Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.



3.5-тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.

1-тапсырма.Төмендегі сөздерді пайдаланып жолдастарыңызды, туыстарыңызды тойыңызға шақырыңыз және құттықтау жазыңыз. Туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.

Сөйлесім үлгілері:

- Мерекеңіз құтты болсын! -Рахмет, бірге болсын! - Мейрамыңызбен! - Құтты болсын! - Бүгін маған қонаққа келіңіздер. - Жақсы, сағат нешеде? - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын. - Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін! Рахмет. Айтқаныңыз келсін.

2-тапсырма.Мына етістіктерге көсемшенің –ғалы/-гелі жұрнағының бірін қосыңыз [1,390-б. 17-жаттығу].

Жазу, бару, көру, ашу, біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу.

3-тапсырма. Мына етістіктерге көсемшенің –а/-е/-й жұрнағының бірін жалғаңыз және жекеше түрде жіктеңіз [1,  404-б. 14-жаттығу].

Біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, бару, көру, ашу.

 

4.1-тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан

1-тапсырма.Сіздің сүйікті асыңыз туралы сұхбат құрыңыз.

Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

Сөйлесім үлгілері: Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды? Маған қазақша ет ұнайды.Оны қалай әзірлейді? Иә, өте оңай.  Айтып берейін.

2-тапсырма.Көптік жалғауын жалғап, орыс тіліне аударыңыз. [1, 315-б. 26-жаттығу]

Көкөніс, аспаз, жүзім, құймақ, тұздық, жұмыртқа, асхана, құрал, тауық, үйрек, сиыр, пісірме, сорпа.

3-тапсырма.Кестені пайдаланып етістіктерді бұйрық рай формасына қойыңыз.

Келу, жату, жасау, істеу, орындау, білу, қарау, көрі, үйрену.

Жекеше түрі Көпше түрі
І мен жаз-айын ІІсен жаз – Сіз жаз-ыңыз ІІІ ол жаз-сын І біз жаз-айық ІІсендер жаз – ыңдар Сіздер жаз-ыңыздар ІІІ олар жаз-сын

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.