Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сот тапсырмасы. Сот тапсырмасын беру мен орындаудың процессуалдық тәртібі



№ 43 Дәлелдеу тәртібі. Дәлелдемелердің қатыстылығы және жарамдылығы. Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін мәліметтер. Дәлелдемелердің анықтығы және жеткіліктігі

Егер дәлелдемеде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

№ 44 Сот тапсырмасы. Сот тапсырмасын беру мен орындаудың процессуалдық тәртібі

Істі қарайтын сот іске қатысатын адамның басқа қаладағы немесе аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады

№ 45 Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі. Дәлелдемелерді бағалау

Әрбір дәлелдеме оның қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

№ 46 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктері және оларды бағалау

Іске қатысатын адамдардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

№ 47 Куәнің айғақтары. Куәнің құқықтары мен міндеттері. Куәлардан айғақтар алудың процессуаллдық тәртібі. Куә ретінде бола алмайтын тұлғалар

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған кез келген адам куә бола алады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақтар беруге міндетті



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.