Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.



7.4-тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, ұлт, тайпа, көнеден бері, ғасырлар бойы, мекендеген, тараған, жүздер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, түркі тілдері, батыс гун, қазақ тілі, діні.

Сөйлесім үлгілері: Қазақ халқының тарихы туралы не білесіздер? Қазақ халқының құрамына кірген рулар мен тайпалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлардан белгілі. Қазіргі Қазақстан халқының саны қанша? 14,5 миллион шамасында.

2-тапсырма. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгімелеңіз.

3-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңыз [1, 320-б. 1-жаттығу].

       Белый, сильный, большой, низкий, высокий, маленький, широкий, вкусный.

 

7.5-тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, өнер, қолөнер, спорт, мүсін, сахна, сәулет, кино, опера, балет, әдебиет, телерадио, баспасөз, баспахана, кітапхана, сәулет мәдениеті, демалыс, саябақ, мұражай, қонақ үй, тарихи кешендер, ұлттық ойын.

Сөйлесім үлгілері: Қазақстанның ұлттық өнерінің қандай салаларын (түрлерін) білесіз? Қазақ халқында өнердің барлық түрі жақсы дамыған.

2-тапсырма. Өздік етістің жұрнағын қосыңыз. [1, 255-б. 21-жаттығу].

       Шешу, қию, ойлау, жуу, қыру, көру, сақтау, тарау.

 

7.6-тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.

1-тапсырма.Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, өндіріс орындары, өндіру, өнім шығару, өңдеу, тасымалдау, машина жасау, мұнай, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір, тұз, ізбес, тамақ өнеркәсібі, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, астық, егін, мал шаруашылығы, дәнді дақыл.

Сөйлесім үлгілері: Халық шаруашылығының қандай салаларын білесіз?Ауыр индустрия, жеңіл өнеркәсіп, кен (орындары) өндіру, ауыл шаруашылығының түрлеріне мал, егін, көкөніс, мақта шаруашылықтары т.б. жатады.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 324-б. 15-жаттығу].

       Ешқайда, ілгері, алға, жолшыбай, анда, мында, жоғары.

3-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 325-б. 21-жаттығу].

       Өңкей, тым, аса, ең, өте, керемет, орасан, ылғи.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.