Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аумақтық соттылық және оның түрлері



№ 37 Аумақтық соттылық және оның түрлері

Аумақтық сотылық талап арыздың қай елді мекендегі сотқа берілуін реттейді. Аумақтық соттылық түрлері жалпы соттылық, балама соттылық, ерекше соттылық, шарттық соттылық, істің байланыстылығы бойынша соттылық

№ 38 Мамандандырылған соттарға азаматтық істердің сотылығы

Мамандандырылған экономикалық соттар, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.

№ 39 Соттылық туралы тәртіпті сақтамаудың құқықтық салдары

Істің осы соттың қарауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

№ 40 Соттық дәлелдеудің ұғымы, мақсаты және субъектілері

Сотта дәлелдеу- соттың жанама анықтау қызметі. Дәлелдемелер- заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтатын заңды түрде алынған нақты деректер.

№ 41 Соттық дәлелдемелердің ұғымы және жіктелуі

Соттылық дегеніміз бір жеке саладағы азаматтық істерді қарау және шешу кезіндегі судьялардың өкілеттіктері, яғни белгілі бір азаматтық істі қарау және шешу кезіндегі ортақ юрисдикциялық өкілеттілік.

№ 42 Дәлелдеу пәнінің ұғымы. Дәлелдеуге жатпайтын фактілер

Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.