Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).



4.2-тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді.

Сөйлесім үлгілері: Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар! Дастарқан мәзірін көруге бола ма?Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз). Жақсы. Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

2-тапсырма.Сөздерге шығыс септігінің жалғауын жалғап, орыс тіліне аударыңыз. [1,  335-б. 4-жаттығу]

Қалам, оқушы, апта, кесе, бала, немере, қыз, табақ, тәрелке, қонақ, қаймақ, кеш, қасық, әке, әке-шеше, адам, қала, ауыл.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына мен/бен/пен жалғаулықтарының бірін қойңыз. Орыс тіліне аударыңыз. [1, 244-б. 23-жаттығу]

Қыз Жібек ... Төлеген; Қозы Көрпеш ...Баян Сұлу; «Қан ... тер» романы; Өскемен ... Семей; тіл ... көз; қас ... көздің арасында; Қазақстан ... Ресейдің президенттері; қолы ...аяғы; өмір ... өлім; жер ... көк; ән ... күй.

 

5.1-тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері: Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?Алдын ала сақтану керек. Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба? Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1,  245-б. 28-жаттығу]

Дене мүшелері

       Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қанқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтаннады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене мүшелері.

3-тапсырма. Мына сөздерге көмектес септігінің жалғауларын қосып айтыңыз. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 246-б. 29-жаттығу]

Шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, қаңқа, өкпе, жүрек тамақ, іш, сабын.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.