Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүрекшелік Р тісшесінің талдауы.



 

47- сурет. Жүректің электр осінің горизонтальды орналасуы. Бұрыш α +15̊.

 

 

Ешқандай кестесіз-ақ жүректің электр осінің ауытқуын анықтауға болады.

Ол үшін электр осінің ауытқуын І және ІІІ стандартты тіркемелерден R мен S тісшелерін талдау арқылы анықтайды. Бұл кезде қарыншалар комплексіндегі тісшелердің алгебралық қосындысын  QRS комплексіндегі «анықталушы тісшелер» түсінігі арқылы R және S тісшелерінің абсолютті биіктігімен визуальды салыстыра отырып алмастырады. ≪R-типті қарыншалар комплексі≫ берілген қарыншалар комплексінде анықталатын биік R тісшесі. Қарама-қарсыда ≪S-типті қарыншалар комплексі≫, яғни QRS комлексінде анықталатын S тісшесі болып табылады. (48-сурет).

48сурет. QRS комплексіндегі R және S тісшелерінің салыстырмасы.

Егер де І стандартты тіркемедегі қарыншалық комплекс R-типті болса, ал QRS комплексі ІІІ стандартты тіркемеде S-типті болса, онда бұл жағдайда жүректің электр осі (сол жақтық грамма) солға ығысады (49-сурет). Сызба түрінде бұл жағдай RI-SIII деп жазылады.

 

 

Сурет – 49. Жүректің электр осінің визуальды көрінісі.

Сол жақтық грамма

 

Керісінше, егерде І стандартты тіркемеде S-типті қарыншалық комплекс болса, ал ІІІ стандартты тіркемеде R-типті QRS коплекс болса, онда жүректің электрлік осі оң жаққа ығысады( оң жақтықграмма) (50-сурет).

Бұл жағдайда сызбасы SI-RIII түрінде жазылады.

 

50сурет.  Жүректің электр осінің визуальды көрінісі.

Оң жақтық грамма.

 

 

  

1. Жүректің электр осінің қалыпты орналасуы кезінде (бұрыш α +30°-тан  +69°-қа дейін): a) RII ≥ RI ≥ RIII, б) III және aVL тіркемелерде R және S тісшелері бір-бірімен тең келеді.

2. Жүректің электр осі солға ығысқанда немесе горизонтальды орналасқанда (бұрыш α +30°-тан -90°-қа дейін); а) биік R тісшесі I және aVL тіркемелерде тіркеледі, RI > RII > RIII; б) терең S тісшесі ІІІ тіркемеде тіркеледі.

3. Жүректің электр осі оңға ығысқанда немесе вертикальды орналасқанда (бұрыш α +70°-тан +180°-қа дейін); а) биік R тісшесі III және aVF тіркемелерде тіркеледі,RIII ≥ RII > RI; б) терең S тісшесі  I және aVL тіркемелерде тіркеледі.

 

 Жүрекшелік Р тісшесінің талдауы.

Жүрекшелік Р тісшесінің талдауына жатады:

1) Р тісшесінің амплитудасын анықтау (қалыптыда 2,5 мм-дан артық болмау керек);

2) Р тісшесінің ұзақтығын анықтау (қалыптыда 0,1 с-тан аспау керек);

3) І, ІІ, ІІІ тіркемелерде Р тісшесінің полярлығын анықтау;

4) Р тісшесінің пішінін анықтау.

Қалыптыда қозу толқыны бағытының қозғалысы жүрекше бойынша жоғарыдан төменге РI,II,III тісшесі оң, ал төменнен жоғарыға қарай теріс болады. Қосарланған екі өркешті тісше РI, aVL,V5,V6 болса, онда ол айқын сол жүрекшенің гипертрофиясына тән, ал өткірлеу жоғары амплитудалы тісше PII,III, aVF болса, ол оң жақ жүрекшенің гипертрофиясына тән.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.