|
|||
Кіріспе 3 страница1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады. 2) Жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді. 3) Уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі. 4) Толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады. Инклюзивті білім беру саласында педагог-психологтың рөлі ерекше. Мектептерде даму мүмкіндігі шектеулі балалармен психолог көптеген жұмыстар өткізуге жауапты. Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады. ДМШ балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, спортқа, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту педагог-психолог пен әрбір мұғалімнің міндеті. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата– анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Психолог ата –анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алуына үлес қосады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет? Педагог-псмхолог қазіргі таңда баланың индивидуалды ерекшеліктерін, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, киыншылықтары мен алаңдататын мәселелерін, конфликттік жағдайларын, тәртібіндегі ауытқуларын көрсетіп, оның себептері мен конфликттік жағдайдының пайда болуына себеп болған негіздерді анықтайды. Баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді; Инклюзивті білім беруде негізгі жұмыс оқушы мен оқытушы арасындағы қарым- қатынасқа негізделген. Бірақ егер мұғалім баланың даму ерекшеліктерін жеткілікті білмейтін болса және тәжірибесі жеткіліксіз болса қиын жағдайға тап болады. Сондықтан инклюзиті білімді қажет ететін балаларға қаншалықты көңіл бөлу қажет болса, ұстаздар да қолдау мен қосымша дайындыққа мұқтаж. Жалпы және орта білім беретін мектептердегі инклюзивті білім беретін пән мұғалімдер жұмысына түзету дамыту кабинеттерінің және әкімшілік мүшелерінің қолдауы қажет. Инклюзивті білім беру үрдісіне қатысушыларды қолдаудың жеткіліксіздігі инклюзивті балалардың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Педагог-психолог осы саланы таңдағандықтан, өзіне ауыр жүк жүктейді. Яғни ол даму мүмкіндігі шектеулі балалармен де, білім беруші оқытушылармен және ата-аналармен де бір ізді жұмыстануға міндетті. Бұл маман бұдан бөлек өзін үнемі дамытып, жан-жақты хабардар болып, жиі білімін арттырып отыруы керек. түсініктерін кеңейту керек. Сондай-ақ бала біріншіден өз қатарлас сау балалармен бірге оқуына дайын болу керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бәрі қалыпты дамып келе жатқан құрбы- құрдастарының арасында өздерінің әлеуметтік тәжірибесін байытуды және оқу-сабақ барысында өзара әрекет етуді қажет етеді, дегенмен барлық жағдайда да тиісті мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмекті сақтай отырып, әрбір баланың дамуына түсінікті де пайдалы интеграциялық оқыту моделін таңдап алу қажет. Осы сала бойынша педагог мамандарына семинарлар өткізіп инклюзивті білім беру туралы беруге оқытып, дамыту үшін облыс орталығында қала мен аудандардағы жалпы білім беру мектептерде мониторинг өткізу және жалпы білім беру мекемесі мен арнайы түзету ұйымдары бірлесіп жұмыс атқару. Мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, автокөлікер, автомобильге арналған арнайы құрылғылар, тірек қозғалыс аппаратының қызметінде ақаулығы бар балаларға арналған арнаулы жиһаздар) қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуда арнайы сыныптарда арнайы мамандар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) қызмет етеу қажет. Арнайы сыныптарды ашуда, мүмкіндігі шектеулі балалардың санын анықтауда психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңесінің ұсыныстары қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беруде, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әр саладағы мамандар: дефектолог, логопед, психолог, арнайы педагог, емдік дене шынықтыру маманы т.б. Қазіргі уақытта жалпы білім беру жағдайындағы әртүрлі бағыттағы мамандардың өзара байланысқа түсу әдісі әдістемелік жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмеген және осыған орай іс- тәжірибе де баяу жүзеге асады. Көп жағдайда мамандар бірінің ісін бірі қайталайды немесе түзету -дамыту жағдайында олардың іс әрекеттері сәйкес келмейді, сондықтан да кей жағдайларда пікірлері қарама-қайшы келіп жатады. Мектебімізде даму мүмкіндігінде ерекшеліктері бар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмейді, бұл ата-ананың өз таңдауы, сондықтан мектепте аймақтық ПМПК-ның қорытыңдысы бойынша пән мұғалімдері мен психолог, логопед мамандар жеке жұмыстануда.Біздің мектебімізде екі психолог, әлеуметтік педагог, логопед және пән мұғалімдері инклюзивті білім беру үрдісіне ат салысуда [19]. Әр педагог өзі құрған жоспарға сай, жыл бойы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыстанады. Осы тұста аудандық түзету-дамыту кабинетімен тығыз қарым-қатынаста болып, біліктілік алмасып отырамыз. Мектепте әкімшілік қолда у көрсеткенімен, педагог кадрлар инклюзивті білім беру семинарлары мен білім жетілдіру курстарына зәру. Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті білім беру үрдісіне қатысушыларға педагогикалық- психологиялық қолда у көрсетілсе, жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізіліп, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы жүйеленер еді.
1.2Жоғары оқу орны жағдайында көру қабілеті бұзылған студенттердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары мен бейімделу әлеуетінің өзара байланысы (шетелдік тәжірибе). Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты инклюзивті білім беру принципіне незігделеді. Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттіліктерді түзету – педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда. Әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады [20]. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы республика азаматтарына міндетті болып табылатын тегін орта білім алуына кепілдік береді, бұл басқа жақтарын қоспағанда, оның қол жетімділігі мен сапасын да көздейді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңында білім мақсаты қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияткерлік, мәдени және дене дамуының әрі кәсіптік құзыреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді білім алу жағдайларын ескеретін оқыту үдерісіне кіріктірудің механизмдері анықталған болатын. XVIIғ. швейцариялық математик Я.Бернулли (1654-1705) математика ғылымында «интеграл» терминін енгізеді. Кейінгі үш жүзжылдықта интеграциялау термині біртіндеп ғылымның басқа салаларына да ене бастайды: алдымен философияға, кейінірек психологияға, әлеуметтануға, соңынан педагогикаға енеді. Педагогикада «әлеуметтік интеграция» термині ХХ ғ. қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Пайда болды және алдымен АҚШ-та тек нәсілдік, этникалық аз халықтар мәселесінде, кейінгі онжылдықтарда эмигранттардың балаларына қатысты қолданылды. ХХ ғ. 60-ж. Европа континентінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) қатысты қолданыла бастады [21]. XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді. Қазақстандағы инклюзивті білім беру. 1991 жылдың күзінен бастап Қазақстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Қазақстан Республикасы білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді [22]. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: - мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады; - түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ- тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. 2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады. 3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады. 4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек [24]. Тіркеу тек ата-анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады. Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды. Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі. Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды [25]. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика- педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда [26]. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада Инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 2025 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
|
|||
|