|
|||
тақырып: Біздің университет.⇐ ПредыдущаяСтр 18 из 18 8.1-тақырып: Біздің университет. 1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Сөздік минимум: Университет, негізі қаланған жыл, ашылған кез, бірінші ректор, бірінші факультет деканы, оқу ісі бөлімінің проректоры, ғылыми бөлім, оқу бөлімі, жатақхана, оқу ғимараттары, бас ғимарат, жаңа бөлім, түрлі мамандық. Сөйлесім үлгілері: Сіз қай университетте оқисыз?С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқимын. Қандай мамандықтар бар? Әр түрлі мамандықтар бар. 2-тапсырма. «Біздің университет» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз. 8.2-тақырып: Менің мамандығым. 1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Сөздік минимум: Институт атаулары, кафедралар атауы, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар. Сөйлесім үлгілері: Сіз қай институттансыз? Мен қаржы-экономика институтынанмын. Институтыңызда қандай мамандыққа дайындайды? Әр түрлі. Банк ісі, салық қызметкері, қаржыгерлер. 2-тапсырма. «Менің мамандығым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
|
|||
|