|
|||
ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАММАЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАММА Жүрек ырғағының бұзылысы немесе аритмия деп аталады: 1) ЖСЖ минутына 90-нан артық немесе 60-тан кем болып өзгеруі; 2) кез келген жағдайда дұрыс емес ырғақтың болуы; 3) кез келген синусты емес ырғақ; 4) жүректің әртүрлі аймақтағы өткізгіш жүйесіндегі импульс өткізгіштігінің бұзылыстары.
Жүрек аритмиясының классификациясы [М.С. Кушаковск және Н.Б. Журавл А.В.Струтынский, В.В.Мурашко модификациялары бойынша]
I. Импульс пайда болуының бұзылыстары А. СА-түйін автоматизмінің бұзылыстары (нормотопты аритмиялар): 1) синусты тахикардия; 2) синусты брадикардия; 3) синусты аритмия; 4) синусты түйіннің әлсіздік синдромы. Б. Эктопиялық орталық автоматизмінің түзілуімен жүретін эктопиялық (гетеротопты) ырғақтар: 1) баяу қозушы комплекстер немесе ырғақтар; 2) қысқарған эктопиялық ырғақтар; 3) суправентрикулярлы ырғақ жүргізушісінің миграциясы. В. Толқындар қозуының қайта ену механизмімен жүретін эктопиялық (гетеротопты)ырғақтар: 1)экстрасистолия; 2)пароксизмальды тахикардия; 3)жүрекшелер дірілі; 4) жүрекшелер жыбыры (фибрилляциясы); 5) қарыншалар дірілі мен жыбыры (фибрилляциясы). II. Өткізгіштік бұзылыстары: 1) синоатриальды блокада; 2) жүрекшеішілік блокада; 3) атриовентрикулярлы I, II және III дәрежелі блокадалар; 4) қарыншаішілік блокадалар (Гисс шоғыры тармақшаларының блокадалары): а) бір тармақшалы (бір шоғырлы немесе монофасцикулярлы), б) екі тармақшалы (екі шоғырлы немесе бифасцикулярлы), в) үш тармақшалы (үш шоғырлы немесе үшфасцикулярлы); 5)қарыншалар асистолиясы; 6) қарыншалардың уақытынан бұрын қозу синдромдары: а) Вольфа-Паркинсона-Уайт (WPW) синдромы; б) P-Q(R) интервалының қысқару (CLC) синдромы. III. Жүрек ырғағының комбинирленген бұзылыстары: 1) парасистолиялар; 2) шығу блокадаларымен біріккен эктопиялық ырғақтар.
|
|||
|