|
|||
Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы* Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы * Созылмалы панкреатиттің өршуі * Бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы
! Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай? * Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру * Созылмалы гастрит * ЖИА. Күш түсу стенокардиясы * Бронх демікпесі * Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы
! Ер адам, 30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді? * Асқазан ішілік рН-метрия * Жалпы қан анализі * Уреазды сынама * Асқазан рентгенографиясы * Дуоденалды сүңгілеу
! Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай? * Н2 –блокаторларымен үзілулік (прерывистое) курстық терапия * Антибиотиктермен демеу (поддерживающая) терапиясы * Хирургиялық емдеу * Цитопротекторлармен курстық терапия
|
|||
|