Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы 



* Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы 

* Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы 

* Ойық жарадан қан кету 

 

! Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?   

* Ойық жаралы ауру

* Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру

* Созылмалы гастрит

* Созылмалы панкреатит

* Функционалды ойық жаралы емес диспепсия

 

! Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән? 

* Темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы

* Ішектің тітіркену синдромы

* Мальабсорбция синдромы

* Демпинг-синдром

* Мальдигестия синдромы

 

! Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау (непереносимость). Осы науқасқа қандай ұсыныстар жасау қажет?

* Антибиотиктермен курстық терапия



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.