|
|||
Ампициллин. Холекинетиктер. Платифиллин. Холестаздық* Ампициллин
! 39 жастағы семіздікпен зардап шегетін пойыз жолсерігі оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі мен ауырлық сезіміне, аузындағы ащы дәмге, жүрек айнуға, метеоризмге шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды, бауыры ұлғаймаған. УДЗ: өт қабы өлшемдері 8,0 х 5,0 см, қабырғасының қалыңдығы 0,3 см; сынамалық «таңғы астан» 20 мин кейін 25%, 2 сағаттан кейін 30% жиырылды. Гемограммада: лейк- 8 мың, ЭТЖ-14 мм/сағ. Төменде келтірілген қай препараттар тобын тағайындау барынша ТИІМДІ? *Кең спектрлі антибиотиктер * Ферменттік препараттар * Миоспазмолитиктер * Холекинетиктер * Холеретиктер
! 20 жастағы жігіт оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, кекіруге, аузындағы ащы дәмге, тұрақсыз нәжіске, кезеңді дене қызуының жоғарлауы мен сарғаюға, терінің қышуына шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. УДЗ: бауыр құрылымы біртекті, өт жолдары мен холедох өзгермеген, өт қабы 5,0 х 3,5 см, қабырғасының қалыңдығы 0,6 см; өт айдаушы таңғы ас қабылдағаннан 15 мин өткен соң 75%, 2 сағаттан кейін 90% жиырылды. Төменде келтірілген қай препаратты тағайындау барынша ТИІМДІ? * Платифиллин * Домперидон * Холензим * Аллохол * Креон
! Бауыр циррозымен зардап шегетін 52 жасар ер адам терісінің қышынуы мен әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған,тырнақ іздері бар. Қан анализінде- билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бірл, АЛТ-25 Бірл, сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л. Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ? * Холестаздық * Астеновегетативті * Бауырлық энцефалопатия * Бауырдың мезенхимальды қабынуы * Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
! 44 жасар әйел адам әрдайым жүрек айнуына, ауызына ащы дәм келуіне, жиі мұрнының қанауына,арықтауға және етеккірінің болмауына шағымданады.Қарап тексергенде:тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғайған,мойын аймағында телеангиоэктазиялар;пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Білегі мен балтырында петехиялар.Бауыр УДЗ кезінде фиброз белгілері анықталады. Қан анализінде: жалпы белок- 50 г/л., билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2 г/л, протромбин - 1,1 мкмоль/л, протромбиндік уақыт -50%. Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ? * Диспепсиялық * Холестаздық * Бауырлық энцефалопатия * Бауырдың мезенхимальды қабынуы
|
|||
|