Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақтар мен тапсырмалар



Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Педагогика мен психологияның зерттеу пәндері арасындағы айырмашылықты сипаттаңыз.

2. Әл-Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың шығармаларындағы психологиялық зерттеу әдістері және оларды педагогикадағы ғылыми зерттеу мен білім беру практикасында пайдалану логикасы.

3. А. Маслоудың тұлға теориясы және оны педагогикалық зерттеудегі қолдану мүмкіндіктері.

4. Қазақтың танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаевтың және т.б. еңбектеріндегі зерттеу әдіснамасы туралы білімдерді жүйелеңіз.

5. “Неге психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылады» деп ойлайсыз?

 

 

2-тақырып.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

2.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына тоқталайық. М.А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анық-тамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен не-гіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».

В.В. Краевский, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасы-ның анықтамасын қабылдай отырып, «педагогиканың әдіснамасы педа-гогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсіл-дердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылы-ми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі»,- деп тұжырымдайды

Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдіс-тері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».

Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы – педагог-тардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамта-масыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдіс-тері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.

Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.

Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми әрекетін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқа-рудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.

Әдіснамалық мәдениеттің жетекші компонентіәдіснамалықрефлексияболыптабылады, олзерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысына болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік бе-реді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұнына ен-гізу. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны зерт-теу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің ке-лесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.

Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашы-лық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнынапедагогикалық құрылымы мен әрекеттері туралы білім енеді.

- жалпы ғылымилық  мазмұндағы негізгі, іргелі педагогикалық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар; педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;

- тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.

 

2.2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі. Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:

1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұр-ғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;

2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешен-ді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеал-дау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің ұстанымдық бағыты анықталады, оның стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.

3) нақты ғылымилық әдіснамапедагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, соны-мен қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажет-ті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогика-ның ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;

4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғаш-қы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық немесе құралдық–технологиялық. Аталған деңгей-дің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуына сай  жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымдар-дың нәтижелері қалыптасады.

Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайы болмыспен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.

Ғылыми-педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді философия-лық категориялар (мән және құбылыс; себеп пен нәтиже; қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен шынайылық; мазмұн мен форма; бірегейлік, ерекшелік және жалпылық, т.б), заңдар (қарама–қайшылықтардың күрес заңы; сандық өзгерістердің сапалыққа айналу заңы; терістеуді терістеу заңы), қағидалар (теория мен тәжірбиенің бірлігі қағидасы; зерттелуші мәселеге нақты тарихи және шығармашылық әдіс қағидасы; объективтілік қағидасы; үдеріс пен құбылыстың жан–жақтылығын зерттеу қағидасы) атқарады.

 

2.3.Философиялық заңдар, заңдылықтар.Қарама–қайшы-лықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңыдаму үдерістерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болуына әсер етеді. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдар-ды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама–қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық т.б.).Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлілігі, қақтығы-суы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қай-шылық дамуы деп атайды. Ол таным диалектикасына сәйкес қозғалыс пен дамудың қайнар көзі немесе себебі міндетін атқарады «Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деген анықтама бері-леді, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп түсіну қажет. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама–қайшылықтар бірін-бірі жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін қолдап отырулары керек.

Дамудың кезкелген үдерісі өзінің қозғалу барысында, кезең-дерінде сапалық жағынан бір - бірінен өзгеше болады. Ескі сапалық жағдай жойылады, ол жаңа сапалық жағдаймен терістеледі. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Теріске шығару ескі құбылыстың жай ғана жойылуын емес, сонымен бірге теріске шығарылған құбылыспен бел-гілі деңгейде байланыста болатын жаңаның пайда болуын білдіреді. Осылайша, диалектикалық терістеуді теріске шығару ескіні жоюға ба-ғытталған негативтік заттың қырларын, оның жекелеген элементтерін ұстап, сақтап қалуға бағытталған позитивтік өзара байланыстың екі қырын қамтиды. Жаңа ескіні терістейді.

Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы даму тетігін, ескіден жаңаға өтудің жолдары мен түрлерін ашады. Заңның мәні «сапа», «сан», «өлшем» категорияларын талдау арқылы ашылады. Заттардың анықтығын білдіретін басты мәнді қасиеттердің жиынтығы сапа деп аталады, ал қалыптасуы сапаның өзгеруі болып табылады.

Терістеуді теріске шығарузаңы - заттың жаңа сапалық жағ-дайын нығайту, дамуға кедергі келтіретін компоненттерді жойып, ор-нына жаңалары пайда болады деген сөз. Жаңаның пайда болуы бола-шақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуындағы шешуші ке-зең. Ол жаңаны қабылдау арқылы өзін дамытады, бойына кәсіби құзыреттілік сапаларын жинайды.

Таным теориясы. Ғылым және оқу танымы ғылыми білімнің құрамымен, құрылымымен, танымдық қызметімен сипатталады. Ғылы-ми білімді ұғымнан теорияға дейін меңгеру білім сапасының маңызды белгісі болып есептелетін жүйеліліктің логикалық-психологиялық және дидактикалық сипаттамасы болып есептелінеді. Оқу-танымдық әрекетте таным қызметтерін меңгеру ғылыми әдісті игеруге әкеледі. Логиканы дидактикалық үдерістегі оқытудың құралы еткен тіл екені анық. Ғалым да, оқушы да құбылысты сипаттау (не?, қашан?, қайда?, қандай?, қанша?, қалай?), түсіндіру (неден?, неге?, не үшін?), болжау (не болады?, егер?) - үшін қолданыстағы кілтті сөздері бірдей. Бұл лексикалық құрылымдар оқу мәтіндерінің, оқу тапсырмаларының маз-мұнына үнемі және мақсатты түрде қосылып отырады.

Философиялық білім барлық нақты ғылымдар жүйесінде дами-ды және келесі құрылымдық бөліктерден құралады: онтология (бол-мыс туралы ілім), әдіснама (әдіс туралы ілім), гносеология (таным ту-ралы ілім), формалды, диалектикалық, арнайы логика, табиғат фило-софиясы, әлеуметтік философия, антропологиялық философия, эстети-ка, этика (мораль туралы ілім), философия тарихы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.