Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.



3.3-тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.

1-тапсырма. «Менің жұмыс күнім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма.Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. [1, 343-б. 33-жаттығу]

Демалыс күні

Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандарғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. үйде отырып теледидар көреді, демалады немесе демалыс күнін паидаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып теледидардың алдында отырады.

Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Сонан сон қыдырады, қонаққа барады, каланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс кундерін босқа өткізгілері келмейді.

Мен үйде отырып демала алмаймын, өйткеш ішім пысады. Жол-достарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде жолдастарымды үйге шақырыл аламын. Олармен музыка тыңдап, әңгімелесеміз. Со­нан соң далаға шығамыз. Кейде киноға, театрларға барамыз, қыста коньки, шанғы тебеміз, жазда жағажайға барып суға түсеміз. Мен суда онша жузе алмаймын, ал менің жолдасым жаксы жузеді, өйткені ол жүзумен шуғылданады.

Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шанын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке-шешеме көмектесемін: жер қазамын, тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін, ағаштарды суарамын, уйдін, айналасын сыпырамын.

Ертен тағы демалыс күні, жексенбі. Бұл күнп жоспарым өзгеше: мен ертең ерте тұрмаймын. Терезенің желдеткішін ашамын, кереуеттің алдында дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын, жуынамын, киінемін, таңертеңгі тамағымды ішемін. Сонан сон үй ішін жинап, жолдастарыма барамын. Ертең спорт кешенінде жеңіл атлетикадан спорт жарысы болады. Мен өзім көркем гимнастикамен шұғылданамын. Аптасына үш рет спорт кешеніне барып тұрамын. Спорттың барлық түрін жақсы көремін. Спорт жарысын көріп, кафеге барып тускі асымызды ішеміз. Содан кейін киноға барамыз.

Түстен кейін үйге қайтамыз. Үйде музыка тындаймын. Keшкi тамақты әзірлеймін. Менің ең жақын досым ұлттық билер үйірмесіне қатысады. Кешке оның концерті болады. Концерттен кейін үйге ба­рып демаламын, теледидар коремін. Ерте жатамын, өйткені келсі куні жұмыс аптасы басталады.

Сөздік:

шаруа — дела, хозяйство    айналысу — заниматься    жалқаулану — лениться; іш пысу — умирать от скуки; суға тусу — купаться; жүзу – плавать; шұғылдану – заниматься әрине — конечно

тырмалау - разравнивать граблями арам шөп жұлу — рвать сорную траву жапырақ — листья

ортеу — сжигать жени атлетика - легкая атлетика жарыс — состязание көркем гимнастика — художественная гимнастика үйірме - кружок   қатысу - участвовать

3-тапсырма. Сұрақтарға кестедегісөздерді пайдаланып жауап беріңіз. [1, 343-б. 31-жаттығу]

 

1. Демалыс күні Ciз қай уакытта тұрасыз? кеш, ерте, сағат онда, сағат алтыда, сағат он жарымда,...
1 .2. Содан кейі не істейсіз? терезенің желдеткішінашу, жуыну, дене шынықтыру жаттығуларын орындау, киіну, ...
3. Спорттың кай турімен шұғылданасыз? жеңіл атлетика, ауыр атлетика, курес, дзюдо, ушу, каратэ, баскетбол, дойбы, волейбол, фут­бол, гандбол, жузу, бокс, шаңғы, шахмат, тен­нис, допты хоккей, шайбалы хоккей, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, коньки,...
4. Қандай үйірмеге қатысып жүрсіз? драма үйірмесі, пішім-тігін үйірмесі, көркеменөрпаздар үйірмесі, музыка үйірмесі, бал билері үйірмесі, ұлттық билер үйірмесі,вокал үйірмесі, сурет салу үйірмесі, шетел тілдері үйірмесі, ...
5. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Көрмеге (театрға, музейге, бассейнге, спорт кешеніне, киноға, шанғы тебуге, қонаққа) бару, теледидар көру, кітап оку, компьютерде ойнау, коньки тебу, қонақ шақыру, күнімен диванда жату, ұйықтау, жағажайда демалу,...
6. Үй ішінде қандай жұмыс істейсіз? үи ішін жинау, кілемдерді тазалау, тігу, еденді сыпыру, терезе (ыдыс-аяқ) жуу, тоқу, тамақ пicipy, қамыр илеу (жаю), ет қуыру, салат жасау, дастарқан жаю, шанды сүрту, аяқ киімді тазарту, кір жуу (үтіктеу), саяжайда жер қазу, ...                                                         
7. Қонақ келсе, оны қалай күтесіз? Қарсы алу, он айту, қонақтарды 6ip-6ipiмeн таныстыру, музыка қою, кешті қызықты және көнілді өткізу, домбыра тарту, гитарада ой­нау, конактардың көңiлiн көтеру, әр турлі тағамдар беру, әңгімелесу, суреттер көрсету, суретке тycipy, әp турлі ойындарды ойнау, ...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.