|
|||
Электролиттің диссоциялану дәрежесі және оның қандай факторлармен байланысты екенін дәлелдіңіз26.Электролиттің диссоциялану дәрежесі және оның қандай факторлармен байланысты екенін дәлелдіңіз Диссоциациялану дәрежесі — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Ол процентпен көрсетіліп, мынадай формуламен өрнектеледі α=n/N x100Мұндағы n - диссоциацияланатын молекулалар саны, N - барлық молекулалар саны.Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Күшті және әлсіз электролиттер Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады.Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама - диссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді.Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты, олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрациялы сірке кышқылының ерітіндісіне электр өткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне косамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке кышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланысты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоцияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.
|
|||
|