Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар



5.5 Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар

Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:

1) ақыл-есi дұрыс, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі (ӘҚБтК) бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;

2) заңды тұлға.

Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

 

 

5 ҚР ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

5.1 ҚР Отбасылық құқығының ұғымы, пәні және әдістері

Неке дегеніміз ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жек қатынстардыы туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.   

Туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктіқ емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қаынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар

Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері:

Ерлі-зайыптылар

Балалар

Басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары

Заңмен белгіленген басқа да адамдар

Отбасылық құқыының объектілері.

Отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар

Некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою

Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.

5.2 ҚР неке-отбасы заңнамасының негіздері

1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.

3. Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.

Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.

4. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде және отбасылық қатынастарда шығу тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі немесе діни көзқарасы немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.

5.3 ҚР неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар

ҚР неке-отбасы заңнамасы:

1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал ҚР неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;

2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;

3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;

5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

5.4 ҚР неке-отбасы заңнамасы

ҚР неке-отбасы заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі

ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер ҚР ратификациялаған халықаралық шартта ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі.

өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

ҚР азаматтық заңнамасын неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына қолдану

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі3 б. аталған, ҚР неке-отбасы заңнамасымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға ҚР азаматтық заңнамасы қолданылады, өйткені бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарының мәніне қайшы келмейді.

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі 3 б.көзделген қатынастар ҚР заңнамасымен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін (заң ұқсастығы) ҚР неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері ҚР неке-отбасы немесе азаматтық заңнамасының жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып, сондай-ақ заңның уақытқа, кеңістікке және адамдар тобы бойынша қолданылу қағидаттары сақтала отырып, айқындалады.

5.5 Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру

Егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздеріне тиесілі құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады.

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен міндеттердің орындалуы отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сот жүзеге асырады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде және осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

Бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына жүгіну құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге кедергi жасамайды.

Бұзылған құқықты қорғау мерзімі, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, талап арыздың ескіруі неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды.

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын дауларды қараған кезде, талап арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде сот ҚР Азаматтық кодексінің нормаларын басшылыққа алады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.