|
|||||||||||||||||
Р Қылмыстық құқықтын мақсаттары (міндеттері)8.3 ҚР Қылмыстық құқықтын мақсаттары (міндеттері) ҚР Қылмыстық кодекстiң 2 бабына сәйқес ҚР қылмыстық құқықтың мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн ҚР Қылмыстық кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi. 8.4 ҚР Қылмыстық құқықтын қағидалары 1. Заңдылық; 2. Заң алдында азаматтардың теңдіғі 3. Жеке жаупкершілік; 4. Әділдік 5. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану 6. Демократизм; 7. Гуманизм 8.5 Қылмыс ұғымы, белгілері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Қылмыс дегеніміз – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте жазалау қатермен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауыпты әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыс белгілері: 1. Қоғамға қауіптілігі; 2. Заңға қайшылығы; 3. Айыптылығы; 4. Жазаланатындығы Қылмыс құрамының төрт элементі бар: - Қылмыс объектісі; - Қылмыстың объективтык жағы; - Қылмыс субъектісі; - Қылмыстың субъективтык жағы Қылмыстарды жіктеу: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 10-бабына қөрсетілгендей қылмыс сипаты мен қауыптылык дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлінеді: онша ауыр емес ауырлығы орташа ауыр және өте ауыр қылмыстарға жіктеледі: 1. Қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi. 2. Жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады. 3. Жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады. 4. Жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады. 5. Жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.
|
|||||||||||||||||
|