының дербес саласы. Жер- табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада “жер” түсінігі бүкіл жер планетасын оның барлық құрамдас бөліктерімен бірге қамтиды, тар мағынада -тек жердің үстіңгі қабатын, су қоймаларының астындағы жерлердің бетін және басқа да құрамдас элементтерді білдіреді. Жер- бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі. Алайда бұл анықтама жердің заңды түсінігін ашпайды. 2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексі бойынша жер- бұл ҚР егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

14.2 Жерге меншік құқығының нысандары

ҚР жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік құқығының субъектілері болып мыналар табылады:

1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі- Қазақстан Республикасы;

2) ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі- азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл жағдайда, Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп ҚР азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар түсініледі.

ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншікте болмайтын жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін. ҚР азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салу үшін берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері

Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар - бұл меншік құқығының мазмұнын құрайды.

Жер учаскесіне меншік құқығы:

- меншік құқығын табыстау;

- меншік құқығын беру;

- меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Мұндай жағдайларда жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

Жер учаскесіне меншік құқығы, сондай-ақ:

- мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде;

- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;

- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

ҚР Жер кодексінің 4-тарауы «Жер пайдалану құқығы» деп аталады. Жер пайдалану құқығы-заттық құқық болып табылады, Жер Кодексі мен заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, бұған меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Жер пайдалану құқығының түрлері:

- тұрақты;

- уақытша;

- иеліктен шығарылатын;

- иеліктен шығарылмайтын;

- өтеулі алынатын;

- өтеусіз алынатын;

Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығының субъектілері мыналар:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық және шетелдік;

3) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі;

Сервитут- бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникациялар тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттіктер үшін пайдалану құқығы.

ҚР Жер кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немес жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.

Сервитут, яғни бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы мына жағдайларда туындайды:

1) тікелей нормативтік актіден;

2) мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;

3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

4) сот шешімінің негізінде;

5) ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайларда;

Жер кадастры дегеніміз- жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрадас бөлігі. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. 

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау, және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

Жер құқығы - жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының дербес саласы. Жер- табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.