Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Газ заңдары және оларды қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз



21)Газ заңдары және оларды қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз

ГАЗ ЗАҢДАРЫ Идеал газ күйі теңдеуінің көмегімен газ массасы жә­не үш параметрдің — қысым, көлем немесе температура — біреуі өзгермей қалған жағдайдағы процестерді зерттеуге болады. Газдың бір параметрінің1 мәні тағайындалып, қалған ек1 мәні арасындағы сандық, тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды. Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады. Шынында да, ешбір процесс қандай да болмасын қатаң тағайындалған бір параметрдің мәнінде жүрмейді. Температураның, қысымның, немесе көлемнің тұрақтылығын бұзуға әсер ететін қандай да бір жағдайлар болады. Тек лабораториялық жағдайларда ғана кайсыбір параметрлердің тұрақтылығын тым дәлірек сақтағга болады, бірак жұмыс істейтін техникалық кұрылғылар-да және табиғатта бұл іс жүзінде әсте мүмкін емес. Изопроцесс — бұл нақты процестің идеалдандырылған моделі. Ол шындықты тек жуық қана бейнелейді. Изотермиялық процесс. Температура тұрақты болғанда мак-роскопиялық, денелердің термодинамикалық, жуйесі күйінің өзгеру процесін изотермиялық, деп атайды. Газ температурасын тұрақты етіп ұстау ушін ол температурасы тұрақты болып тұратын үлкен жүйемен — термостатпен — жылу алмасатындай болуы қажет. Өйткені сығылғанда немесе ұлғайғанда газдың, темпе­ратурасы өзгеретін болады, Егер атмосфералық ауаның, темпе­ратурасы бүкіл процесс барысында елеулі өзгермесе, онда ол термостат қызыметін атқара алады.     Идеал газ күйінің теңдеуіне pV= сәйкес тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болады, яғни Т=const болғанда. pV=const.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.