|
|||
СИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ. СИНУСТЫ БРАДИКАРДИЯСИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ Синусты тахикардия (СТ) – бұл қалыпты синусты ырғақ кезіндегі ЖСЖ минутына 90-нан артық болуы. Механизмі:төмендегілердің нәтижесіндепайда болатын СА-түйін автоматизімінің жоғарлауы: 1) симпатикалық нерв жүйесінің тонусының жоғарлауы, 2) СА-түйіннің органикалық зақымданулары, 3) СА-түйінге токсикалық әсер ету. Себептері: 1) СТ экстракардиальды түрі: физикалық жүктемелер, эмоциональды күштемелер, қызба, тиреотоксикоз, вегетоқантамырлы дистония (ВСД), жедел қантамырлық жеткіліксіздік, интоксикациялар, тыныс алу жеткіліксіздігі. 2) СТ интракардиальды түрі: жүрекшелік жетіспеушлік, жіті МИ, стенокардияның ауыр ұстамалары, миокардиттер және т. б. ЭКГ-көріністері(51-сурет): 1) ЖСЖ минутына 90-160 (180) артық болуы (R-R аралықтарының қысқарулары); 2) синусты ырғақ реттілігінің сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 - V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы).
Айқын СТ кезінде байқалады: а) P-Q(R) аралықтарының қысқаруы (бірақ 0,12 с төмен болмау керек) және Q-T аралықтарының ұзаруы, б) I, II, aVF тіркемелерде Р амплитудасының жоғарлауы, в) Т тісшесі амплитудасының жоғарлауы немесе төмендеуі, г) RS-T сегментінің қиғаш жоғары депрессиясы (бірақ изосызықтан 1,0 мм төмен болмау керек).
51- сурет. Синусты тахикардия. а – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау адамның ЭКГ тіркемесі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – осы адамның физикалық жүктемеден кейінгі ЭКГ тіркемесі (синусты тахикардия, ЖСЖ минутына 150 рет).
СИНУСТЫ БРАДИКАРДИЯ Синусты брадикардия (СБ) – бұл қалыпты синусты ырғақ кезіндегі ЖСЖ минутына 60 соққыдан төмен болуы (бірақ минутына 40 соққыдан төмен болмау керек). Механизмі:төмендегілердің нәтижесінде пайда болатын СА-түйін автоматизімінің төмендеуі: 1) парасимпатикалық нерв жүйесі тонусының жоғарлауы, 2) СА-түйінінің қабынулық немесе дегенеративті зақымданулары, 3) СА-түйінге токсикалық әсер ету. Себептері: 1) СБ экстракардиальды түрі: спортсмендердегі ваготониялар, гипотиреоз, басішілік қысымның жоғарлауы, НЦД, медикаменттерді дұрыс мөлшерлемеу (β-адренорецепторлардың блокаторлары, жүрек гликозидтері және т. б.). 2) СБ интракардиальды түрі: жіті МИ, атеросклеротикалық және инфарктан кейінгі кардиосклероз, миокардиттер. ЭКГ-көріністері(52-сурет): 1) ЖСЖ минутына 59-40 соққыға дейін төмендеуі (R-R аралықтарының ұзаруы); 2) қалыпты синусты ырғақтың сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 - V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы).
Ваготония салдарынан пайда болатын СБ экстракардиальды түріне физикалық жүктеме мен атропин енгізген кездегі ЖСЖ жоғарлауы және оның жиі синусты тыныстық аритмиямен бірігуі тән. Органикалық СБ (интракардиальды түрі) тыныстық аритмия болмайды, атропин енгізгеннен кейін ырғағы жақсарады, ал физикалық жүктемеден кейін ЖСЖ шамалы ғана жоғарлайды.
52-сурет.Синусты брадикардия. а- дені сау адамның ЭКГ көрінісі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау спортсменнің ЭКГ көрінісі (синусты брадикардия).
|
|||
|