Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алматы қаласы



Алматы қаласы

       Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол – оңтүстік астана.

       Алматы - өте үлкен, әдемі қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Олар қаланың орталығында. Алматының көшелері түзу және кең. Осы кең, түзу көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.

       Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма театры, «Арман», «Алатау», «Байқоңыр» кинотеатрлары, Мәдениет сарайы, Орталық спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі, цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай, орталық кітапхана және оқу орындары бар. Медеу мұзайдыны да жақын.

3-тапсырма.Ответьте на вопросы по тексту [1, 121-б. 20-жаттығу].

Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы не? Алматы қандай қала? Алматыда қандай өзендер бар? Алматының көшелерінде не көп? Алматыда қандай театрлар, кинотеатрлар бар? Тағы нелері бар?

4-тапсырма. Раскройте скобки [1, 120-б. 18-жаттығу].

Ыдыс-аяқ серванттың (внутри) тұр. Ағаш екі үйдің (между) тұр. Сөренің (на) кітап тұр. Ағаштың (у) шелек тұр. Диванның (возле) екі кресло тұр. Кереуіттің (под) мысық жатыр. Мектептің (перед) көп бала жүр.

 

6.3-тақырып: Көшеде. Көлікте.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Көше, аялдама, жаяу, көлікпен, осы жерден, көшелердің қиылысы, бұрыш, алыс емес, Кутузов даңғылы, Сәтбаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысы, Фрунзе көшесіне дейін, түзу, шығу, кіру, отыру, сыйлау, жол беру, өткізіп жіберу, күте тұру, бәрекелді, қап, әттеген-ай т.б.

Сөйлесім үлгілері: Кешіріңіз, Өлкетану мұражайына қалай баруыма болады?Меніңше, жаяу барған дұрыс, Кривенко көшесімен тура шығыңыз да, Фрунзе көшесіне дейін жүріңіз. Сол жерде. №10 автобуспен баруға болады. ЦУМ аялдамасынан түсесіз. «Манақбай» сауда үйі осы жерден алыс па?Жоқ, алыс емес. ЦУМ-ға қарама-қарсы орналасқан. Рахмет!

2-тапсырма.Үлгі бойынша кімнің қай жерде тұратынын айтыңыз.

Үлгі: Марал – Алтынсарин даңғылы,10. - Марал Алтынсарин даңғылы 10-үйде тұрады.

Айгүл – «Ақсай» ықшамауданы, 25; Мәншүк – Достық даңғылы, 129; менің ағам – Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысы, 9 қабатты үй; менің ата-анам - «Усолка» ықшамауданы, 24; Динара – Сатпаев көшесі, 25; әкемнің бажасы – Ақсу ауданы, Кеңес ауылы; өзім – Павлодар қаласы, Абай көшесі, 265.

3-тапсырма. Оқыңыз. Екпінді қойыңыз. Әр сөзде қанша буын бар? [1, 164-б. 1-жаттығу].

Қазақстаннан, факультетінің, астаналықтар, американдықтар, филология, Голландияданмын, мүшелеріне, мемлекеттік, үйленгенбіз, тұрмыстамын, фирмасының, мемлееттерден, қаласынан, әйелінің, ағылшындар.

4-тапсырма. Жоғарыдағы жаттығудын жуан буынды сөздерді бір бөлек, жіңішке буынды сөздерді екінші бөлек, аралас буынды сөздерді үшінші бөлек бағанға жазыңыз. Олардың неге жуан, неге жіңішке екендігін түсіндіріңіз. Кейбір сөздердің сингармонизм заңына неге бағынбайтынын айтып беріңіз [1, 164-б. 2-жаттығу].

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.