Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Заттық дәлелдемелер және оны бағалау. Заттық дәледемелердің жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы



№ 48 Жазбаша дәлелдемелер және оны бағалау. Жазбаша дәлелдемелердің түрлері (мазмұны бойынша, субъектілері бойынша, құрылу сипаты бойынша)

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, төлнұсқада ұсынылады. Жазбаша дәлелдемелердің төлнұсқалары, сондай-ақ істе бар жеке хаттар оларды ұсынған адамдардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылады

№ 49 Заттық дәлелдемелер және оны бағалау. Заттық дәледемелердің жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы

Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау құралы бола алады деп пайымдауға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізімдеме бойынша соттың заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына тапсырылады. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шаралар қолданады.

№ 50 Орнында қарап-тексеру. Орнында қараптексеруді жүргізудің тәртібі

Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру туралы өтінішхат берілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарап-тексереді және зерттейді, одан кейін оларды қарап-тексеру үшін ұсынған адамға қайтарады. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және оның нәтижелерін тіркеу жүргізіледі.

№ 51 Азаматтық іс жүргізудегі сараптама. Сарапшының қорытындысы және оны бағалау. Сарапшының процессуалдық құқықтары мен міндеттері

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.