|
|||
Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі.Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Жүйелілік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес – жалпы ғылыми және философиялық зерттеулердің тоғысу саласы; жүйелілік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе теориясын құру салалары деп жіктейді (Э.Г. Юдин, В.Н. Садовский). Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік тұғыр - нысанды жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г. Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көп салалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр - нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа-лектикалық әдістердің көрінісі. Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады. Жүйелік тұғыр – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін-де, жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қаты-наста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым. Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга-никалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқ-састығын қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатына-сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген типтерін анықтауға, олар-ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға бағыттайды. Жүйелік тұғыры – зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың ара-сындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйым-дастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйе-лері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта құру-шы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе әре-кет жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан бөлек болмайды, солар арқылы жүзе-ге асады. Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбие-леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.
2.4.Педагогикалық теория.Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім – шынайы болмысты тәжіри-белік танудың мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәрінің ғылыми білім-нің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін қалыптас-тырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән заңды-лықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып табылады. Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам-дау үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну – теорияның стратегиялық миссиясы. Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола-шаққа бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара-ды. Білім беру әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика-да ғылыми педагогикалық алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім беру-дегі алдын ала болжауда статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау – логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау болашаққа бағдарланған. Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. Түсіну дегеніміз-құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тә-жірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақ-та қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды. Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, соны-мен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тү-рінде құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – бол-мыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Педагогикалық теория дегеніміз-педагогикалық сан алуан құ-былыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйе-сі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек прак-тикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педаго-гикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады. Тұлға теориясы. Адам – жер бетіндегі тірі ағзаның жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла-нысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдасты-рудың нақты мазмұны мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды мәселе. Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологияда басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да-муы деп түсіндірсе, педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас-шылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор-лардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты са-лалары мыналар: денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды. Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.; әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу т.б. Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан белгілі бір іс-әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін білдіреді. Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры – қа-зіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдар-лану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжі-рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі таңда педаго-гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар-дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар-лы білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді. Іс-әрекет теориясы.Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдісна-малық негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практи-калық және абстарктілі-теориялық (танымдық) тұғырлармен байла-нысты шешіледі. Зерттеужұмысынданегізгеалатынкелесіәдіснамалықтұғыріс-әрекеттұғырыұғымыпсихологияғылымынажиырмасыншығасыр-дың 20–30 жылдарыенген. Бұлұғымтуралыбірнешебағыттағытүсін-дірулерберілген. Іс-әрекеттұғырыдегеніміз – объектініңбіртұтасты-ғынжәнеоныңтетіктерінашу (философия, әлеуметтанутеорияларыбойынша), тұлғаныңәрекетарқылықоршағанортанытануыжәнеқайтаөзгертуі, іс-әрекетініңқұрылымын, қызметінқарастырадыдептұжырымдалады. Іс-әрекеттұғырын – педагогикалыққұбылысқаәрекеттіңбүкілкомпоненттерініңтұтастығыдептүсіну, яғнимақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, реткекелтіружолы, жөндеу, жеткеннәтиженібақылаужәнеталдауғамүмкіндікбереді. Іс-әрекеттік теория - тұлға дамуының негізі, құралы және ше-шуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идея-сына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көз-қарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізін-де пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады. Құндылықтар теориясы. Құндылық бағдар – адамгершілік сананың тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қимыл-дары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұл-ғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен мін-деттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағдар жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші. Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеумет-тік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділет-тілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады. Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында ілім болып табылады. Басқару теориясы. Мектепті басқару туралы білім дер жиын-тығы мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспар-ланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; бас-қарылатын обьектілер мен үдерістерді модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық өлшемдерін қолдану. Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогика-лық үдерісте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару. Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйым-дастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекше-ліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді қажет етеді. Әлеуметтендіру теориясы. Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үдерісі. Тұлғаның қалыптасуы- тұқымқуалаушылықтың әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үдерісі. Тұлғаны әлеуметтендіру - тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар, қағидаларды бі-луі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжіри-бені меңгеруі.Тұлғаның даму факторлары - тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі күштері: ішкі қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасындағы). Сыртқы қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғам-ның талаптары арасындағы) Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.Педагогика ғылымы мен практикасы жаңа әдіснама-лық идеялардың пайда болуына орай, педагогикалық нысандарды ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелендіру аясында қарастыруы мүмкін. Дамуы теориялық педагогиканың іргетасын анықтайтын негізгі педагогикалық теорияны белгілеп, зерттеушілер үшін өзінше бір әдіснамалық бағдар болатын қандай да бір теория аясында ғылыми-педагогикалық әрекетті реттеуге болады. Осы кезеңде жаңа ғылыми-педагогикалық білімді жинақтау жүзеге асады. Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығарма-шылық әс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын тео-рия мен практиканың үздіксіз өзара байланысы үнемі қарастырылады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды. «Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтиже-лерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұға-лімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын жеткізу іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мәнмәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады. Инновациялық тұғыр. Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл саланы әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл - білім беру мазмұнына, оқыту және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Innovation) «иновацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, содан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру ұйымдарының практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді. Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде дамуына К.Ангеловский, М.С. Бургин, В.И. Загвязинский, В.П. Кваша, М.В. Кларин, Н.В. Коноплина, А.В. Лоренсов, В.Я. Ляудис, Е.П. Морозов, П.И. Пидкасистый, Л.С. Подымова, М.М. Поташник, В.А. Сластенин, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың еңбектері маңызды үлес қосты. Қазақстан Республикасында педагогикалық инноватиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеген К. Ажибеков, Б.Р. Айтмамбетова, К. Құдайбергенова, С.Н. Лактионова, А.Қ. Мыңбаева, Т.А. Линчевская, Р.М. Масырова, М.А. Шкутина және тағы басқа педагогтардың еңбектерін ерекше атап өту керек. Педагогикалық білім беру жүйесінде оқытушының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін В.П. Беспалько, Е.В. Бондаревская, Е.В. Харламов, В.А. Сластенин, А.И. Пискунов, З.А. Исаева, Ж.Р. Баширова сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырды. 50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды жүйелеу орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады.(мысалы, « information at innovation en education Educatioal innovation in the United States» және басқалар ). Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер педагогикалық тәжірибенің таратылуы, білім беру қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы және ұсынылған инновациялардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралытеориялық-қолданбалы ізденістер сипатын беру болды. Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үдерісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі, ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, нақты мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үдерісі екенін түсінуге мүмкіндік береді. Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр: -педагогикалық тәжірибені зерттеу; -психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу. Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі - теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды тәсілдер мен тәжірибелер, білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын дамытуды жобалайды. Олардың дамуы екі факторға бөліп қарастырылады: объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету; субъективті факторлар – инновациялық үдеріс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекетпен айналысатын қызметкерлер жатады. «Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны мен педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығының мәні. Әдетте, бұл - түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің – зерттеушілердің, әдіскерлердің, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді. Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттарына Конституция мен «Білім туралы» Заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы - білім беру мазмұнын гуманитарландыруға, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатынасын өзгертуінде. Мектеп тәжірибесін жаңарту жолдарына жеке тәжірибенің дамуы; басқалар жасаған тәжірибені алу; ғылыми жазылымдарды меңгеру; қателер мен сынақтар әдісі; эксперимент жатады. Инновациялық әрекет кезеңдері.Инновация идеяның пайда болу кезінен бастап тәжірибеге енгенге дейін бірнеше кезеңдерден өтеді: білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу туралы негізделген ұсыныс, әлгі әдістеменің кең қолданылуы, толық игерілуі. Инновацияның жасалуы және дамуы мәселелерді шешуге керек жаңа қағидаларға жеткенше жүргізіледі. Осындай ыңғай ұсынылған идеялар мен ұсыныстардың дамуын сақтауға, тәжірибелік әсерін талдауға, жаңалықтар енгізу көлемін сақтауға жағдай жасайды. Жұмыстың жаңа формаларын игеру үшін белгілі бір уақыт, соған сәйкес жабдықтау, мұғалімдерді дайындау, жаңаша жағдайларда ұжымдардың жұмысқа дайындаулары қажет. Әртүрлі жағдайларда жаңалықтарды қолдану сипаты мұғалімдердің мамандық деңгейіне, мектеп оқушыларының қабылдау дәрежесіне, өмір сүру салтына байланысты. Психологиялық және педагогикалық мақсаттың бірегейлігі идеяларды іске асыру үшін әртүрлі әдістер мен қосымша зерттеулерді талап етеді. Инновациялардың жіктелуі. Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері бар: технологиялық, әдістемелік,ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық.Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің сипатын теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады. Теориялық инновациялар.Теориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдарды, ыңғайларды, әдістерді, заңдылықтарды, бағыттарды, жіктеулерді, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдарды жатқызады. Тәжірибелік инновациялар.Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік инновацияларға жатады. Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы іске асса, екіншісінде оны қолдану орын алады. Инновациялар уақыттық және сапалық параметрлеріне қарай ажаратылады. Жаңалықтар енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады. Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін. Идея әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа таралып өз әсерін тигізгенімен, бірақ арнайы жаңа жағдайларда қаралмайтын болады. Білім беру саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді. Нақтылау деңгейі.Бұл деңгейде инновация білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика ғылымында бұл деңгейді жаңашылдықтың модификациялық тұрпаты деп атайды (М.М. Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. Өзгертуді белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М. Эрдниевтің математикалық материал негізінде жасаған дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады. Толықтыру деңгейі. Инновация білім алуда және тәрбиеде белгілі теориялық және тәжірибелік жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей, жаңа толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде, Мәскеу қаласының №109 орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Е.Н. Потапованың алты-жеті жасар балаларды жазуға үйрету әдістемесін жасау тәжірибесін келтіруге болады (Қараңыз: Потапова Е.Н. Радость познания.-М.,1990). Қайта құрылу деңгейі. Ол бұрын теорияда болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа идеямен, ыңғаймен сипатталады.. Бұған дидактикада оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады. И.П. Волков, Г.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.А. Ямбург және тағы басқа атақты педагогтардың жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей мектептерінің жаңартылған үлгілерін көрсетті. Олардың педагогикалық жаңалықтарымен, нәтижелері бүкіл ел мұғалімінің игілігіне айналды. Педагогикалық инновациялардың ілгерілеу өлшемдері әр түрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай шешетін әдістемелердің жаңа баламалары жасалынады. Жаңа тұжырымдамалар, идеялар, жіктемелер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ тәрбие жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін болжамдар жасау және нақтылаудың әлеуеті зор. Жаңа идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар даярлайды, өзекті зерттеу жобалары мен бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Ұсынылған жаңалықтар теориялық немесе эмпирикалық деңгейде негіделуі керек. Оларды бағалау өлшемдеріне жататындар: -күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау; -мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын көрсететін табыстылық; -жаппай тәжірибеде инновацияларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі. Аталған өлшемдер педагогикалық шығармашылықтың негізін құрайды. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне инновациялық білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім беру философиясы жәнебілім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім беру үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі білім керек. Соңғыжылдарыдемократиялықөзгерістерпедагогикалықшығармашылыққа, шығармашылыққұндылыққаерікберіп, педагогикалықинноватикаөздәрежесіндееркіндами бастады. Инновация теориясымен, әдіснамасымен ТМД елдерінде, Қазақстан көлемінде айналысып жүрген ғалымдардың еңбектері инновациялық үдерісті зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік туғызып отыр. Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында мұғалімнің қызметін жаңаша ұйымдастыру мәселесін дамытуға бағытталған, педагогикалық инновация мен педагогикалық қызметтің жаңа қырын зерттейтін шығармашылық үдеріс ретінде пайда болған зерттеулер Ф.Н. Гоноболин, В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, Н.В. Кузьмина, Н.Д. Никандров, Я.А. Пономарев, В.А. Сластенин, Г.С. Сухобская, Л.М. Фридман, және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Бұл жаңа зерттеулерде мұғалімнің шығармашылық қызметі мен педагогикалық жаңалыққа ұмтылысы, қатынасы, жаңаны бағалау өлшемі, жаңа жүйенің өзіндік ерекшеліктері т.б. қарастырылады. Ғалымдардың (Н.Р.Юсуфбекова және т.б.) еңбегіне сүйеніп, инновациялық-әдістемелік қызмет тәсілдерін былайша жүзеге асыруға болады: әдістемелік ізденіс→әдістемелік жаңалық→дидактикалық жаңалық. Инновациялық білім беруге үйрету жоғары оқу орнында қалыптасатындықтан елімізде жоғары білім беру ісін жаңартудың сапасын арттырудың маңызы ерекше.Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық - озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үлерісінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады. Дәстүрлі оқу үдерісін өзгертетін, оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация. Оқытуға деген ізденіс тәсілі, ең алдымен, оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға, оларды шығармашылық қызмет тәжірибесіне барабар құндылықтармен ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл. Елімізде соңғы жылдар ішінде инновациялық үдерістер мәселесі арнайы зерттеле бастады. Педагогикалық білімнің жаңа бір саласы педагогикалық инноватика білім берудің жаңа практикасын ұйымдастырумен байланысты білім беру ұйымдарының даму үдерісін зерттейді. Инновациялық үдерісті теория ретінде қалыптастыру - білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріске толық талдау жасауды талап етеді. Сонымен, педагогикалық инноватика-жаңалықтарды ашу, бағалау, педагогикалық қауымдастықтың меңгеруі және практика жүзіне пайдалана білуі жөніндегі ғылым. Инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды мәселелерді тиянақтау керек: инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу; инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау; инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтапу; инновациялық іс-әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби сауатты дайындап алу.
|
|||
|