Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ле Шателье принципін тұжырымдаңыз.Қайтымсыз реакцияларға мысалдар келтіріңіз



23.Ле Шателье принципін тұжырымдаңыз.Қайтымсыз реакцияларға мысалдар келтіріңіз

Ле Шателье-Браун принципі, Ле Шателье — Браун принципі, тепе-теңдіктің ығысу принципі — жүйені термодинамикалық тепе-теңдік күйден ауытқытатын сыртқы әсердің салдарынан сол жүйедегі тепе-теңдік осы әсерді әлсірететін (немесе оған қарсы әсер ететін) реакция бағытына қарай ығысатындығын тұжырымдайтын принцип.Жүйедегі тепе-теңдіктің ығысуына реагенттер мен өнімдердің концентрацияларының, қысымның (газдар үшін) және температураның өзгеруі әсер етеді. Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясы: N2+3H22NH3, HӘ=–46кДж/моль.

Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік

Барлық химиялық реакцияларды екі топқа бөлуге болады: қайтымды және қайтымсыз реакциялар.Қайтымсыз реакциялар соңына дейін жүреді- әрекеттесуші заттар толық жұмсалғанша.Қайтымды реакциялар соңына дейін жүрмейді: бірде – бір әрекеттесуші зат соңына дейін жүмсалмайды. Қайтымды реакция тура және кері бағыттарда жүре алады. Мысалы, мырыш пен концентрленген азот қышқылы арасындағы реакция тек тура бағытта ғана жүреді.Zn+4НNО3→Zn(NО3)2+2NO2↑+2Н2О

Ал, аммиак синтезі тура және кері бағытта да жүреді:

N2+ 3Н2 2NН3 Химиялық тепе-теңдікті динамикалық тепе-теңдік деп атайды. Себебі тепе-теңдік жағдайында тура да, кері де реакциялар жүреді, бірақ олардың жылдамдықтары бірдей.

Химиялық тепе-теңдіктің мөлшерлік сипаттамасы ретінде химиялық тепе-теңдік константасы деп аталатын шама қолданылады. Иодсутек синтезі реакциясын қарастырайық:

Н2(Г)+І2(Г)=2НІ(Г)

Массалардың әсер заңына сәйкес,

тура реакция жылдамдығы(υ1) және кері реакция жылдамдығы (υ2) келесі теңдеумен өрнектеледі:

υ1=k1С(Н2)·С(І2) υ2=k2С2(НІ)

24.Ерітіндінің концентрациясын сипаттаудың әдістерін сипаттаңыз

Концентрация, химияда – қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік Концентрация деп те атайды; көлемдік үлес Концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады; молярлық Концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3); эквиваленттің молярлық Концентрациясы – ерітіндідегі зат эквивалентінің зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/л); молярдік Концентрация – ерітіндідегі еріген зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы (моль/кг); титр – еріген зат массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы (г/л); молярлық үлес Концентрациясы – еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттардың мөлшерлерінің қосындысына қатынасы.

Ерітінді – екі не одан көп компоненттерден (құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық, қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер – сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту – көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа – ерітінді). Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады.Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін (суспензия, эмульсия), бөлшек мөлшері (радиустары) – 10-5 − 10-3см; коллоидты ерітінділер –10-7 − 10-5см; шын (нағыз), молекулалық ерітінділер –10-8 − 10-7см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.