Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тема «Клиникалық зертханалық диагностика» 02_



Тема «Клиникалық зертханалық диагностика» 02_

!

Субклиникалық гипотиреоз үшін қандай гормоналдық өзгерістер тән:

/

 ТТГ жоғары, бос Т3 және бос Т4 қалыпты

/

 ТТГ қалыпты, бос Т3 жоғары, бос.Т4 жоғары

/

ТТГ қалыпты, бос Т3 төмен, бос Т4 төмен

/

 ТТГ жоғары, бос Т3 жоғары, бос.Т4 жоғары

/

 ТТГ қалыпты , бос. Т3 және бос.Т4 қалыпты

!

25 жастағы науқаста 6 жыл бұрын бірден етеккірі тоқтаған, бірде – бір рет жүктілік болмаған. Әйел фенотипі. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы – 0,3 Б/л (қалыптыда 2-20) , пролактин – 16 мХБ/л (қалыптыда 61-512) . Гестагенмен және эстрогенмен сынама теріс. Болжам диагноз:

/

 Екіншілік гипогонадотропты аменорея

/

 Біріншілік гонадотропты аменорея

/

 Климакстік кезең

/

Аналық бездерінің біріншілік поликистозы синдромы

/

 Шихан синдромы

!

36 жастағы науқас, ауыз қуысында және гениталий аймағында көлемі 1см, бір-біріне қосылып кететін жараларға, коньюктивасының қызаруына, кеудесінің алдыңғы бетінде эритемалық бөртпелердің шығуына шағымданады. Диагнозды қоюға келесі лабораториялық көрсеткіш көмектеседі:

/

HLA-B51

/

 Scl-70

/

 Ревматоидты фактор

/

 HLA-B27

/

 АНФ

!

67 жастағы науқаста айқын протеинурия (20г/тәу жоғары) ex tempera зәр алынды. Пробиркада зәрдің қайнауы кезінде мақта тәрізді қалдық пайда болады, қалдықты ары қарай жылытқанда қайнағанға дейін қалдық ериді. Бұл жағдай көрсетеді:

/

 Бенс-Джонс белогын болуының

/

 Пиурияны

/

Нефротикалық синдромды

/

 Айқын эритроцитурияны

/

Цилиндурияны

!

Салыстырмалы тығыздығы 1013, белок 0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 к/а, бірен -саран лейкоциттік цилиндрлер; лейкограммада 90% нейтрофильдер болатын несептің жалпы анализін талдап, болжам диагноз қойыңыз:

/

 Созылмалы пиелонефриттің өршуі

/

 Несеп тас ауруы

/

 Жедел гломерулонефрит

/

Созылмалы гломерулонефриттің өршуі

/

 Жедел интерстицийлік нефрит

!

Келесі ауруға күдіктенгенде тердің электролитті құрамын, сілекейдегі натрийдің деңгейін тексереді және альдестеронмен сынама жүргізіледі:

/

 Муковисцидозға

/

Саркоидозға

/

 Лейомиоматозға

/

 Ретикулогистиоцитозға

/

 Панкреатитке

!

Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы І типті қантты диабетімен ауырады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарауда: жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 130/80 мм сын. бағ. ЗЖА: белок 0,4 г/

л, ҚЖА: НВ 125 г/л, биохимиялық анализде: креатинин 0,14 ммоль/л, шумақ фильтрациясы 162 мл/мин. Келесі шаралар науқастың бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы болып табылады: 1. гипергликемия деңгейін бақылау; 2. жүйелі түрде ААФи (иАПФ) қолдану; 3. белок құрамды тағамды шектеу; 4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау.

/

Дұрыс жауабы 1, 2, 3

/

 Дұрыс жауабы 1, 3,4

/

 Дұрыс жауабы 1,2,4

/

 Дұрыс жауабы 1, 2, 3, 4

/

 Дұрыс жауабы 2,3,4

!

43 жастағы әйел салмағының жоғарылауын, терісінің құрғауын, сөйлеудің қиындауын, аменореяны, есіне сақтау қабілетінің төмендеуін байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Об-тi: бойы - 168см, салмағы 92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісінген, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек тондары әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Қанда: эр. 3,5х1012 /л , Hв 75 г/л, лейк. 4, 5 х109 /л, ЭТЖ - 13 мм/сағ. Қанда глюкоза 3,5 ммоль/л. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Барынша тиімді ем тағайынданыз:

/

 Тиреоидты препараттарды

/

 Зәр айдайтын дәрiлерді

/

 Диуретиктерді

/

Йод дәрілерін

/

 Қабынуға қарсы дәрi-дәрмектерді

!

Қыз бала 20 жаста, шөлдеуге және дене салмағының артуына шағымданады. Об-ті: бойы 162 см, салмағы 94кг. ДМИ (ИМТ) 35,8 кг/м2. Аш қарындық гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин 5,2 ммоль/л, триглицеридтер 2,4 ммоль/л. Барынша тиімді дәрмекті тағайынданыз:

/

 Ксеникалды

/

 Манинилді

/

Диабетонды

/

 Новонормды

/

 Симвастатинді

!

65 жастағы науқаста, әлсіздік, жүрек айнуы, кезеңдік құсу, тәбетінің төмендеуі, терінің титықтататын қышынуы, тері астылық қан құйылулар, бұлшықеттің дірілі және естен танусыз құрысулар, буындарында және сүйектеріндегі ауырсыну, «айқын шулы» тыныс анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, тромбоцитопения, гипохромия. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 700 мкмоль/л. Диурез 100 мл/тәул. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1008. Барынша тиімді ем тағайынданыз:

/

 Гемодиализ

/

 Антибактериалды препараттар

/

Қабынуға қарсы дәрi-дәрмектер

/

 Кортикостероидтар

/

 Диуретиктер

!

16 жастағы Т., есімді науқас дене қызуының 40°С дейін жоғарылауына, ентігу, жөтелге, ісінулерге шағымданады. Обьективті: науқас азғындау, лимфоаденопатия, бет эритемасы, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит) , кардит, нефрит белгілері бар. Қан анализінде: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. НЖА: белок-5,2 г/т, эритр-20-30 к.а, Lе-клеткалары- 5:1000. Пульс-терапия жүргізу үшін метилпреднизолонның қажетті дозасы:

/

1000 мг

/

 100 мг

/

 60 мг

/

 150 мг

/

 500 мг

!

20 жастағы науқаста босанғаннан кейін бұлшық еттерінде ауырсыну және әлсіздік пайда болды. Бір апта көлемінде қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, түйілу қосылды. Обьективті: иық және сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі және ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Қан анализінде: эр-4,5 млн. Нв-110г/л, лейк-7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Емді келесі дәрмектен бастаған жөн:

/

 Глюкокортикостероидтардан

/

 Д-пеницилламиннен

/

 Цитостатиктерден

/

Аминохинолин дәрмектерінен

/

 Қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерден

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.