Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кафедра Педиатрия-1 5 страница



<variant> қуық-несепағар рефлюксы фонындағы екіншілік созылмалы пиелонефрит

<variant> бүйрек дамуының аномалиялары фонындағы екіншілік созылмалы пиелонефрит

<variant> созылмалы бүйрек жетімсіздігі, II дәрежелі

<variant> жекеленген зәрлік синдромды жіті гломерулонефрит

<variant> созылмалы гломерулонефрит, нефритикалық синдром

<question> Қабылдауда 9 жастағы қыз бала әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, соңғы 2 күнде дене қызуының фебрильді санға дейін жоғарылауына, омыртқаның бел аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Дене қызуының жоғарылауына байланысты парацетамол қабылдаған. Анамнезінен: жиі ЖРВИ, анасында созылмалы пиелонефрит. Қарау кезінде интоксикация симптомдарына байланысты, жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары боз, қабағы ісінген, көз астында «көлеңкелер», зәр шығаруы ауырсынумен. Ұрғылау симптомы екі жағынан да оң. Қан талдауында: гемоглобин - 124 г/л, ТК - 0,85, лейкоциттер - 10,8x109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер - 2%, сегментядролы нейтрофилдер - 63%, эозинофилдер - 3%, моноциттер- 5%, лимфоциттер - 27%. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 15 мм/сағ, ЭТЖ- 26 мм/сағ. Зәр талдауында үлес салмағы - 1010, белок - 0,048, лейкоциттер- көп(сплошь), эритроциттер - 0, эпителий ++, шырыш ++. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Біріншілік пиелонефрит, белсенді

<variant> Біріншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті

<variant> Екіншілік пиелонефрит, белсенді

<variant> Екіншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті

<variant> Созылмалы пиелонефрит, белсенді

<question> Салқын өзенге түскеннен кейін қыз балада ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жиі және ауырсынулы зәрге отыруға шағымданады. Ісік, гипертензия жоқ. Зәрде белок жоқ, лейкоцитурия, эритроциты жаңа, жалпақ эпителий. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Жедел цистит

<variant> Жедел постстрептококкты гломерулонефрит

<variant> Жедел гломерулонефрит жекеленген несеп синдромы

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Вульвит

<question> 2,5 жастағы қыз шағымдары: аз порциямен жиі дәрет, ауру сезімді. Екі күн алдын ЖРВИ мен ауырған. Зәр анализі лайлы нәруыз 0,058 г/л, эпителий 10-12 к.а лейкоциттер 15-18 к.а. эритроциттер жаңа/8-10 к.а. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> зәр шығару жолдарының инфекциясы. Жедел цистит

<variant> жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром

<variant> майлы нефроз

<variant> созылмалы цистит

<variant> дизметоболикалық нефропатия

<question> Қыз бала 7 жаста.Оң жақ бел аймағындағы ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды. Қағу симптомы екі жақты оң мәнді. Зәр анализінде: ақуыз 0,03 г/л, эпителий 8-9 к.а., лейкоциттер 20­ -22 к.а., эр. 1-2 к.а. Нечипоренко сынамасы: лейк. 18.000, эр. 1200 в мл. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> созылмалы пиелонефрит

<variant> жедел гломерулонефрит

<variant> созылмалы гломерулонефрит

<variant> интерстициальді нефрит

<variant> созылмалы цистит

<question> 10 жасар қыз бала, жедел ауырған. Дене температурасының 38С жоғарылауы, бүйрек аймағының ауырсынуы, бас ауруы, жүрек айну, әлсіздік, қабағының ісінуі байқалған. Амбулаторлы грипп диагнозымен емделген. Емнен кейін жағдайы аздап жақсарған, бірақ қыз әлсіздікке, бас айналуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 2 жыл бұрын зәр талдауында лейкоцитурия байқалған. Тері жамылғысы бозарған, субфебрильді температура. АҚ 100/70 мм.сын.бағ. ЖҚА: Нв-136 г/л, Эр-4,08х1012/л, ЭТЖ-13 мм/сағ, Л-8,2х109/л, э-3, с-68, л-21, м-6. ЖЗА: белок-0,21г/л, Л-20-28 к/а. Эр-0-1 к/а. Зимницкий сынамасы бойынша - тығыздық 1011-1015. Экскреторлы урография- тостағанша-табақша жүйесінің деформациясы, әсіресе оң жақта, оң жақ бүйректің нефроптозы. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> екіншілік созылмалы пиелонефрит, бүйрек қызметінің бұзылысымен, өршу кезеңі, оң жақ нефроптозы

<variant> екіншілік жедел пиелонефрит, бүйрек қызметі бұзылған, нефроптоз

<variant> біріншілік жедел пиелонефрит, өршу кезеңі, бүйрек қызметі сақталған

<variant> біріншілік созылмалы пиелонефрит, өршу кезеңі, бүйрек қызметі бұзылған

<variant> созылмалы гломерулонефрит, өршу кезеңі, бүйрек қызметі сақталған

<question> 2,5 жастағы бала жиі ауырсынатын дәретке шағымданады. Бұл шағым суықтануға байланысты және 2 күн бойы мазалапты. Жағдайы орташа ауырлықта, дизуриялық көрініске байланысты. Перифериялық ісінулер жоқ, интоксикация айқын емес. Зерттеу нәтижесінде лейкоцитурия анықталды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Жедел цистит

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Жедел гломерулонефрит

<variant> Созылмалы пиелонефрит

<variant> Тубулопатия

<question> Қыз бала 8 жаста. Үйіне шақырту. 2 күн бұрын жедел ауырды.Тәулік бойына дене қызуы 38,0-40,0 С дейін көтерілді, қалтырау. Қыз бала жүдеген. Кіші дәреті жиі, зәрі бұлыңғыр. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Зәр шығару жолдарының инфекциясы

<variant> Жедел гломерулонефрит

<variant> Жедел уретрит

<variant> Жедел цистит

<question> 10 айлық балада фебрилитет, айқын интоксикация, көз астында көлеңке, тісі шығып келеді, сирек дәретке отырады. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ 32 минутына. Жүрек тоны ырғақты,ЖСС 128 минутына. ЖҚА: лейк-18.3х109/л, СОЭ- 27 мм/сағ, ЖЗА: лейкоцит-46 көру алаңында, бактериурия. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Жедел цистит

<variant> Жедел гломерулонефрит

<variant> Тіс шығуына «реакция»

<variant> Ішек инфекциясы

<question> 1 жастағы балада дене температурасы 39ºС, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, қабақтың ісінуі, қайталамалы құсу, нәжісі іртіктелген күніне 3-4 рет. ЖЗА –15*109, т/яд – 3%, с/ядер – 65%, лимф-30%, эоз 2%, ЭТЖ 40 мм/сағ., ЖЗА – ақуыз 0,066 г/л, дейкоцитер саны өте көп, эритроциттер 8-10 к/а, шырыш ++, бактериялар +++. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Жедел нефритикалық синдром

<variant> Жедел цистит

<variant> Жекелеген зәрлік синдром

<variant> Жедел гастроэнтерит

<question> 3 жасар ер бала. Жиі болатын зәр бөлу сезіміне шағымданып келді: күндіз 15-20 минут сайын. Ешқандай ауру сезімі жоқ. Зертханалық: Нв 120 г/л, Ле 6.5 мың, ЭТЖ 10 мм/сағ; зәрінде – 1015, нәруыз теріс, лейкоциттер 1-2 к/а, эритроциттер 0-1 к/а. УДЗ – қуығы кішірейген, көлемі 50 мл, қалдық зәр = 0. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> Қуықтың гиперрефлекторлық нейрогенді дисфункциясы

<variant> Жедел цистит

<variant> Жедел пиелонефрит

<variant> Жедел интерстициалды нефрит

<variant> Қуықтың гипотониялық нейрогенді дисфункциясы

<question> Ер бала, 5 жаста ішінің ауыруына шағымданады. Жиі жіті респираторлы вирусты инфекциямен, түндік энурезбен ауырады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t – 38,2°С, іші жұмсақ, терең пальпациялағанда оң жағындағы жоғарғы және төменгі несепағар нүктелерінде ауырсыну бар. Қаққылау симптомы оң жағындағы - оң. Зәр талдауында: реакция - сілтілік, белок-0,09%о, лейкоциттер-50-100 көру алаңында, ішек таяқшаларының өсуі- 200 000 микробтық дене /мл. Екіншілік созылмалы пиелонефрит диагнозы қойылды.Тағайындалатын антибиотик:

<variant> ампициллин

<variant> гентамицин

<variant> эритромицин

<variant> канамицин

<variant> линкомицин

<question> 12жастағы бала. Қуық-несепағар рефлюксімен, екіншілік пиелонефритпен ауырады. Соңғы айларда диурезінің жоғарлағаны анықталған. Бүйрек қызметінің бұзылысы болуы ықтимал. Бүйрек қызметінің бұзылысын дәлелдейтін көрсеткіш:

<variant> гипостенурия

<variant> гипопротеинемия

<variant> никтурия

<variant> лейкоцитурия

<variant> протеинурия

<question> Балалардағы нефротикалық синдромның клиникалық классификациясына сай келесі түрлері бар.

<variant> ремиссия, рецидив,жеке рецидив,стероидқа тәуелділік, стероид төзімділік

<variant> жасырын, шайылған, басымды, терминалды

<variant> гормонға сезімталдылық, гормонға сезімталдылық, гормонға тәуелділік

<variant> гематуриялық, бактериуримиялық, пиуриялық, хилоуриялық

<variant> жедел, жеделдеу, асқынбалы, созылмалы

<question> Балалардағы нефротикалық синдромның ремиссиясының негізгі критерилері:

<variant> 3 күн ішінде таңғы зәрде белоктың болмауы немесе іздерінің болуы

<variant> таңғы зәрде белок 3/4 болуы, (протеинурия >40мг/м2/сағ) 3 күн ішінде протеинурияның болмауы

<variant> 2 және одан көп рецидивтер 6 ай ішінде немесе 3 рецидив жылына

<variant> 2 альтернациялық рецидивке преднизолонды 2 ретті бергеннен кейін немесе 14 күннен кейінгі преднизолонның қайтарылуымен

<variant> 4 аптадан кейінгі ремиссияда преднизалонның терапиялық курсының жоқтығы және Солу-Медрола 3-ші пульстық енгізу

<question> Балалардағы нефротикалық синдромның клиникалық протокол бойынша рецидивтің негізгі критерилері:

<variant> таңғы зәрде белок 3/4 болуы, (не протеинурия >40мг/м2/сағ) 3 күн ішінде протеинурияның болмауы

<variant> 2 және одан көп рецидивтер 6 ай ішінде немесе 3 рецидив жылына

<variant> 4 аптадан кейінгі ремиссияда преднизалонның терапиялық курсының жоқтығы және Солу-Медрола 3-ші пульстық енгізу

<variant> 3 күн ішінде таңғы зәрде белоктың болмауы немесе іздерінің болуы

<variant> 2 альтернациялық рецидивке преднизолонды 2ретті бергеннен кейін немесе 14 күннен кейінгі преднизолонның қайтарылуымен

<question> Балалардағы нефротикалық синдромның клиникалық протокол бойынша стероидқа тәуелділіктің негізгі критерилері:

<variant> 2 альтернациялық рецидивке преднизолонды 2ретті бергеннен кейін немесе 14 күннен кейінгі преднизолонның қайтарылуымен

<variant> 3 күн ішінде таңғы зәрде белоктың болмауы немесе іздерінің болуы

<variant> таңғы зәрде белок 3/4 болуы, (не протеинурия >40мг/м2/сағ) 3 күн ішінде протеинурияның болмауы

<variant> 2 және одан көп рецидивтер 6 ай ішінде немесе 3 рецидив жылына

<variant> 4 аптадан кейінгі ремиссияда преднизалонның терапиялық курсының жоқтығы және Солу-Медрола 3-ші пульстық енгізу

<question> Жекеленген зәрілік синдроммен жедел гломерулонефритке тән:

<variant> гематурия

<variant> азотемия

<variant> олигурия

<variant> ісіну синдромы

<variant> гипертония

<question> Науқасқа «Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром» диагнозы қойылды. Клиникалық хаттамаға сай нефротикалық және нефритикалық синдромдардың ажырату диагностикасын жүргізіңіз:

<variant> сырқаттың басталуы, ісіктер, артериалды қысым, гематурия, протеинурия, гиперазотемия

<variant> гипертермия, интоксикация симптомы, құсулар, сусыздану, іштегі(белдегі) ауырсыну, дизуриялық белгілер, лейкоцитурия және бактериурия

<variant> ишурия, полиурия, гематурия, АҚ жоғарлауы, тахикардия

<variant> олигурия, анурия, ісінулер

<variant> пиурия, хилоурия,бүйір аймақтағы ауырсыну

<question> Көрсетілген белгілерден нефротикалық синдромға тән:

<variant> гиперхолестеринемия, протеинурия

<variant> оксалатуририя

<variant> лейкоцитурия

<variant> цилиндурия

<variant> гематурия

<question> Нефротикалық синдром кезінде морфологиялық тұрғыдан аса жиі көрінетін:

<variant> минималды өзгерістер

<variant> жарғақшалы өзгерісте

<variant> жарғақшалы-пролиферативті өзгерістер

<variant> мезангиопролиферативті өзгерістер

<variant> фибропластикалық өзгерістер

<question> Қабылдауда 13 жасар бала. 2 апта бұрын дамыған стрептодермиядан кейін жедел ауырды. 3-4 күннен бері бастың ауруына, зәр түсінің «ет жуындысына» ұқсас болуына шағымданады. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Аддис – Каковский бойынша зәр анализінде: лейкоциттер 3 млн, эритроциттер 100 млн. астам. Балаға тез арада жүргізу қажет:

<variant> бүйректің ультрадыбысты доплерографиясы

<variant> бүйректің пункционды биопсиясы

<variant> бүйрек тамырларының ангиографиясы

<variant> ретроградты пиелография

<variant> экскреторлы урография

<question> Баланың 6 жаста, клиникалық – құрал-саймандық зерттеу әдістеріне негізделе отырып мынандай клиникалық диагноз қойылған: Жіті гломерулонефрит, нефротикалық синдромның дебюты, клиникалық айқын кезеңі, БФС. Сіздің емдеу әдісіңіз:

<variant> № 7 емдәм, глюкокортикостероидтар, антикоагулянттар, зәр шығаратын дәрілік заттар

<variant> глюкокортикостероидтар, антикоагулянттар, зәр шығаратын дәрілік заттар

<variant> антикоагулянттар, антиоксиданттар

<variant> зәр шығаратын дәрілік заттар, антибиотиктер

<variant> глюкокортикостероидтар, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

<question> 12 жасар балада созылмалы гломерулонефрит. Бүйректің биопсиясын жасағанда «Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит, 1 тип» деген диагноз қойылған. Қолайлы ем тағайындаңыз:

<variant> преднизолонмен альтернативті режимде

<variant> цитостатиктер

<variant> мендоза тәсілі

<variant> понтичелли тәсілі

<variant> циклоспорин

<question> Жіті гломерулонефрит жекеленген зәрлік синдроммен сипатталады:

<variant> протеинуриямен

<variant> лейкоцитуриямен

<variant> азотемиямен

<variant> олигоуриямен

<variant> гипертониямен

<question> Ер бала 7 жаста тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке, ісінуге шағымданады. АҚҚ қалыпты. Объективті асцит, олигоурия. Осы жағдайда зәрде болуы мүмкін өзгерістер:

<variant> айқын протеинурия

<variant> макрогематурия

<variant> лейкоцитурия

<variant> глюкозурия

<variant> бактериурия

<question> 9 жасар ер бала ауруханаға ісік, әлсіздік, тәбетінің болмауы шағымдарымен келіп түсті. Жиі фарингитпен ауырады. Объективті: айқын перифериялық және құыстық ісіктер, АҚҚ 150/80 мм сын бағ б/ша. ЖЗА жоғары протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Осы аурудың симптоматикалық емін тағайындаңыз:

<variant> диуретиктер, гипотензивті дәрілер

<variant> антикоагулянттар, антиагреганттар

<variant> антибиотиктер, глюкокортикоидтар

<variant> цитостатиктер, иммуномодуляторлар

<variant> қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, хинолин препараттар

<question> Жедел нефротикалық синдром кезінде госпитализациялауға жедел көрсеткіш:

<variant> Олигурия, азотемия, АГ

<variant> Асқынбаған ЖГН, ісіктер

<variant> АГ, зәрде белок , өкпе суретінің қараюы

<variant> Гематурия, температура жоғарылауы

<variant> Қатты бас ауруы, АГ, олигурия

<question> Жедел нефритикалық синдроммен ауыратын науқасқа клиникалық белгілерді атаңыз:

<variant> Перифериялық ісінулер, жүрекшекарасыныңкеңеюі, АГ

<variant> өкпеде ылғалды сырыл, нистагм

<variant> Асцит, веналардың ұлғаюы

<variant> Сколиоз, жөтел, температураның жоғарылауы

<variant> қалқанша безінің ұлғаюы, жүрек ұшында систолалық шу

<question> Бала 14 жаста. Диагноз қойылды: Гломерулонефрит, нефритикалық синдроммен. Тиісті клиникалық белгілерді атаңыз:

<variant> Гематурия, протеинурия, ҚҚ жоғарылауы және ісіну

<variant> Гематурия, ҚҚ төмендеуі

<variant> Протеинурия, ҚҚ төмендеуі

<variant> Олигурия, ылғалды жөтел

<variant> Бактериурия, ісіну

<question> Балалардағы бүйректік гломерулярлы гематурияның негізгі себептері:

<variant> IgA нефропатия, жедел постинфекционды ГН, тез прогрессирлеуші ГН, мембранопролиферативті ГН, Шенлейн-Генох нефриті, люпус-нефрит, Гудпасчер синдромы, тұқым қуалайтын нефрит, болезнь тонких жұқа базалды мембрана ауруы, басқада ГН (ФСГС, мембранозды нефропатия және т.б.)

<variant> туа біткен нефропатиялар, тубуло-интерстициалды нефропатиялар, ісіктер, қантамырлық (аневризма, гемангиома), туберкулез, бүйрек жарақаты

<variant> обструкция, тастар, ісіктер, жарақаттар, дәрілер (циклофосфамид), тамырдың даму ақаулары

<variant> антикоагулянттар, гиперкальциурия, қан аурулары

<variant> медикаментоздар, антибиотиктер, канцерогендер

<question> Балалардағы бүйректік гломерулярлы емес гематурияның негізгі себептері:

<variant> туа біткен нефропатиялар, тубуло-интерстициалды нефропатиялар, ісіктер, қантамырлық (аневризма, гемангиома), туберкулез,бүйрек жарақаты

<variant> антикоагулянттар, гиперкальциурия, қан аурулары

<variant> обструкция, тастар, ісіктер, жарақаттар, дәрілер (циклофосфамид), тамырдың даму ақаулары

<variant> медикаментоздар, антибиотиктер, канцерогенде

<variant> IgA нефропатия, жедел постинфекционды ГН, тез прогрессирлеуші ГН, мембранопролиферативті ГН, Шенлейн-Генох нефриті, люпус-нефрит, Гудпасчер синдромы, тұқым қуалайтын нефрит, болезнь тонких жұқа базалды мембрана ауруы, басқада ГН (ФСГС, мембранозды нефропатия және т.б.)

<question> Балалардағы бүйректік бүйректен тыс постреналды гематурияның негізгі себептері:

<variant> обструкция, инфекциялар, тастар, ісіктер, жарақаттар, дәрілер (циклофосфамид), тамырдың даму ақаулары

<variant> туа біткен нефропатиялар, тубуло-интерстициалды нефропатиялар, ісіктер қантамырлық (аневризма, гемангиома) туберкулез, бүйрек жарақаты

<variant> IgA нефропатия жедел постинфекционды ГН, тез прогрессирлеуші ГН, мембранопролиферативті ГН

<variant> антикоагулянттар, гиперкальциурия, қан аурулары, Шенлейн-Генох нефриті, люпус-нефрит, Гудпасчер синдромы, тұқым қуалайтын нефрит

<variant> медикаментоздар, антибиотиктер, канцерогендер

<question> Науқас IgA нефропатия диагнозымен емханада нефролог дәрігердің бақылауында. Клиникалық хаттама бойынша медикаментозды емес ем шараларын атаңыз:

<variant> жасқа сәйкес теңгерілген диета, ақуызды адекватты калорияда енгізу (1,5-2г/кг), жалпы режим

<variant> жасқа сәйкес теңгерілген диета, майды адекватты калорияда енгізу (1,5-2г/кг), жалпы режим

<variant> жасқа сәйкес теңгерілген диета, ақуызды адекватты калорияда енгізу (1,5-2г/кг), ішу режим (көп мөлшерде сұйықтық ішу)

<variant> жасқа сәйкес теңгерілген диета, ақуызды адекватты калорияда енгізу (1г/кг), преднизолонды тағайындағаннан кейін ісінулері бар науқастарға тұзды шектеу (1-5г/тәу)

<variant> жасқа сәйкес теңгерілген диета, ақуызды адекватты калорияда енгізу (1,5-2г/кг)

<question> Минималды өзгерістері бар орташа дәреже нефротикалық синдром емінде барлығы қолданылады, біреуінен БАСҚА:

<variant> қатаң төсектік тәртіп

<variant> өткен тәулікте шығарған сұйықтыққа байланысты сұйықтықты шектеу

<variant> белокты шектеу

<variant> протеинурия болмаса диетаны кеңейту

<variant> тұзды шектеу

<question> Нефротикалық синдромды емдеуде барлығы дұрыс, біреуінен басқа:

<variant> маннитолды жиі енгізу көрсетілген

<variant> альбуминді бір рет енгізуге болады

<variant> лазикстің алдында осмодиуретик енгізген жөн

<variant> балаға тәртіпті қысқа мерзімге шектейді

<variant> преднизолонмен емдеуді ісіктер азайған соң бастау қажет

<question> Нефритикалық синдроммен өтетін стрептококктан кейінгі гломерулонефрит сипатталады:

<variant> гематурия, протеинурия, АҚ жоғарлауы, гиперхолестеринемиямен

<variant> гематурия, протеинуриямен

<variant> гематурия, протеинурия және АҚ жоғарлауымен

<variant> гематуриямен АҚ төмендеуімен

<variant> гематурия, протеинурия, АҚ жоғарлауы, шамалы ісінумен

<question> 5 жасар балада жіті гломерулонефрит нефротикалық синдром, комбинирленген медикаментозды терапия фонында, кушингоид, гипергликемия, остеопороз анықталған. Асқынуларды шақыратын препарат:

<variant> Преднизолон

<variant> Нифедипин

<variant> Фуросемид

<variant> Гипотиазид

<variant> Фраксипарин

<question> Жіті гломерулонефриттің клиникасына тән симптомдар:

<variant> ісіктер, АҚ жоғары болуы, протеинурия 2 г/тәу, гематурия

<variant> лейкоцитурия, оксалатурия

<variant> дизурия, ЖЗА лейкоциттердің жиналуы

<variant> 1 мл зәрде 100000 аса бактериурия

<variant> лейкоциттер бүкіл к/а

<question> Бүйректің созылмалы ауруында нефропротективті терапияда «алтын стандарт» ретінде қолданылатын дәрілік заттар:

<variant> глюкокортикоидтар

<variant> ферменттер

<variant> витаминдер

<variant> антибиотиктер

<variant> ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары

<question> Бала, 5 жаста анасы баласының тәбетінің жоқтығына және қабақтарында, бетінде, жыныс ағзаларында, бел аймағында дамып келе жатқан ісінулердің артуына шағымданды. Бала әлсіз, терісі бозғылт, құрғақ, шаштары сынғыш, күңгірттенген, полигиповитаминоздың белгілері, асцит, гидроторакс, біраз гепатомегалия бар. Қан талдауында: жалпы белок-40 г/л, альбуминдер-10г/л, холестерин - 7,0ммоль/л, қалдықты азот - 65 ммоль/л. Зәр талдауында: протеинурия - 3,5г/тәулігіне, олигурия, Диагнозы: нефротиккалық синдром, белсенді сатысы, ауыр, жіті ағымды, жіті бүйрек жетімсіздігі. Диуретик тағайындаңыз:

<variant> лазикс

<variant> верошпирон

<variant> урегит

<variant> триампур

<variant> гипотиазид

<question> 9 жасар қыз үш рет геморраргиялық васкулит, бүйректік синдром өткерді. Протеинуриямен, транзиторлы гипертензиямен, ісінумен жүретін созылмалы гломерулонефрит дамыды. Ауырғанына 7 жыл болды. Осы жағдайда таңдамалы антибиотик:

<variant> Пенициллин

<variant> Левомицетин

<variant> Гентамицин

<variant> Стрептомицин

<variant> Тетрациклин

<question> Созылмалы гломерулонефриттің емінде таңдамалы антибиотик ...

<variant> пенициллин

<variant> левомицетин

<variant> гентамицин

<variant> стрептомицин

<variant> тетрациклин

<question> Бала 5 жаста. Ауруханаға бетінің, балтырларының ісігіне және асцитке шағымданып бірінші рет түсті.АҚ 90/60 мм рт ст, несепте белоктың мөлшері 3,7 г/л, эритроциттер саны 5 к/а, лейкоциттер 2 к/а., түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а., қанда жалпы белок 50 г/л, холестерин 9 ммоль/л. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

<variant> жіті гломерулонефрит нефротикалық синдроммен

<variant> несептас ауруы

<variant> жіті гломерулонефрит нефритикалық синдроммен

<variant> пиелонефрит

<variant> интерстициальды нефрит

<question> Ауруханаға 11 жасар ер бала мазасыздық,жүрек айну, бас ауру, беті мен балтырының аздап ісінуіне, несіптің түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. Қараған кезде: терісі бозарған, беті ісінген. Жүрек тондары тұйықталған, қан қысымы – 135/90 мм. сынаб. бағ. Жалпы зәр анализінде: түсі ет жуынды түстес, салыстырмалы салмағы – 1008, белок – 0,66г/л, көру аймағын эритроциттар түгел жабқан, лейкоциттер- 2 к\а. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.