Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кіріспе 4 страница



«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы - дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. «Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.

Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді [27]. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінгенарнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушіліктері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:

1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады.

2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады [28].

3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады. Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді. Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады [29]. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі. Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан [30].                                       Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген. Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.

 

Әдебиеттер.

1. Сеченова.И, 2006"Физиология органов чувств. Зрение.

2. Статистические данные ООН: сайт Организации ОбъедннЕнных Наций Рлектронный ресурс]. URL: vmv.un.org ^датаобрашения-21.11.2011)

3. Романов П.В„ Ярская-Смираова Е.Р. Политика инвалидности: Социальное гражданство инвалидов в совре.меииой России: Монография. - Саратов: Изд-во «Научная книга», 2006. - С 82

4. Дегтерев В.А., Дегтерев А.С. К вопросу о модернизации образования // Педагогическое образование в России.– 2014. – No11. – С. 56-62.

 

5. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – 2017, қаңтар – 31. 3Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016. – No 205.

6.  Педагогтің кәсіби стандарты. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы, No133 бұйрығына қосымша.

 

7. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы (20.07.2017 жылғы өзгертулерімен).

8. Бейсенова А.Б. Білім беруді жаңарту жағдайында болашақ мұғалім- дефектологтарда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру // І Международная научно- практическая конференция «Педагогика и современные аспекты физического воспитания»Украина (Краматорск), 2015.– С. 155-161.

9. Литвак, А. Г. Психология слепых и слабовидящих. / А. Г. Литвак. – СПб. , 1998. – С. 23.

10. Беляева, М. А. Социально-педагогическая работа с семьей ребенка-инвалида [Текст] : учеб. пособие. / М. А. Беляева, И. Е. Кузнецов. – Екатеринбург , 2001. – С. 11..

11. Калжанова Г. М. Модернизация системы образования в Казахстане // Проблемы и перспективы развития образования: материалы VIII Междунар. науч. конф. – Краснодар: Новация, 2016. – 52-55.

12. Боброва В.В., Олексюк З.Я., Кендербекова Ж.Х., Баймуканова М.Т. Подготовка студентов-дефектологов к коррекционной работе по звукопроизношению с элементами фонетической ритмики в спецучреждениях //

13. Научное обозрение. Педагогические науки. – 2014. – No 1. – С. 58-58;

14. Луцкина Р.К. Республиканская родительская конференция на тему: "Психологическая помощь родителям первоклассников" [Текст] /

15. Р. К. Луцкина // Жанұя мен мектептегі тәрбие = Воспитание в семье и школе. 2014. - No 4. - С. 52-58

16. Абаева Ғ.А, Ерболат А.Е. Дефектология негіздері.-Алматы,- 2012ж.
.Под ред. Воронковой В.В. Олигофренопедагогика. - М., -2008.

17. Ермаков В.П., Якунин Т.А. Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения. - М., - 1990.

18. Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика: проблемалары мен болашықдамуы». Алматы, -2008.

19. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, No7, 60-61 б.

20. .Ермаков В.П., Якунин Г.А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2000. - 240 с.

21. А.Г. Литвака. Вопросы обучения и воспитания слепых и слабовидящих детей / Под ред. - Л., 1981

22. Ермаков ВЛ. Обучение слепых и слабовидящих школьников. - М., 1989.

23. Земцова М.И. Учителю о детях с нарушением зрения. - М., 1973.

24. Крылова НА. Методические приемы и способы обучения чтению слабовидящих учащихся подготовительных классов // Совершенствование процесса обучения и воспитания слепых и слабовидящих детей / род ред. Л.И. Солнцевой, В.П. Ермакова, М.И. Земцовой. - М., 1986.

25. Федяй Г.Ф. Сравнительная эффективность форм сочетания слова учителя со средствами наглядности на уроках химии в школах для слабовидящих детей //

26. Совершенствование процесса обучения и воспитания слепых и слабовидящих детей / Под ред. Л.И. Солнцевой, В.П. Ермакова, М.И. Земцовой. - М., 1986.

27. Чигринова И.П. Методика преподавания литературы в школах слепых и слабовидящих. - Киев, 1986.

28. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, No7, 60-61 б.

29. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, No5(29) 34-37 б.

30. Н.С. Грозная, координатор редакционно-издательской деятельности Даунсайд Ап.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.