Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Соттың құқықтық жағдайы. Соттың құрамы



№ 22 Соттың құқықтық жағдайы. Соттың құрамы

Соттың атынан әрекет ететін судья бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді жеке-дара қарайды және шешеді. Азаматтық істерді судья Астана қаласының сотында бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.

№ 23 Қарсылық білдіру негіздері және кімдерге қарсылық білдіріледі 

Қарсылық білдірудің (өздігінен бас тартудың) уәжі көрсетілуге және ол істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеген адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда, қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз берілуі мүмкін

№ 24 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың ұғымы және оның процессуалдық құқықтары мен міндеттері

Өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген тұлғаларды заңнамамен белгіленген құқықтары мен міндеттері болады.

№ 25 Процессуалдық іске ортақ қатысудың ұғымы, мақсаты, негіздері және түрлері. Іске ортақ қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Іс жүргізуге тең қатысушылық азаматтық процесте тараптар жағынан қатысуы.

Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптардың қатысатын біртектес, не бір талап қоюшылардың бір жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін біп іске біріктіруге құқылы.

№ 26 Тиісті емес жауапкердің ұғымы. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың шарттары, тәртібі және салдарлары

Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтінішхаты бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.