Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері



№ 17 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек

№ 18 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері

Соттың азаматтық істерді қарауы және шешуі кезінде сот және әртүрлі субъектілер арасында көптеген құқық қатынастары пайда болады. Бұл қатынастар әділеттілікті іске асыру барысында қалыптасатын азаматтық процесуалдық құқықтық қатынастар болып табылады.

№ 19 Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік

Азаматтық құқыққатынасының қатысушыларының құқықсубъектілігі. Құқықсубъектілік дегеніміз – қатынасқа түсіп отырған тұлғалардың құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттігі.

№ 20 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

№ 21 Сот азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының міндетті субъектісі

Талапкер процестің міндетті субъектісі болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар.

Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.