Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері қандай?

2. Педагогикалық қарым-қатынастың даму динамикасындағы негізгі сатылары қалай сипатталады?

3. Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс қандай түрлерге жіктеледі?

4. Педагогикалық іс-әрекетте аксиалды және ретиалды қарым-қатынас түрле-рінің маңызы қандай?

5. Педагогикалық қарым-қатынас қандай міндеттер атқарады?

 

5-тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ

5.1. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуы-ның шарты.Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзге-рістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын әлемдік деңгейде арттыра түсті. Осындай өзгерістер еңбек нарығында әр адамның бәсекеге қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейім-деліп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды та-лап етуде.

Әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Edu-cation) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудің мәні ғылымның, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясыәр адам үшін өзінің және қо-ғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық ша-ғында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Демек, адамның бі-лім алуы уақыт интервалдарымен шектелмейді, ол өз қалауы бойынша өмір бойы өзінің білім деңгейін жетілдіре алады.

Үздіксіз білім беру – тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы үдеріс. Үздіксіз білім беру - тұлғаның жалпы жә-не арнайы оқу-тәрбие мекемелерінде, сондай-ақ, өздігінен алған білім, білік, дағдыларын жетілдірудің жүйелі танымдық іс-әрекеті.

Үздіксіз білім беру жүйесіне түрлі оқу-тәрбие мекемелерінің типтері (бала бақша, жалпы білім беру мектептері), кәсіптік-техникалық колледждер, жоғары оқу орындары (бакалавриат, магистратура, докторантура, адъюнктура), біліктілікті жетілдіру курстары, тағылымдамалар, түрлі қызығушылықтарға байланысты құрылған қоғамдастықтар, on-line курстары, семинарлар, тренингтер, қашықтықтан оқыту түрлері т.с.с. жатады.

Білім берудің үздіксіз сипатқа ие болуы оның құндылығының артуының дәлелі. Әр мемлекеттің дамуы оның экономикасының дамуымен ғана емес, сонымен қатар, адами капиталының даму деңгейімен, адами құндылықтар сапасымен өлшенуі тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасында барлық мемлекеттердің рейтингісі барынша жүйелі анықталып отырады. Ол рейтингте негізгі салыстырмалы үш өлшемі:

ü адамдардың денсаулығы, өмір жасының ұзақтығы;

ü адамдардың сауаттылық деңгейі, біліммен қамтылу сапасы;

ü адамдардың өмір сүру деңгейі.

Осы өлшемдерден көріп отырғандай, білім құндылығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының адами даму рейтингісінің негізгі үш субъективті факторының бірі ретінде қарастырылуда. Осы рейтингке қатысқан мемлекеттер адами даму индекстері бойынша төрт үлкен категориялар бойынша жіктеледі: адами даму индекстері өте жоғары, жоғары, орташа, төмен мемлекеттер.

Қоғамның барлық саласы қарқынды түрде әлеуметтік-мәдени өзгерістерге ұшырап жатқан жағдайда үздіксіз білім беру мәселесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтау кепілі ретінде өзектене түс-кені айқын байқалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы-ның қазіргі даму кезеңінде, үздіксіз білім берудің сапасын қамтамасыз ету стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады, себебі болашақ-тағы экономика, білім беру, мәдениеттің дамуы мамандардың сапалы дайындығына тәуелді.

Үздіксіз білім берудің себептері:

ü қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі;

ü білімнің қоғамдық капиталға айналу үдерісі;

ü қоғамдағы тек білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті, құзіретті мамандарға деген сұраныстың көбеюі;

ü ақпараттық технологиялардың жылдам дамуына байланысты бұрынғы біімдердің тез ескіріп қалуы;

ü жаһандану әсерінен ақпараттармен алмасу жылдамдығының күшеюі.

Үздіксіз білім беру идеясы төмендегідейқағидаларға негізделіп жүзеге асырылады:

- гуманизм принципі; білім алудың қолжетімділігі;

- білім берудің ашықтығы;

- білім берудің жан-жақтылығы т.б.

Білім беру саласында үздіксіз өзгерістер енгізу қажеттігін біз соңғы жылдары Қазақстан мектептерінің білім сапасын анықтайтын және білім нәтижелерінің тиімділігін көрсететін түрлі халықаралық деңгейдегі PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің нәтижелерінен байқап отырмыз. Осындай зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, білім беру сапасын жоғарылату үшін әуелі мұғалімдердің кәсіби шеберлік-терін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет.

Жаһандық өзгерістер аясындағы жаңартылған білім беру маз-мұнының талаптарына сәйкес мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үздік-сіз дамыту ерекшеліктері жан-жақты қарастырылуда. Осыған байла-нысты үздіксіз педагогикалық білім беру үдерісі ерекше өзекті мәселеге айналып, Қазақстан Республикасының жаңа форматты педагогына үз-діксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы әзірленген. Бұл тұ-жырымдаманың негізгі мақсаты – өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жаңа форматты мұғалім тұл-ғасын қалыптастыру жүйесін анқытау.

Үздіксіз педагогикалық білім беру деп педагогтың жалпы және арнайы ісерліктері мен кәсіби-танымдық, рухани қажеттіліктерін өмір бойы үздіксіз дамыту үрдісін атайды. Ең алдымен педагог мамандардың  дайындық сапасын жетілдіру қажет, онсыз отандық білім беру жүйесінде жүргізілетін білім беру реформаларының тиімділігінің тө-мен болып шығуы ықтимал.

ХХІ ғасыр ақпарат пен білім ғасыры болғандықтан Қазақстан-дық білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында білім сапасын жоғарылату, адами капиталға инвестициялар жасау мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Осы мақсатта Қазақстанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педа-гогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесе отырып дайындаған Бағдарламаларда әлемдік білім беру саласындағы үздік тәжірибелер жинақталып, мектеп мұ-ғалімдері мен басшылары, сонымен қатар әдіскерлер біліктілікті арт-тыру курстарынан өткізіліп, мектеп өмірінде қарқынды өзгерістер орын алып келеді.

Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байла-нысты болады. Қазіргі заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаз ғана бәсекеге қабілетті ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз - жаңа ғылыми білімдерді іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінің кәсіби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.

 

5.2. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын да-мыту факторы.Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат тари-хындағы  өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек фило-софы Сократтың, шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектерінен, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінен бастау алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, пси-хологиялық-педагогикалық идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны баршамызға мәлім.

Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істей-тін адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солар-дың ішінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі елеулі орынды иеленеді, себебі оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзі-нің тәрбиелік деңгейі өте жоғары болуы керек.

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі - оның педагог ретінде өзіндік жеке қабілеттерін педагогикалық қызмет талаптарына бейімдеуі, кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жоғарылатуы және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту бойынша өз тұлғасын жетілдірудегі саналы іс-әрекеті.

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамыту үрдісінің нәтижесі – оның жеке тұлғалық қасиеттері мен кәсіби-педагогикалық қызмет талапта-рының сәйкестілігінің жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің негізгі қозғаушы күші – өзін-өзі өзгерту мен жетілдіруге деген қажеттілік.

Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәр-биелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Педагогика ғылы-мында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.

Л.С.Выготскийдің: «кез келген тәрбие ең соңында өзін-өзі тәр-биелеуге ұласады» - деген ойы педагогикадағы өзін-өзі тәрбиелеу мә-селесінің өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан педагогикалық тәжірибеде  қажет болып табылатын өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адам-ның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдар-мен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбие-леудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер  адам өзін басқа-лармен салыстыра келе өзін өте төмен бағаласа, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым қатынас жасау қиынға соғып, көп-теген сәтсіздіктерге кездесуі мүмкін.

Өзін-өзі қадағалау әдісі басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты дыбыс шығаратын күннің күркіреуі ол адамды сондай ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай қатынаста болуына байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық үдеріс. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуынан, ұстаздардың ұстамдылығынан, шыдамдылығынан, төзімділігінен, толеранттылығынанкөрінеді.

Өзіне-өзі бұйырық беру әдісі адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйрық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сон-дай бұйрықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырқты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйрық беру арқылы адам ерік-жігерін шыңдай түседі. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашан да көздеген мақсатына, үлкен жетістіктерге жете алады.

Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қа-лыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа нәрсеге бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғанын уақытша бол-сын ұмытады. Сенека айтқандай, «ауруды ойлай берсең, ол ұлғая береді». Н.Островский, И.Кант, Б.Паскаль т.б. белгілі тұлғалар өз ауруларына көп көңіл бөлмей, тек өздерінің сүйікті шығармашылық істері-мен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал етеді.

Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның өмірде қол жеткізген жетістіктері оның өз қабілеттерін бағалауға негіз болып, өз күшіне деген сенімін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ой-ша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» - деп адам өзіне жақсы мақсат-тарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жа-саймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбие-леймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті оң нәтижесін береді.

Мектеп ісін реформалауда мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзыреттілікті, іскерліктер мен дағдыларын дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне негізделулері тиіс. Неміс педагогы А.Дистервег «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.

Өзін-өзі тәрбиелеу үшін рефлексиялық күнделіктер бастап жа-зып, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасап отыру пайдалы. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін Интернетте, ғылыми-педагогикалық журналдар-да көптеген сауалнамалар, тесттер жеткілікті.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің ауқымы өте кең болғандықтан, мұ-ғалім қай іскерліктерін жетілдіруді қажет ететінін айқындап алып, соны дамыту бағдарламасын жасай алуы маңызды. Мұғалімге қажетті негізгі іскерліктерін өзіндік жетілдіру ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Мұғалімнің танымдық (гностикалық) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Бұл іскерлікті өздігінен тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқытатын пәні мен педагогикалық білімдерін жетілдіру мақсатында ой әрекеттерін дамытуға, қабылдау, есте сақтау, зейін қоя білу, түсіну үдерістерін жетілдіруге бағытталған арнайы психологиялық-педагоги-калық әдебиеттердегі әдістемелермен танысуы қажет. Әсіресе педаго-гикалық жағдаяттарды түсініп, оларды талдап, салыстырып және жалпылай алу дағдыларын дамыта алу өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің танымдық іскерлігін дамытуда педагогикалық бақылағыш-тық қасиеті үлкен рөл атқарады. Мысалы, сабақ үстінде оқушылардың мінез-құлықтарын бақылай отырып, мұғалім олардың танымдық бел-сенділіктерін, қызығушылықтарын және өзінің қаншалықты ынталан-дыра алатынын танып, оыту әдістемесінің қай қырларын дамыту қа-жеттілігін айқындайды.

Мұғалімнің конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің конструктивтік іскерлігін өздігінен тәрбиелеу үшін ол педагогикалық үдерістен  күтілетін нәтижені бағамдай алуы керек. Әр істі алдын ала болжай алу кез келген адамға беріле бермейтін қасиет, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалім осы ойлау ерекшеліктерін дамыту негізінде сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнын, оларды өткізудегі тиімді құралдар, әдіс-тәсіл-дерді дұрыс таңдай білетін болады. Педагогикалық іс-шарадан күтіле-тін соңғы нәтижеге жетудің тиімді жоспарын құрастыра алу мұғалім-нің конструктивтік іскерлігінің даму деңгейіне тәуелді. Бұл іскерлікті дамыту үшін өз ынтасы бойынша ашық сабақтар, ашық тәрбие сағат-тарын өткізіп көруге болады. 

Мұғалімнің коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлікте-рін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің қарым-қатынасты орната алу іскерлігі маңызды іскерліктердің бірі. Бұл іскерлікті үздіксіз дамы-тып отыру қажет, онсыз педагогикалық үдерістің нәтижесі тиімді болуы екіталай.Коммуникативтік іскерлікті өздігінен дамытуда өткізген са-бағын немесе тәрбиелік іс-шараны видеотүсірілімін талдап көруге бо-лады. Өзіне сырт көзбен қарай отырып, мұғалім өзінің сөйлеу мәнерін, дауысын, эмоционалдық көңіл-күйін, кинесикасын толық бағалай алу-ға мүмкіндік алады. Не болмаса сабақ түсіндіру барысында дикто-фонды қосып қойып, кейіннен өзі қайта тыңдап көрген жағдайда да мұғалім өзінің кемшіліктерін анықтап алуына болады. Сонымен қатар тәжірибелі, шығармашыл ұстаздардың сабақтарына қатысып, теледидардан дикторлардың, шешендердің сөйлеу шеберліктерін үй-ренуге талпынулары арқылы да мұғалім өзінің коммуникативтік іскер-ліктерінің тұстарын  жетілдіре алады.  

Мұғалімнің хабарлау (информациялық) іскерліктерін өздігі-нен тәрбиелеуі. Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері бо-лады, бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі - осы ақпарат-тарды хабарлауда әр сынып үшін ең тиімді әдістерді ұштастыра алуы. Мысалы, ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыс-тардың анық айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығу-ларын жасап отыру қажет. Информациялық іскерлікті өздігінен тәр-биелеуде мұғалімнің мимика, жест, кинесика тәсілдерін дұрыс мең-геруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар өз бойында қан-дай ақпараттық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті дамытуды көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды.

Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-биелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекет-терін ұйымдастыратын тұлға. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскер-лігінің мәні - оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қан-шалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынта-ландыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады.

5.3. Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.Әр болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі рефлексиялық үдеріс болып табылады. Рефлексия(лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады.

Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін, біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.

 Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

Рефлексияның атқаратын қызметтері төмендегідей жіктеледі:

ü тұлғаның эмоциялық көңіл-күй жағдайын рефлексиялауы;

ü тұлғаның оқу материалы мазмұнын рефлексиялауы;

ü тұлғаның коммуникативтік байланыстардың себеп-салдарын рефлексиялауы;

ü тұлғаның ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін рефлексиялауы.

Уақыт тұрғысынан қарастырғанда рефлексияныңинтроспе-ктивті, ретроспективті, проспективті түрлеріажыратылады.

- Ретроспективті рефлексия – адамның өткен шақтағы іс-әре-кеттерінің, тәжірибесінің әдіс-тәсілдерін қайта айқындауы, бағалауы.

- Проспективті рефлексия – болашақта жүргізілетін іс-әре-кеттің мүмкін болатын құралы мен болжамын анықтауы.

- Интроспективті рефлексия - іс-әрекетті жүзеге асыру бары-сында ойлау үдерістерін қиындату, бақылау және түзету.

Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеуі және оны рефлексиялауы Д.Познердің пікірі бойынша кәсіби шеберлікті дамытудың кілті бо-лып есептеледі. Әрине, даму үшін ең алдымен адам өзінің неге қол жеткізгенін, бұрынғы өткен тәжірибесін зерттеп, нені дұрыс, нені бұрыс істегенін анықтап, алға жаңа мақсат пен даму міндеттерін қоя алады. Егер рефлексияның нысаны педагогикалық мәселелер болатын болса, онда бұл педагогикалық рефлексия болып табылады. Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің өз іс-әрекет мазмұны мен құрылымын жетілдіру үшін өз тәжірибесін тереңдете зерттеп талдауы.

Педагогикалық рефлексияның психологиялық ерекшеліктерін А.А.Бизяева жан-жақты зерделей келе оны мұғалімнің өз іс-әрекетін жетілдіру үдерісін  зерттей алу қабілеті деп анықтап, рефлексияны дамыту тәсілдерін, рефлексиялық практикумдарын ұсынады. 

Рефлексияның маңыздылығын Абайдың қара сөздерімен үндес-тігінен көре аламыз. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» - деген ақын сөздері әр адам үшін өз әрекеттері туралы ойланудың, өзін ойша зерттеудің, өзін-өздері бағалаудың ма-ңыздылығын түсіндіреді.

Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өмі-ріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқын, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар.

Мұғалімнің педагогикалық рефлексия негіздерін меңгеруі оның кәсіби іс-әрекеттерінің мақсат және міндеттерімен байланысты өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге негізделеді. «Адам өзін-өзі терең түсін-генде ғана оның ақыл-парасаты кемелдене түсетін болады» - деп Қаюм Насыри ескерткендей, педагогикалық шеберлік те адамның ең алдымен өзін өзгертуден басталмақ.

Сонымен, рефлексиялық үдерісте  сыртқы талаптардың адамның өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі ба-ғалау адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі бағалау қажет-тілігі – жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.

Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір мұғалімдерде мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырым айту, әрине, асығыстық, себебі  нашар оқыған оқушылар да жеке басын жан-жақты өрістете алады. Жаңашыл-педагог Ш.А.Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жар-қын болашағын «тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмір-де өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп, өнер, еңбек,  іс-әрекет түрлері бар болғанымен, солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан «та-лантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адамдар кездеседі» деген дұ-рысырақ болар.

Жас маман санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұят, намыс, адамгершілік сезімдерінің ба-сым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.  

5.4 . Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалім-нің кәсіби іс-әрекетінің нормасы.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып шығару. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезін-де жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтыры-лып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланыс-ты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады.

Мұғалімнің кәсіби жетілуі үздіксіз үдеріске айналуы тиіс. Оның кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі - өздігінен білім алу үрдісі. Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады. 

Өздігінен білім алу үдерісінің  өзектену себептері:

- ақпараттық қоғамның әр тұлғаның дүниетанымына үлкен әсер етуі;

- қазіргі қоғамда коммуникациялық қатынастардың, ақпарат-тармен алмасу үрдісінің жылдамдығы;

- табиғи ресурстарға қарағанда білім ресурсының шексізденуі;

- ауқымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу қажеттілігі,

- ақпараттық технологиялар арқылы on-line оқыту түрлерінің жедел дамуы;

- ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез ескіріп қалуы т.с.с.

Өздігінен білім алу – тұлғаның өзіндік мәдени, танымдық, ғылыми, кәсіби, білімдік деңгейін жоғарылатуға және өз ішкі әлеуетін толық ашуға, әлеуметтену қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған еркін таңдауы бойынша жүргізілетін іс-әрекеті.

Өздігінен білім алу –адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу үдерісі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру инс-титуттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикалық маңыздылығымен танысады.

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгіқызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады (Князева М., 1990):

1. экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.

2. бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

3. компенсаторлық – мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.

4. дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.

5. әдістемелік – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің түтастығын түсіне алу.

6. коммуникативтік – түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орната алу.

7. шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену.

8. жаңашылдық – қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, таптаурындарынан арылу.

9. психологиялық – зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

10. геронтологиялық – жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу үдерісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте  адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың негіздері мектеп жасынан бас-талып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жал-ғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

1.кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарындағы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздарды



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.