Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 4 страница



Оқушылардың тәрбиелілігінің басты өлшемі – олардың іс-әре-кеттері. Оқушылардың тәрбиелілігі күн сайын және сағат сайын тек-серіліп отырылуы тиіс. Тәрбиеленушінің кез келген қылығы, оның мінез-құлқы, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы, оның тәрбиелілік деңгейін сипаттайды.

Оқушының тәрбиелілік деңгейін дұрыс бағалау - оның өмірінің түрлі жағдайларындағы әлеуметтік қарым-қатынастартарындағы мі-нез-құлқына әділ баға беру болып табылады.

Педагог оқушыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін, не нәрсеге көңіл бөлу керектігін өзі айқын біліп алуы керек. Оқушының тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, со-ғұрлым оған дұрыс жол табуды қамтамасыз ету жеңіл болады.

Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы:

- оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні;

- жалпы даму деңгейі (жоғары, орта, төмен);

-әлеуметтік- адамгершілік келбеті, еріктілік, еркіндік негізінде атқаратын жеке-топтық жұмысы;

-жеке басының негізгі белгілері;

Тәрбиелілік деңгейді бағалауға пайдаланылатын диагностика-ның кейбір тәжірибелік әдістерінің мазмұнын ашып көрейік (тәрбие-ленушілердің мінез-құлық қалыптары жөніндегі пікірлері, түсініктері, баға беруі, өзін қызықтыратын басқа да мәселелердің көрінісін баға-лаудың өлшемдері мен ережелері туралы түсініктері зерттелінеді).

Тәжірибеде бәрінен гөрі “Адамға адамгершілік неге керек?” жә-не т.б. сұрақтар пайдалынылады. Оларға берілген жауаптар түрлі са-паларды тәрбиешіге және тәрбиеленушінің өз қасиеттерін жақсы тал-дауға және оларды санада сақтауға көмектеседі.

Бағаланған пікірді айқындау үшін оқушыларға “Менің заман-дасым маған несімен өнегелі?”, “Қайырымдылық және оны мен қалай түсінемін?” т.б. тақырыптарға шығарма жаздыртуды кеңінен қолдану-ға болады Бұндай жұмыстар оқушылардың көзқарасын, күмәндәрін, толқуын және ой-пікірлерін көрсетуімен құнды. Басқа әдістердің де, соның ішінде оқушының ішкі көзқарасын анықтауға көмектесетін со-циометриялық әдістердің диагностикалық мәні зор. Диагностикалық әдістердің кешені ғана оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапа-ларының қалыптасуы туралы түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың тәрбиелілігінің негізіне Л.С.Выготскийдің бала-ның жас ерекшелігі мен жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқу-шылардың тәрбиелік деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, яғни өзіндік санасының қалыптасуын ескеруді керек етеді. Оқушылардың өзара қарым-қаты-насы олардың тәрбиелік деңгейін анықтауда басты рөл атқарады деп түйіндейді.

Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген бі-лім, білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік-адамгершілік қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлық көріні-сімен анықталады. Олай болса, тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьек-тивтік баға беріледі.

М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негіз-гі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.

Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйе-ге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау. Педагогикалықдиагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс - әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасыдегеніміз тұлғаның білімдік жә-не тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.

Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеумет-тенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз.  Әлеуметтенуі - дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік - ғылымилық,  шеберлік, зиялылық - қа-былдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік - жігері, туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері.

Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары.Педагогикалық - диагностикалық экспериментқұрылы-мына бастапқы зерттеу, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, са-лыстыру, қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдіс-темесіне, әдіс - тәсілдеріне сүйене отырып, бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, әңгімелесу, интервью, тест, контект талдау т.б. әдістер негізінде эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.

Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдіс-тердің бірі контент-талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс - әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізілген контент - талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сыпаттама бере аламыз. 

Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағыт-талған, жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, крите-риалдық - бағытталған т.б. 

Н.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагнос-тика жүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:

- сапалық және сандық сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағ-дайы, мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);

- зертелушініңсапалық және сандық сипаттамасын бағалау кри-терийлерін құрастыру;

- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты жиі кездесетінін айқындау;

- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;

- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жол-дарын көрсету;

 - зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені наси-хаттаудың қажеттілігін негіздеу.

Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері.Педагогикалық – психологиялық диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, син-тез, жобалау, индукция, дедукция, идеалдау, ойша эксперимент, са-лыстыру, жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.

Нақты жүргізілген педагогикалық - диагностикалық экспери-мент педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мек-тептегі педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерек-шелікке,  анатомиялық - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагнос-тика жүргізгенде мектепке дейінгі, кіші мектеп жастындағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы аралықтарды нақты белгілеп жас ерек-шелігін негізге ала отырып жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.

Тәрбие жүйесінде сапа критерийлеріне жүйенің қойылған мақ-сатқа жақындау дәрежесі, мектептің жалпы психологиялық климаты, оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыс-тарының нақты іске асуы, оның тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгей-лерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлға-ның дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғы-лыми зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік -диагностикалық зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары деп үш деңгейлерге бөліп қарастырылады.

Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында ада-ми құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске асуы көзделеді.

5.5.Оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы.«Педа-гогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерек-шеліктері. «Педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бас-тап «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткен-дей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды. Педагогикалық технологияның белгілі авторлары Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Бруннер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресей ғалымдарының арасынан педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде қолданған ғалымдар: В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.А.Мустаева, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко. П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, т.б.

Тәрбие технологиясытұлғаның рухани құндылықтарын қалып-тастыруға негізделген оқу - тәрбие үдерісінің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ, тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым-қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс әре-кеттерін қамтиды.

Педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешу-ге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педа-гогикалық үдерісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.

Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педаго-гикалық үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Педагоги-калық үдеріс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педаго-гикалық технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарас-тырылып, сол принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыра-тын педагог тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның оқы-ту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді, оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыра-тын адамнан тыс қарастыратын болса, онда педагогикалық технология - педагог тұлғасының алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып, кез келген педагогикалық мақсат тиімді шешілуі үшін білікті педагог тех-нологияға сәйкес, алуан түрлі әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.

Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы тү-рінде қарастырылады. В.В.Пикан педагогикалық технологияның ма-ңызды белгілерін бөліп көрсетеді.

- технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін ав-тордың әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім беру үдерісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы екені анықталады;

- педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегі, операция-лары, коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже формасын белгілейді;

- технология мұғалім мен оқушының өзара байланысты әреке-тін келісім-шарт негізінде саралау және даралау, адамдық және тех-никалық мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтық қатынастарды оңтайлы шешу принциптеріне негізделеді;

- педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұ-ғалім қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нә-тижеге (мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;

- педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар (өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструмента-рилер) органикалық байланыста болуы тиіс.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында орын алған пікірдің бірі - педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек, педагогикалық технологияны меңгеру, педагог-тың жеке сапалық қасиетіне байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі мен шеберлігі әр түрлі болады.

Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық техно-логия жалпы және жеке технологиялар болып бөлінеді. Жалпы тех-нологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие жағдатын талдап, оны шешу жолдарын анықтау.

Сонымен, біртұтас педагогикалық үдерісті жобалап, оны жүзе-ге асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр болады. Педагогикалық технологияның «әдістен» айырмашы-лығы тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін жобалауында. Педагогикалық технология қойылған мақ-саттың диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педа-гогикалық үдерісті обьективті  бақылауын қажет етеді.

 

5.6. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдіс-темелік және технологиялық деңгейлері.ХVІІ ғасырда ең алғаш технологияныңконцептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастыр-ды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, берік-тілік, белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжі-рибемен байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерек-шеліктерін ескеру.

Оқыту технологиясы сыныптық-сабақ жұмысын ұйымдас-тыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдар-ламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақы-рыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады. Оқыту технологиясы тәрбие технологиясымен өзара сабақтастықта іске асады.

Сыныптық сабақ технологиясы оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйым-дастырудың басқа формаларымен толықтырылады.

Тәрбие технологиясы сабақ үдерісі мен тәрбие үдерісінде қатар іске асырылады. Білім беру жүйесінде соңғы жылдары оқытудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен оқытулармен бірге инно-вациялық оқытулар жедел қарқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үдерісінде  маңызды орын алады. Инновация дегеніміз – дәстүрлі және көпшілік тәжірибеден өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудің нақты нә-тижеге бағытталған оқыту түрі болып табылады. Бұл, біріншіден, ғы-лыми және мәдениеттану білімдерінің негізінде мақсатты бағытта жобаланған оқу үдерісі болып саналса, екіншіден жеке тұлғаны дамы-тудың болашағын жобалайтын және соны жүзеге асыруға дайындық мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып саналады.

Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырудаБлумның таксономиясы негізге орын алады: білімдік, танымдық үдерісті қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейді қамтиды: білім, түсіну, қол-дану, талдау, жинақтау, бағалау денгейді қолдауға болады. Жоғарыда аты аталған барлық технология тәрбие технологиялармен жүйелі түрде сабақтасып жатады.

Сонымен қатар, тәрбие мәселесіне байланысты К.Құнантаева, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С. Ғаббасов, С.А.Ұзақбаева, И.Р. Халитова, Ш.Майғаранова,  Е.Ө Жұматаева, К.К.Жампеисова, А.А.Калюжный, А.А. Бейсенбаева Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми тұжырымдамаларын ұсынды.

Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы. Қазіргі техноло-гиялар педагогика ғылымы мен тәжірибені үйлестіріп, бұрынғы тәжі-рибені дәстүрлі элементтермен қоғам дамуындағы жетістіктермен жә-не қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдарын бірік-тіреді. Педагогикалық технологияның құрамды бөлігі әлеуметтік өзге-ріске және педагогикалық ойға тәуелді; педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерін ескереді, озат педагогикалық тәжірибені қолданады, отандық және шетелдік тәжірибеге сүйенеді. 

Тұлғалық–бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні: тәр-биенің мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қа-рым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар жасау, яғни тұлғаның білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз пікірін, дүниетанымын, өзіндік қолтанбасын және өзіне тән тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәрбиенің нақты мәні – тұлғаны сомдаушы педаго-гикалық үдерісті ұйымдастыру. Тәрбиеге қамтылған субъектілердің барлығы бірдей жағдайда тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік нәтиже көрсетеді, яғни тәрбиелік деңгейі әртүрлі болады.

Түйіндей келе, тұлғалық бағдарлы тәрбиенің мәні – баланың субьект ретінде қалыптасуына ерекше мән береді.

Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты – тұлғаны дамытып, оны әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бейімдеп, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білуге тәр-биелеу.

В.В. Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеу-меттік, адамгершілік,жауапкершілік, даралық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін көрсетеді. Тұлғалық бағдарлы тәрбиесін жобалау үшін игерілетін жеке басқа тән тәжірибенің түрін қарастыру керек, құн-дылық бағдарлы тәжірибені игертетін түрлі жағдаяттар жасап, тәр-биелік жағдаят тудыру “технологиясын” (тәсілін) өмірге әкеліп, оны тексеру шарт.

Гуманитарлық білімнің негізі — адам болмысын құндылық-мәнді тұрғыдан игеріп, баланың өзгеруге бейім екенін түсініп, соған лайық тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Гуманистік тәрбие педагогикалық тұлғалық-бағдарлы тәрбие теориясына ерекше назар аударып отыр. Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар:

- тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін жэне өмірдің мәнін түсіну;

- жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру;

- әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;

- тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру);

- тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.

Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдау дегеніміз айналадағы шындықты адам өміріне кажетті құндылық қатынас арқылы қабылдау. Субъект дүниені қабылдауда назарын заттың адам өмірінде атқаратын құндылығына, объектінің жабық тұрған ішкі мәнін сезініп қабылдауы-на аударып, оған мән бере білуі тиіс. Мәдениетті адам айналадағы шындықты заттық және кұндылық тұрғысынан, яғни заттық тұрғыдан қабылдауы құндылық қабылдаумен толысып, заттың адам өміріндегі мәні құндылық мазмұнмен жетілуі тиіс.

Құндылык бағдарлы тәрбиені Н.Е.Щуркова зерттеп, оны топта іске асырудың пайдасы зор екендігіне тоқталды: топтағы әр бала ойланып, әрекет етуге күш жұмсайды;топта калыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-күйіне де әсер етеді.

-тәжірибесі, білімі, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу;

-көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктерден қажетті тұжырым жасай білу;

-өмірдің мәнін іздеу, түрлі өмірлік құндылықтарға өзінің қатынасын білдіру.

Тұлғалық бағдарлы тәрбие оқушыны әлеуметтендіруді, оның тұлғалық қасиетін субъект деңгейінде дамытуды көздейді. Жан дү-ниені қозғалысқа түсіру – тұлғаның ішкі дүниесін дамытудың бірден-бір жолы. Осыған орай тұлғаның жан дүниесіне түрткі тудырып, оны дамытуды ұйымдастыру – педагогтың басты қызметіне айналуы шарт.

Е.В. Бондаревская өз зерттеулерінде «жалпы білім беретін мек-теп түлегінің моделі – мәдениет адамы», - деген педагогикалық ықпал ету бағыттарын ұсынып, жеке тұлғаны сипаттайтын: еркін, ізгілікті, рухани, шығармашыл, тәжірибелі тұлғаның өлшемдерін анықтаған.

Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде мұғалім шәкіртті дамыту үшін пе-дагогикалық үдерісті жобалай білуі тиіс. Осындай тәрбиеде шәкірт өз ісінің нәтижесін көрсетуге, серіктестерімен қарым-қатынас орнатуға, өзінің және өзгенің шығармашылық әрекетін бағалай білу қызметін игереді. Тәрбиеші үнемі тәрбиеленушіні өзіндік ізденіске бағыттайды.

Тұлғалық бағдарлы тәрбие үдерісінде тұлғаның жеке басына на-зар аударылып, қарым-қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қарапайым түрдегі пікірлесу (тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынас), маз-мұндық сұхбат (белгілі тақырып мазмұнында пікірлесу), тұлғалық-мәнді сұхбат (құндылық бағдарлы тұлғалық-бірлесуді қамтамасыз ететін пікірлесу).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.