|
|||
тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 5 страницаТәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылым-ға, еңбекке деген ынта ықласын қалыптастыруда ойын технологиясы негізгі орын алады. Ойын технологиясы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, бір бірлерін түсінудің психологиялық үдерісі, эмоциялары, ерік - жігерлік қасиеттері шыңдалады, мінез - құлқы айқындала түседі, белсенділігі артады, соның нәтижесінде тұлғалық қабілеті көрініс береді. Ойын ол тәрбие құралы. Қарым-қатынасқа түсу арқылы оқушының мінез - құлқындағы кемшіліктер, оның бойын-дағы өзімшілдік қасиеттер көрініс береді. Мұғалім тұлғаның бойын-дағы жағымсыз қасиеттерді жою мен болдырмаудың тәсілдерін пайда-лана отырып, оның жағымды қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Іскерлік ойындар – заттық және әлеуметтік мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті, белгілі бір тәжірибеге тән қарым-қатынасты модельдеу формасы. Ойын арқылы адамның белгілі бір типті тәжірибелік әрекет жасауын ұйымдастыруға байланысты және қатысушылардың мақса-тына орай, ойынның мынадай түрлері ажыратылады: оқу, зерттеу, басқару, аттестациялық. Әлеуметтік тәрбие үшін іскерлік ойынның мынадай сипаттарын ескеруге болады: - ойын арқылы шынайы өмірде қол жеткізе алмайтын мәселеге қол жеткізіп, сонан кейін оны шынайы өмірде қолдануға болады; - ойын арқылы адам жаңа идеяны белгілі бір іс-әрекет, іс-қимыл арқылы жылдам игеруге ұмтылады; - ойында қиял элементі болғандықтан, ол адамның жасырын қабілетін ашуға мүмкіндік береді; - өзге адамның рөлін орындау арқылы, сол адам үшін ненің ма-ңызды екенін және оның жеке басына тән түрткісін түсінуіне көмектеседі. Тәрбиеленуші іскерлік ойынның танымдық мазмұнымен таны-су арқылы өзге қатысушылармен өзара әрекеттесуге, белгіленген нұс-қаға сәйкес бірігіп қызмет атқаруға және оны шешуге дайындалады, өз шешімімен бірге, ортақ шешім қабылдауға дағдыланады. Түрлі жағдаяттық мәселелер қатысушыларды бірігіп әрекет етуге, ортақ пі-кірге сай шешім қабылдауға жаттықтырады. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған техно-логия оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін зама-нуи технологияларға жатады. Замануи технологиялар қазіргі таңда ке-нінен қаолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты, сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербел-сенді әдістер, IP технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуы-на ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған. Ұжымдық шығар-машылық істер технологиясы болғандықтан тапқырлық, белсенділік, табыстылық, төзімділік, көпшіл, мейірімділік қарым - қатынастар жеке тұлғаның бойында да және ұжымда да қалыптасады. Қазіргі дамыған қоғамда коммуникациялар ақпарат тасқынын меңгеруге алкен мүмкіндіктер ашып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры»,- деп аталуы да қо-ғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі ақпараттандыру екеніне тоқталады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының негізгі басты бағыты қоғамды ақпараттандыру деп атауы да болашақ ұрпақтың алдына үлкен міндеттерді жүктейді. Елбасы атап көрсеткендей, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байла-нысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет» деуі де қоғамды ақпараттандыру оқушыларға ақпараттық білім негіздерін, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын менгерту болып табылады. Ақ-параттық технологияларғаэлектрондық есептеуіш техника,оқу - тәрбие үдерісінде компьютерді пайдалануға, модельдеуге, електрон-дық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделген компьютерлік технологиясы жатады. Ара-қашықтықтан оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкін-діктер жасайды. Ақпараттық технология коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы оқу мен тәрбиені жетілдіруді көздей-ді. Интерактивті технологияларды пайдалану арқылы бірлесе отырып іс әрекет жасауға, мультимедиялық проектор және ACTIVstudio, ACTIVtablet, ACTIVwandуказкасы, ACTIVslate, Флипчарт программа-ларын тәрбиелік іс - шараларда тәрбие және сынып сағаттарында, конференция, диспут, дөнгел үстелдерде пайдалану арқылы оқушы-лардың ақпараттық жүйелер бойынша білімдік деңгейлері кеңейеді. Мультимедиялық технологиялар да тәрбие шарасын іске асы-руда негізгі орын алады. Қазіргі таңда мектептерде өте жиі қолданы-латын технологиялардың бірі. Тәрбиелік іс - шараларда аудио техноло-гия, проектор, телевизор, магнитофон т.б. пайдалана отырып, оқушы-ның танымдық деңгейін дамытуға ықпал етеді. SMART технологиясы әлемдік деңгейде замануи тұрғыда жаңа-шылдықпен іске асып отырған технологиялардың бірі. Тәрбие жұмы-сында көптеген іс - әрекеттер презентациялар, слайд шоу, дыбыстық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан тапсырма беру, инетрбел-сенді әдістерді пайдалану арқылы іске асады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы кез келген уақытта электронды жүйе арқылы өзінің білім көздеріне қолжетімділігі арқылы білік, білім, дағдысын жетілдіре алады, білім қорынынң молаюына ықпал етеді. Замануи байланыстарға SMART технологиясы кез келген шараларға байланысты материалдар-ды еркін пайдалана отырып, өте қызықты өткізуге жағдай туғызады. Тәрбиелік іс-шараларда кейс технологиясы тәрбиелік іс шара-ларда әр түрлі кездесетін жағдаяттардан, әртүрлі пікір-таластардан шығудың жолдарын анықтайтын, өз көзқарастарын, дағдыларын, ой-лауды, пікір талас тудыра отырып, одан шығу жолдарын, жағдаят-тарды шешуге негізделген сұрақтар мен тапсырмалардың жинақта-луын қалыптастырады. Кейс (сase) ағылшын тілінен аударғанда «жағ-дай», «жағдаят» деген мағынаны береді. Оқушының өмір сүру кеңіс-тігіде әр түрлі жағдаяттардың туындайтыны белгілі. Кейс техноло-гиясын тәрбиелік іс - шараларда қолдануда жағдаяттардан мұғалім шығудың жолдарын нақты айқындайтын әдіс - тәсілдерді, талдау-ларды, мәселелерді шешуде алгоритмдік реттілікті құра білуі керек. Жаңашылдық үлгіде тәрбиелікшараларды іске асыруда ақпа-раттық технологияның негізі ғаламтор жүйесінде смартфон немес компьютерлер арқылы Whatsappты пайдалану өзекті болғанын көре-міз. ХХІ ғасырдың басында бұл жүйені әлемнің 57 пайызы пайда-ланып отыр. Адамның санасын қалыптастыруда ақпаратттық жүйенің негізгі орын алатынын көріп отырмыз. Қарым-қатынас технологиясы.Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеле-нуші) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшін-шіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, тәрбиеленушінің оқу мін-детін шешуімен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылы-ғымен, оқушының іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады. Тәрбие технологиясы әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ, тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс- әре-кеттерін қамти отырып, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптас-тыруға негізделген педагогикалық оқу - тәрбие үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет болып табылады. Маманның педагогикалық шеберліктің төрт құрамды бөлігін ажыратуға болады: оқушылардың жеке және ұжымдық әрекетін ұйымдастыру шеберлігі; оларды сендіру шеберлігі; білім және іс-әре-кет тәжірибесін меңгерту шеберлігі; педагогикалық техниканы мең-геру шеберлігі. Педагогикалық әрекетте осылардың бәрі тығыз байла-нысты болады.
5.7.Мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастырудағы кә-сіптік құзыреттілігі. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері.Педагог құзыреттілігіжоғары тұрғыда қабілетті, білгір, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. “Құзыр”, “құзырлылық” ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын ал-майық, “қабілет”, “біліктілік”, “дайындық”, “білім”, “сапа” деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің “өл-шемдік сәйкестігін” білдіреді. Бұл, “құзырлылық”, “құзыр” ұғымд-арының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді. Құ-зыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыра-тылмайды. Тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құ-зыреттілігі оның біліктілігі мен қабілеті ретінде беріледі, қойылған мақсатқа жетудегі үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланысты, тәсілдер мен құралдарды жетік біледі деген мағынада қолданылады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдерісіне маманның кәсіби шеберлігі, білімі, білігі, дағдысы, өз мамандығына, тұлғаға деген сүйіспеншілігініңүлкен әсері бар. Білімін ұдайы жаңарту, нақты жағдаяттарда білімін ұтымды пайдалану үшін жаңа және әлемдік ақпараттарды меңгеру негізінде тәрбие үдерісін дамы-туға ықпалы етеді: тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік қырла-рын меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орын-даудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. Жоғары оқу орындарында болашақ маманның тәрбиелік іс – әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі оқу таным-дық, құнды - мағыналы, ақпараттық, коммуникативтік, өзін - өзі жетілдіру тұрғысынан қамтылады: - болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік; - мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалып-тасатын оқу-танымдық құзыреттілік; - болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнын-дағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік; - айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзырет-тілік; -денелік, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмо-ционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі. Тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі тек ақпараттануын, ақпаратты қолдану біліктілігін емес, өз шешімін қабылдауға негіз ретінде пайдаланудағы тұлға сапасы, тұлғалық сипаттама ретінде қарастырады.
|
|||
|