|
|||
н тағамдарын шектей отырып ем-дәмді ұстану* Ұн тағамдарын шектей отырып ем-дәмді ұстану * Адсорбенттерді үнемі қабылдау * 5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану * Холеретиктерді үнемі қолдану
! Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай? * Ойық жаралы ауру * Созылмалы колит * Созылмалы гепатит * Созылмалы холецистит * Өт шығару жолдарының дискинезиясы
! Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді? * Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау * Қанның биохимиялық анализі * Бауыр биопсиясы * Бауырды УДЗ * Радионуклидті сканирлеу
! Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті көп қолданады. Қанмен құсуға шағымданады. Объективті: мәңгірген, сөзі түсініксіз, асцит, құрсақтың алдыңғы қабырғасының көктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60 мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі қадамы қандай? * Жаңа тоңазытылған плазма құю * Антибиотикотерапия * Вазопрессин енгізу * Эпигастрий аймағына суық қою * Көк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу (лигирование)
! Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу тактикасы қандай? * Спазмолитиктер + пробиотиктер * Антибиотиктер + пребиотиктер
|
|||
|