|
|||
зін-өзі бақылауға арналған сұрақтарӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.Үздіксіз білім берудің өзектілігін қандай факторлар айқындайды? 2.Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуінің әдістері қандай? 3.Педагогикалық рефлексияның атқаратын қызметтері қалай жіктеледі? 4.Неліктен үздіксіз педагогикалық білім алу мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуының негізі болып есептеледі? 5.Болашақ педагогтың өздігінен білім алуының қандай тетіктерін сипаттай аласыз? 2-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1-тақырып. ПЕДАГОГИКА АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
1.1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педаго-гика жалпыадамзат баласын тәрбиелейтін ғылымның негізгі саласы. Педагогика гректің «пайдос» - бала, «аго» - жетелеу деген сөзден құра-лады. «Баланы жетелеу» - деген мағынаны береді. «Пайдогогос» - ба-ланы жетелеп жүруші дегенді білдіреді. Қоғамның даму үдерісіне сәй-кес педагогика да балаға тек тәрбие беріп қоймай, білім, білік, дағды-ларын, шынайы болмысты қалыптастыратын, рухани құндылықтарын дамытатын, қолданбалы ғылымның саласы. Педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы ғы-лым болып табылады.Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір ту-ралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске аса-тын адами әрекеттің бір саласыдеп қарастырады. Ғылым - ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағыт-талған және ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: мо-дельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б. Ғылымды ұйымдастыру мен талдаудың бірлігіне «пән» ұғымы алынды. Педагогика-педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі. Педагоги-ка практикада өз орнын тапты, яғни орнықты. Зерттеу технологиясы жетілдірілді, педагогикалық теория жоғары деңгейге көтерілді. Соңғы жиырма жылдықта педагогика қолданбалы мамандықтарға қажет пән деп танылды. Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы. XX-XXI ғасырлар тоғысында кез келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің күшеюі, адами капитал-дың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылым-дардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педаго-гиканың маңызын арттырды. Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі. Педагогика ғылым ретінде.Бұл ретте ғылыми пән оның құры-лымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі реф-лексиялауы мен дамытуын, зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғы-лыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылы-мын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Ғылымның дамуы ғы-лыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үдерісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, ке-шенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән бола тұра, фи-лософиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қол-данылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу«жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да жалпы ғылымилық түсініктерсіз мүмкін емес. Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық бол-мыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен толықтырылады. Жүйе дегеніміз - бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені.Зерделенетін жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құ-рылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтің қыз-меті, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін. Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны әлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қатынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері - өндірістік, экономи-калық, ғылыми-этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тұғырлар бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйе-лілік-әрекеттік тұғыр қолданылады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйе-сін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады: прак-тик-педагогтардың жұмысы; әкімшілік әрекет; білім беру үдерісін ұйымдастыру әрекеті; ғылыми-зерттеу әрекеті; педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға енгізу әрекеті. Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың бәрін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады. Бұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің маз-мұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұнының құрылымдық жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға не-месе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тұ-ғыр тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызмет-терін нақты белгілеу. Педагогика кез келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейне-лейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әрекетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады. Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үдерісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс - жүйенің хал-ақуа-лының ауысуы,демек, білім беру үдерісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үде-ріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, пе-дагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады. Енді бір маңызды ұғым -«педагогикалық өзара әрекеттестік»,практикалық педагоги-калық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық ету-мен байланыстының бәрін сипаттайды. Педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Пси-хологиядан («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақ-тау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетикадан («кері байланыс», «динамикалық жүйе») алынған көптеген ұғымдарды педагогикада кеңінен қолданыс табуда. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеу-шінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз - зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бей-нелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын. Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағы-нышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикада оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады. Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі бір нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлға-ның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансля-циясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені мең-геруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педа-гогика ғылымының өз пәні болып табылады. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән. Білім берудің негізгі мақсаттарына: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге, оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге, оқу-шыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренугекөмектесу, оқушының өзіне деген үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогика ғылымының атқаратын міндеттері: - тәрбие заңдылықтарын танып білу; - озат педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау; - іргелі, қолданбалы және практикаға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру; - педагогика ғылымының ұғымдық-категориялықаппаратын анықтау және дамыту; - оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және әдістерін жетілдіру; - жаңа тиімді педагогикалық технологияларды құрастыру; - дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналасу; - білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру; - білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау. Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамы-ды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салысты-руға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зер-делеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады. Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақ-тарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие бе-ру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөлік-терімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретін-де санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйе-сінің қатарына кіреді. Педагогиканың негізгі салалары: пе-дагогика тарихы, этнопедагогика, отбасы педа-гогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектеп-ке дейінгі педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру педагогикасы, түзету педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады. Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен –педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады. Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі бі-лім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құрал-дары даярланады.
1.2. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, бі-лім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Тәрбие категориясы ең алғашқы педагогикалық категориялардың бірі. Тәрбие екі мағынада қарастырылады: кең мағынадағы тәрбие және тар мағы-надағы тәрбие. Кең мағынадағы тәрбие-ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; тар мағынадағы тәрбие-субъект-субъектілі қарым-қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата-анадан балаға берілетін тәрбие. Тәрбие дегеніміз-құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құнды-лықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді қатынаста болуына бағытталған үдеріс. Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдыларды, тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі. Білім – адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тә-жірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағида-лардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б. Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәде-ниеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. білім берудің қоғамдық қызметтері тұрғысынан ол – әлеуметтік тәжіриені жеткізудің құралы. Оқыту– дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқы-тушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатына-сы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді мең-герту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мақсаттарына сай оқушы-лардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекет т.б. Құзыреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі. Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен байланысын қамтып тұрған базалық категория - педагогикалық үдеріс категориясы. Педагогикалық үдеріс - бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педаго-гикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың жиынтығы.
1.3. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар. Педагогикалық ғылымдардағы пәнаралық ұғымдар тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру т.б. ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста болады. «Тұлға» ұғымы заманауи педагогика мен психологияда кеңінен қолданылады. Адамның ішкі болмысына терең бойлап ену үшін бұл ұғымның үлкен маңыздылығы бар екені даусыз. Дегенмен, ғылыми әдебиеттердегі адам тұлғасы мәселенің зерделенуі оның, яғни тұлғаны түсінудің ғылыми қауымдастықта ма-құлданған түсініктемесі әзірге жоқ екенін дәлелдеді. Бұл, әрине, адам тұлғасының ғылыми зерделеу пәні ретінде өте күрделі екендігінің айғағы. Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер.Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Әлеумет-тендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдері-сіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы ар-қылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы. Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық, яғни ерекше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы – жал-пы ғылымилық ұғымдарды бөліп қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады. Педагогикада тұлға ұғымы көбінесе оқушы немесе білім алушы-ның жеке басы, іс-әрекет ұғымы тәрбие жұмысы, қарым-қатынас ұғы-мы араласу, оқушы мен мұғалімнің бірлескен қимылы, дамыту ұғымы жаңа сапаға көшу, әлеуметтену ұғымы адамның өмірге бейімделуі, қа-лыптастыру ұғымы адам бойында белгілі бір сапалардың орнығуы де-ген мағыналарда қолданылады және соларға ұқсас мәнінде пайдала-нылып жүр. Демек, бұл ұғымдар әлеуметке түсінікті болу қағидасына сәйкес тұрмыста қолданылатын қарапайым мағынасына жақын түрінде түсініледі.
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика немесе педа-гогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ой-ластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын маз-мұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылым-дарын, басқа жағынан білім беру үдерісінің осы немесе басқа қырларына қызығушылық танытатын пәндерден ажырату керек. Мысалы, педагогикалық психология – бұл психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен тәрбиелеу жағдайын-да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында қалып оты-рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқыту-дың педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдас-тыру формаларын ғылыми негіздейтін – дидактика бөлініп шықты.
|
|||
|