Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р ҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



6 ҚР ҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

6.1 ҚР Еңбек құқығының ұғымы, пәні және әдістері

Еңбек құқығы дегеніміз - жұмысшылардің еңбек қатынастарың және еңбекті қолданнуға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол бірлескен еңбек әрекетіндегі жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегіне, сондай-ақ жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жекелеген азаматтардың еңбегіне байланысты туындайтын коғамдық ұатынастарды реттейдіы

Құқықтын бұл саласы азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің қөлемі мен нысыны, еңбекті қорғаудағы міндетті ережелер, еңбек дауларың қараудың тәртібі және басқа да жайларды айқындайды.

Еңбек құқығының пәні - еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті үйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке үйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдык қатынастарды құрайды.

ҚР еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеудін төрт негізгі әдісі пайдаланады:

1) Еңбектік-құқықтық қатынастардың шарттық түрде ғана пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы;

2)Еңбек қатынастарың реттеуде еңбек ұжымдарын және қәсіподақ үйымдарын қатыстыру;

3) Өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудін ерекше тәртібі;

4) Еңбек жағдайларын орталықтан мемлекттік реттеу мен жергілікті жерде яғни сол қәсіпорын мекеме үйымның ішіндеғі ережелермен реттеуді үйлестіру әдісі.

6.2 Еңбек құқығының қайнар көздері

ҚР Еңбек кодексі

Заңдар («Кәсіптік одақтар туралы»; «Ұжымдык шарт туралы»; «Еңбекті корғау туралы» және ҚР Президентінің заңды күші бар жарлықтары

ҚР Ұкіметінің каулылары

ҚР Конституциялық Кенесінің және Жорғарғы Сотының нормативтык қаулылары

Министрлыктер мен ведомстволардың нормативтык құқықтық актілері



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.