|
|||
QRS комплексінің талдауыQRS комплексінің талдауы Қарыншалық QRS комплексінің талдауына жатады: 1) 12 тіркемеден Q, R, S тісшелерінің қатынасын бағалау; 2) Q тісшесінің ұзақтығы мен амплитудасын өлшеу. Патологиялық Q тісшесіне оның ұзақтығының 0,03 с артық болуы мен амплитудасы осы тіркемедегі R тісшесінің амплитудасынан 1/4 артық болуы тән. 3) R тісшесінің амплитудасын өлшеу, мүмкіндігінше оның қосарлануларын, сондай-ақ екінші қосымша R' (r') тісшесін анықтау; 4) S тісшесінің амплитудасын өлшеу, оның мүмкіндігінше тереңдеуін, қосарлануын анықтау.
RS - T сегментін талдау RS - T сегментінің жағдайын талдай отырып, қажет: 1) изоэлектрлік сызықтан оң (+) немесе теріс (-) j біріккен ығысу нүктелерін анықтау; 2) j бірігу нүктесінен оңға 0,08 с қашықтықтан RS-T ығысуын өлшеу; 3) горизонтальды RS-T сегментінің ығысу формасын, яғни қиғаш жоғары немесе қиғаш төмен ығысуын анықтау.
Т тісшесінің талдауы Т тісшесін талдағанда анықталады: 1) Т тісшесінің полярлығын анықтау; 2) оның формасын анықтау; 3) Т тісшесінің амплитудасын анықтау. Q - T аралығының талдауы Q-T аралығы QRS комплексінің басталуынан (Q немесе R тісшелері) Т тісшесі аяқталған аралықпен өлшенеді және биіктігімен салыстырылып Базетта формуласы бойынша (Q – T= K• √ R–R) есептеледі.
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯЛЫҚ ҚОРТЫНДЫ Электрокардиографиялық қортындыда көрсетіледі: 1) негізгі жүрек ырғағы: синусты немесе синусты емес ырғақ; 2) жүрек ырғағының реттілігі: дұрыс немесе дұрыс емес ырғақ; 3) жүректің соғу жиілігі; 4) жүректің электр осінің орналасуы; 5) ЭКГ-синдромдары: ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары, жүрекшелер немесе қарыншалар гипертрофиясы, сондай-ақ миокард зақымданулары (ишемиясы, дистрофиясы, некроздары, тыртықтары және т.б.).
|
|||
|