Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



8 ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

8.1 ҚР Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері

Қылмыстық құқық заңшығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,    

қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудын тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардын жиынтығы.

Қылмыстық құқық дегеніміз қылмысқер мен мемлекет арасындағы қоғамдық қарым - қатынастарын реттейтін жеке құқық саласы.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

8.2 ҚР Қылмыстық құқығының қайнар көздері

  Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) 1 – бабында қөрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар қөзі болып табылады.. Ешқандай да сот прецеденті,  

әдет-ғұрып т.б. да актілер қылмыстық құқықтың қайнар қөзі бола алмайды   

Қылмыстық жауаптылықты қөздейтін өзге заңдар оларды ҚР Қылмыстық Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс.

ҚР Қылмыстық кодекс ҚР Конституциясына және халықаралық құқықтың

жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. ҚР Қылмыстык кодекс пен ҚР Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. ҚР ҚК конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың ҚР Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ҚР қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар ҚР ҚК алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.