Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПИИ демеу терапиясы. Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының. Эластазды сынама



* ПИИ демеу терапиясы

 

! Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?  

* Созылмалы гастриттің

* Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

* Ойық жара ауруының

* Эмфиземаның

* Диафрагма жарылуының (разрыв)

 

! Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?  

* рН-метрия

* Уреазды сынама

* Дуоденалды сүңгілеу

* Эластазды сынама

* Глюкозотолерантты сынама

 

! Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай? 

* Созылмалы панкреатиттің өршуі

* Бейспецификалық жаралы колит

* «Саяхатшылар диареясы»

* Іш жүргізетін препараттарды қабылдау

* Псевдомембранозды колит

 

! Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/3 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?  

* Метронидазол

* Вазилип

* Церукал



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.