Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері мен мемлекеттік білім беру саясаты.



1.5 .Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері мен мемлекеттік білім беру саясаты.

Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысында әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан тиімді жаңалықтарды қабылдай отырып,  қарқынды түрде дами түсті. Адамзаттың өмір сүру тәсілдеріндегі, ойлау жүйесіндегі, идеяларындағы өзгерістер қашан да болсын білімнің қоғамдағы орны мен рөліне тікелей ықпал жасайтыны белгілі. ЮНЕСКО XXІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше мән беріледе. Олар–ынтымақтастықта өмір сүруге, білімді меңгеруге, еңбек етуге үйрену болып табылады.

Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында білім беру саласындағы әлемдікдеңгейдегі жүйелі өзгерістер мен жаңа бастамаларға сәйкес Қазақстанда іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Еліміздегі білім беру жүйесін жандандыруға байланысты “Білім туралы” Заң, Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Білім берудің Стра-тегиялық бағдарламасыт.б.  қабылданды.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы негізінде 1996 жылы оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы Ереже бекітілді. Ереже білім стандарттарының не-гізгі қызметі мен құрамын анықтауға, пәндер бойынша білім стандарттарын жасауға, базистік оқу жоспарын жаңа нормативтік құжат ретінде ұсынуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары, Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспарықабылданды.

Білім беру стандарттары - оқу пәндері бойынша білім мазмұнының құрылымы мен құрамының нормаларын және оларға қойы-латын талаптарды рәсімдейді, сондай-ақ білім мазмұнының мемлекеттік минимумы мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. Мемлекеттік білім стандарты сабақтас үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) тұжырымдамалық, 2) нормативтік, 3) әдістемелік бөліктер. Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке, нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат–негізгі оқу пәндері, үшінші бөлікті оқу-әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы жалпы орта білім берудің стандарттары 34 пән бойынша қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде жарияланды. Мемлекеттік білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша: базалық білім мазмұнына, білім беру бағдарламаларының түрлеріне, оқу жүктемесінің көлеміне, мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне, оқу үдерісінұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Стандарт балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оқу үдерісінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар туғызуға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары негізінде дайындалған базистік оқу жоспарларының құрылымы екі бөліктен тұрады:

- инварианттық бөлік-қоғамдық мұраттарға сәйкес оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды, ұлттық және жалпыәлемдік мәдениетті менгеруді қамтамасыз етеді;

- вариативтік бөлік–оқушылардың қызығушылығын, тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жекелей дамуына жағдай жасайды.

Инвариантты және вариативті бөліктер білім мазмұны жағынан бір-бірін толықтырады. Мектептің оқу жоспарына сәйкес білім берудің үш түрі қамтылады:

- жалпы орта білім берудің базалық ядросы болып табылатын міндетті компоненттер;

- мектептің, аймақтың ерекшеліктеріне байланысты және оқушылардың таңдауы бойынша таңдау компоненттері;

- элективтік арнайы курстар, факультативтік сабақтар, т.б..

Орта білім беру: құрылымы мен мазмұны мазмұндық және ұйымдастырылуы бойынша орта білім беру  толық кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер деп үш типке бөлінеді. Меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік мектептер деп екі түрге бөлінеді. Оқытудың формаларына қарай–күндізгі мектеп, атаулы  мектептер, интернаттар деп бөлінсе, оқытудың ерекше жағдайына қарай мектеп-интернаттар, дарынды балалар мектебі, мүмкіндігі шектеулі балалар мектебі деп аталады.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңына сәйкес үш сатылы: бастауыш саты (1-4-сынып),  негізгі (5-9-сынып) және (10-11(12)- сынып) жоғары сатыны қамтитын міндетті және тегін орта білім беру әлемдік білім беру үдерісіне сәйкес жетілдірілді. Орта білім берудің әртүрлі жолдары айқындалды. Жалпы білім беретін мектеп (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқытатын (сыртқы), кәсіптік мектептерге(лицей) және мектептің жоғары сатысының жалпы және кәсіби білім беретін оқу мекемелері мектеп бағдарламасы бойынша кәсіби білім алатын колледждер негізінде ұйымдастырылатын болды.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңында:

- гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес терендетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны;

- лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны;

- мектеп-гимназия (мектеп-лицей) – гимназияның жалпы білім беру бағдарламаларын – гимназия сыныптарында; лицейдің жалпы білім беру бағдарламаларын лицей сыныптарында іске асыратын жалпы білім беретін орта оқу орны деп түсініктеме берілді.

Қазақстан Республикасы елді мекендерінің тарихи және географиялық орналасуларына байланысты шағын кешенді мектептер елеулі орын алады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңында “шағын кешенді (шағын жинақталған) мектептер – сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп“, педагогикалық сөздікте “шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп,“ деп атап көрсетілген.

Шағын жинақталған  мектептердің ерекшелігі мұғалімге бірнеше пәнді қатар жүргізуге, кейде мұның үстіне мектепті басқару міндеттерін де қоса атқаруға тура келеді. Шағын кешенді мектептербастауыш, негізгі және жоғары болып үшке бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 ақпандағы 2000 жылғы № 300 қаулысына сәйкес шағын кешенді мектепті ұйымдастыруда қамтылатын оқушы саны былайша белгіленген:

1) 5 және одан да жоғары бала болса - бастауыш саты;

2) 41- ден жоғары оқушы болса - бастауыш және негізгі саты;

3) 81-ден жоғары оқушы болса - жалпы орта білім беретін оқу мекемесі.

Шағын жиақталған мектептерде білім беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттарына, базистік оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне қосу  ұлттық экономикалық даму үдерісінің негізінде іске асырылды. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін, 12 жылдық мектепті әлемдік білім кеңістігіне сәйкестендіре отырып көшіру негізгі реформалардың бірі болып отыр.

Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп жүйесіне көшуі бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияда –12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда –13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.

Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыруды қажет етеді. Жалпы орта білім берудің құрылымы – бастауыш (1-4-сынып), негізгі (5-9-сынып), жоғары (10-11,12) сынып. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектепте тұлғаның білім, білік және дағдыларын қалыптастырумен қатар, кәсіби бейімділікті қалыптастыру басты орын алады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістердің мақсаттарыжоғары білім алуға мүмкіндік берудің алғы шарты ретінде 12-13 жылдық мектептегі оқыту жүйесіне көшу; оқу мерзімі 4 жыл және мамандық сипаттамасы  еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын “бакалавр” дәрежесі бар жоғары білім беру; “магистр” және “доктор” дәрежелері бар білім беру; барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне EuropeanCredіtTransferSystem (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау қызметтерін  қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйе арқылы білім беру.

Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі жүйелері бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық жүйе-USCS, британдық жүйе-CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе -UCTS. Қазақстанда білім жүйесін негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енудің алғашқы қадамдары іске асты. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған кредиттік оқыту жүйесі-білім беру жүйесінің Лиссабондық конвенцияның(1997ж. және Болон декларациясының(1999 ж.) Ережелерінің негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынды. Қазақстан Республикасы алдына қойған негізгі мақсаты - кредиттік оқытудың Еуропалық жүйе (ESTS) негізінде білім беру.Әлемдегі 1200-ден аса университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.