|
|||
Психотропты терапия + лоперамид* Психотропты терапия + лоперамид * Пребиотиктер + диоктаэдриялық смектит * 5-НТ3-рецепторының антагонистері + пробиотиктер
! Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай? * Ішектің қатерлі ісігі * Гранулематозды колит * Ишемиялық колит * Амебиаз * Бейспецификалық жаралы колит
! Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді? * Жалпы қан анализі * Нәжісті микробиологиялық зерттеу * Ирригоскопия * Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу * ФГДС
! Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай? * Жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі * Жедел ішек түйнелісі (непроходимость)
|
|||
|