|
|||
Тақырып ішілік «Ревматология» 04_Тақырып ішілік «Ревматология» 04_ ! 30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінің ауыруы, бұлшық ет әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, жоғарғы қабақтарында эритемалық бөртпе, дауысының қарлығуы, дисфагия анықталды. Обьективті: аяғын сүйреп басады, қабақтары ісіңкі, жоғарғы қабағында, мұрын қанаттарында, «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер анықталды. Иық, сан бұлшық еттерін сипағанда ауырсынады, қолды жоғары көтеруі қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 мин. Қан анализінде: эр. 4,5 млн., Нв110 г/л, лейк.7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін арнайы және сезімталдылығы жоғары тексерулерді көрсетіңіз: / КФК, КФК БЕ фракциясының, ЛДГ деңгейінің артуы / ЭТЖ жоғарылауы / қос спиральді ДНҚ антидененің артуы / ревматоидты фактор титрінің жоғарылауы / лейкоцитоз ! 16 жастағы науқасты ірі буындарының ауыруы, субфебрильді температура мазалайды. Басының ауыруы, айналуы, көз көруінің күрт нашарлауы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі қосылды. Об-ті: жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық тыңдау нүктелерінде мойын тамырларына, құрсақтық аортаға таралатын систолалық шу естіледі. Сол жақ білезік артериясында пульс әлсіз, АҚ оң қолында 230/130 мм.сын.бағ., сол қолында 150/130 мм.сын.бағ., аяқтарында 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгеруі. Осы жағдайда тағайындаған дұрыс: / Кортикостероидтарды / Қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерді / Цитостатиктерді / Антикоагулянттарды / Аминохинолин туындыларын ! 23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінің және жамбас-сан буындарының күшті ауыруына шағымданды. Рентгендік зерттеуде сегізкөз-мықын қосындыларының жіктерінің тарылуы мен контурларының біркелкі еместігі анықталды. Ең тиімді емдік тактика: / ритуксимаб ҚҚСЕД / преднизолон метотрексат / преднизолон диклофенак / алтын дәрмектері ҚҚСЕД / циклоспорин преднизолон
|
|||
|