Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдарлары



№ 56 Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдарлары

Азаматтық істі қозғау біртұтас процессуалдық іс-әрекеттердің жиынтығындағы ең алғашқы және ең мағыналы дербес саты болып табылады.

№ 57 Істі сот талқылауына дайындау және оның мәнісі. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу- соттың аңықтама шығарған уақытынан басталады. Арыз қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.

№ 58 Медиация дауларды шешудің балама тәсілдерінің бір түрі ретінде. Медиацияның қағидалары мен құралдары

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

№ 59 Медиация рәсіміндегі медиатордың атқаратын рөлі және қызметі. Қазақстанда медиацияны құқықтық реттеу

Қазақстанда медиация институты кейіннен қалыптасқан құқықтық институт ол өзінің негізін тікелей осы қатынасты реттеуге бағытталған заңнамамен реттеледі. Аталған заңнамада меиатордың барлық құқытары мен міндеттері толық қарастырылған.

Даулар медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.