Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Ел рәміздері.



7.2-тақырып: Ел рәміздері.

1-тапсырма. Қазақстан республикасының рәміздері туралы мәтін құру. Сөздік минимум: Рәміз, нышан, белгі, елтаңба, әнұран, ту, шекара, Қарулы күштер, ұлттық тіл, ұлттық байлық, ұлттық мәдениет, ұлттық өнер, шаңырақ, сәулелі күн, қанатты тұлпар (пырақ), қыран құс, ұлттық ою-өрнек. Сөйлесім үлгілері: Мынау не? Бұл – елтаңба. Елтаңбаның авторлары кім? Әнұранды жатқа білесіздер ме? Иә, білеміз.  Авторлары кімдер, не туралы айтылады?

2-тапсырма. Мына сын есімдерді қажетті зат есімдермен тіркестірңіз[1,307-б.1-жаттығу].

       а) қызыл, сары, көк, қара, қоңыр, көгілдір, жасыл, қызғылт,сұр;

ә) үлкен, кішкентай, кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа;

б) жуас, тентек, еңбекқор, жалқау, тәртіпті, ұқыпты, сұлу;

в) ащы, тәтті, дәмді, дәмсіз, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

г) қисық, түзу, дөңгелек, сопақ, қатты, жұмсақ, жалпақ, томпақ.

3-тапсырма. Мына зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріңіз [1, 307-б.,2-жаттығу].

       Бақ, қыз, сарымсақ, көкөніс, қарындаш, көз, кітап, көйлек, сүт, тамақ, сағат, ат, қой, үй, адам, жігіт, су, күн, түн, алма, қала, бөлме, доп, есік сөз, әже, әңгіме, мінез, кітапхана, аяқ, айран, дәрі, көше, жол.

4-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге антоним келтіріңіз [1, 307-б. 3-жаттығу].

       Семіз, тұщы, кәрі, жеңіл, жаңа, қысқа, үлкен, тәтті, жақсы, ыстық, түзу, қымбат жалқау, тентек, ақ, аласа, тар, қатты, толық.

 

7.3-тақырып: Елордасы – Астана қаласы.

Сөздік минимум: Бас қала, елорда, Астана қаласы, орталық, Еуразия кіндігі, көркем, сәнді көшелер, саябақтар, ғимараттар, сәулет өнерінің дамуы, мемлекеттік мекемелер, бұрынғы Ақмола.

Сөйлесім үлгілері: Бас қала, елорда сөздерінің қолданылуына не себеп болды? Өйткені «астана» сөзі қала атауы «Астана» болды. Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне не себеп болды? Астана қаласы Еуразия ортасы – орталықта орналасқан.

1-тапсырма.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 444-б. 13-жаттығу].

Астана

Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы - Орынбор (1920-25), одан кейін Қызылорда (1925-29), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды, 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қала ортасынан ағып өтетін Есіл өзнінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интеркотиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның ХХІ ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерікше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.

2-тапсырма. Мына сөзтіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз [1, 445-б. 14-жаттығу].

       Қазақстан Республикасы; ең алғашқы астанасы; жарлыққа қол қою; Елбасының Жарлығы мен тәуелсіз Қазақстан; салтанатты ашылу рәсімі; аз уақыттың ішінде көрікті қалаға айналу; ағып өтетін Есіл өзені; қалаң өскен қамыс; қала халқы; көп қабатты тұрғын үйлер, аспанға атылған; бақытьты болашақ; көз тарту; жақын, алыс шетелдерден келген қонақтар; таң қалдыру; бас қала.

3-тапсырма. Мына сөйлемдерге әр түрлі сұрақ қойыңыз [1, 446-б. 18-жаттығу].

       1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қала ортасынан ағып өтетін Есіл өзнінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интеркотиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.