Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерлесуші заттардың табиғатының әсерін сипаттаңыз.



20.Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерлесуші заттардың табиғатының әсерін сипаттаңыз.

Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына және реакцияның жүру жағдайына: концентрацияға С, температураға t, катализатордың қатысуына және көптеген басқа факторларға (мәселен, газдар арасындағы реакция үшін— қысымға, қатты зат болғанда — майдалануға, радиоактивтік сәулеге) байланысты болады.Әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері. А және В заттарының арасында химиялық әрекеттесу болу үшін олардың молекулалары (бөлшектері) бір-бірімен соқтығысуы керек. Соқтығысу қаншалықты көп болса, реакция соншалықты жылдам жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы жоғары болса соқтығысуда көп болады. Осындай көптеген эксперименталдық материалдардың арқасында реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігін анықтайтын химиялық кинетиканың негізгі заңы тұжырымдалған:химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясының көбейтіндісіне пропорционал болады.(1) реакция үшін заң мына теңдеумен өрнектеледі

Мұндағы СА мен СВ —А және В заттарынын, концентрациясы моль/л, к k - реакцияның жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент. Химиялық кинетиканың негізгі заңын көбінесе әсер етуші массалар заңы деп атайды.

Жылдамдық константасының k физикалық мәнін, (4.2)-теңдеуінен анықтау қиын емес: оның сан мәні әрекеттесуші заттардың әрбірінің концентрациясы 1 моль/л немесе олардың көбейтіндісі бірге тең болғандағы реакция жылдамдығына тең.

Концентрацияның әсері. Химиялық реакция тездеу үшін, реакцияласушы заттардың молекулалары жиі түйісуі қажет екендігі анықталды. Түйісуді жиілендіру үшін алдымен реакцияласушы молекулалардың санын, демек, концентрациясын өсіру керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.