Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БАЯУ (АУЫСПАЛЫ) ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЫРҒАҚТАР МЕН КОМПЛЕКСТЕР



БАЯУ (АУЫСПАЛЫ) ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЫРҒАҚТАР МЕН КОМПЛЕКСТЕР

Баяу (ауыспалы) жылжымалы ырғақтар мен комплекстер — жүрекшелерде, АВ-бірікпеден шығатын немесе қарыншаларда пайда болатын синусты емес эктопиялық ырғақтар.

 

Механизмі:СА-түйін, синусты және брадикардияның басқа да түрлері фонында пайда болатын ІІ және ІІІ қатардағы автоматизм белсенділік орталығының пайда болуы (СА- және АВ-блокадаларының II және III дәрежелері).

 

Себептері:

1) дені сау адамдардағы ваготония, вегетоқантамырлық дистониямен ауыратын науқастар және т. б.,

2) СА-түйіннің органикалық зақымданулары (кардиосклероз, жіті МИ және т. б.),

3) Экстрасистолияға, СА- мен АВ-тосқауылдарға және брадикардияға әкелетін себептер.

 

ЭКГ-көріністері:

Баяу жылжымалы комплекстер (54-сурет):

1) ЭКГ-да жеке синусты емес комплекстер, яғни жүрекшеден, АВ-бірікпеден шығатын немесе қарыншалардан шығатын импульстер;

2) жылжымалы эктопиялық комплекстегі R - R аралығы ұзарған, ал одан кейінгісі қалыпты немесе қысқарған.

 

Баяу жылжымалы ырғақтар:

1) ЖСЖ минутына 60 рет және одан аз соққысымен дұрыс ырғақ;

2) әрбір комплекстегі P - QRS көріністерінің синусты емес (жүрекшелік, АВ-бірікпеден шығатын немесе қарыншалық) жүргізушілік ырғағы.

 

 

54-сурет.Баяу (ауыспалы) жылжымалы эктопиялық комплекстері бар науқастың ЭКГ көрінісі.

а, б – АВ-бірікпеден шығатын жылжымалы комплекстер,

в-қарыншадан шығатын жылжымалы комплекстер.

 

 

ҚЫСҚАРҒАН ЭКТОПИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТАР (ПАРОКСИЗМАЛЬДЫ ЕМЕС ТАХИКАРДИЯ).

  Қысқарған эктопиялық ырғақтар немесе пароксизмальды емес тахикардия – бұл АВ-бірікпелерден немесе қарыншалардан, жүрекшелерден шығатын жеке эктопиялық ырғақтармен шақырылатын ЖСЖ ұстамалы емес минутына 90-130 дейін жиілеуі. Сол себепті қысқарған эктопиялық ырғақтар кезіндегі ЖСЖ баяу ауыспалы ырғаққа қарағанда жоғары, ал пароксизмальды тахикардияға қарағанда төмен.

Механизмі:клеткаорталығының ІІ және ІІІ қатардағы автоматизмінің спонтанды деполяризациясының жоғарлауы.

Себептері:жүрек бұлшықеттеріндегіорганикалық өзгерістер (жіті МИ, созылмалы ЖИА, миокардиттер, гипертониялық жүрек және т. б.), дигиталис препараттарының интоксикациясы.

ЭКГ-көріністері:

1) ЖСЖ минутына 90-130 дейін ұстама тәрізді емес тұрақты жиілеуі;

2) дұрыс қарыншалық ырғақ;

3) әрбір тіркелген комплекстегі синусты емес P-QRS-T комплексті (жүрекшеден, АВ-бірікпеден немесе қарыншалардан шығатын) ырғақ жүргізушілері (55-сурет).

 

 

55-сурет. Қысқарған эктопиялық ырғақтар немесе пароксизмальды емес тахикардия.

а – қысқарған жүрекшелік ырғақ, б – жүрекшелер мен қарыншалар бір уақытта қозған кезде АВ-бірікпеден шығатын қысқарған ырғақтар, в – қысқарған қарыншалық (идиовентрикулярлы) ырғақтар.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.