Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Кітапханада.. тақырып: Саябақта.



6.6-тақырып: Кітапханада.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Кітапхана, оқу залы, тіркелу, құжаттар, оқырман билеті, кітап, оқулық, әдебиеттер, библиография, оқырман, тұрақты оқырман, үйге кітап алу, мерзімді баспасөз, каталогтар жүйесі.

Сөйлесім үлгілері: Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші. Бірінші қабаттан табасыз. Кешіріңіз, оқу залы нешінші қабатта? Екінші қабаттағы 3-ші зал. Міне, мынау ғой. Иә, рахмет!

2-тапсырма. Университетіміздің кітапханасы жайлы әңгімелеңіз.

3-тапсырма. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды қайталап, мысал келтіріңіз.

6.7-тақырып: Саябақта.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Саябақ, тыныштық, таза ауа, демалыс сәті, серуендеу, кітап оқу, балмұздақ, жеу, әңгімелеу, ойын түрлері, шахмат, дойбы ойнау.

Сөйлесім үлгілері: Ертең саябаққа барасыз ба? Әрине, барған дұрыс.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ырықсыз етісте тұрған етістіктерді жазып алыңыз. Жұрнақтардың астын сызыңыз [1, 443-б. 8-жаттығу].

Кеше демалыс күні болды. Біз үйде болдық. Қаншама іс істелді! Терезе жуылды, төсеніштер қағылды, заттар жиналды да, орнына қойылды, еден сыпырылды және жуылды. Кір үтіктелді, көйлек тігілді, шұлық тоқылды. Картоп аршылды, қурылды, салаттар жасалды, ет пісірілді, капуста тұздалды. Бірақ... сабақ оқылмады, баяндама жазылмады, мәтін аударылмады, жазбаша мәтінге сұрақтар қойылмады, сұрақтарға жауап берілмеді, хат жазылмады, ауылға жіберілмеді. Көп іс істелмеді.

3-тапсырма. Ырықсыз етістің жұрнақтарын қосыңыз, орыс тіліне аударыңыз [1, 443-б. 9-жаттығу].

Жуу, тию, жіберу, ашу, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, апару, бұзу, қию, сүрту, ішу, сату, қою, қосу, жабу, буу, жеңу, басу, жинау, сыпыру, бітіру, істеу, жасау, аудару, тексеру, толтыру, арнау, атау, бастау, есептеу, үтіктеу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.